|
|
|
Қазақстан Республикасы Президентінің "Оралмандардың 2003 жылға арналған Қазақстан Республикасы Президентінің "Оралмандардың 2003 жылға арналған көшіп келу квотасы туралы" 2003 жылғы 10 ақпандағы № 1017 Жарлығын орындау үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қазақстан Республикасының Көші-қон және демография жөніндегі агенттігі, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері: 1) 2003 жылға арналған республикалық бюджетте осы мақсатқа көзделген қаражат шегінде көшіп келу квотасына енгізілген оралмандарды қабылдауды, жайластыруды және олардың қоныстандыру орындарында бейімделуі үшін жағдайды қамтамасыз етсін, сондай-ақ өзінің тарихи отанына мемлекеттің қаржылай қолдауынсыз қайтып келе алмайтын ұлты қазақ адамдардың ұйымдасқан түрде қоныс аударуын жүзеге асырсын; 2) бір апта мерзімде Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен аймақтардағы әлеуметтік-экономикалық жағдайды ескере отырып, оралмандарды орналастыру схемасын әзірлесін және Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізсін. 2. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Қазақстан Республикасының Көші-қон және демография жөніндегі агенттігімен бірлесіп: 1) дипломатиялық арналар арқылы тиісті мемлекеттердің үкіметтеріне оралмандардың шығуы мен транзиттік жүріп өтуі және шығатын мемлекеттердің шекаралары арқылы өтуі кезінде оларға жәрдем көрсету мәселелері жөнінде өтініш жасасын; 2) шет мемлекеттердің тиісті органдарымен өзінің тарихи отанына оралуға тілек білдірген отандастарымыздың азаматтық және мүліктік құқықтарын қорғауға байланысты мәселелерді пысықтасын. 3. Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті (келісім бойынша) қажет болған кезде, шет мемлекеттерден келетін оралмандарды шекаралық бақылауды жүзеге асыру үшін 2003 жылға арналған республикалық бюджетте оны ұстауға көзделген қаражат шегінде уақытша бақылау-өткізу пункттерін ұйымдастырсын. 4. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі 2003 жылға арналған республикалық бюджетте оны ұстауға көзделген қаражат шегінде Қазақстан Республикасының аумағынан жүріп өтетін жолда және қоныстандыру орындарында оралмандардың жеке басының және мүлкінің қауіпсіздігін қамтамасыз етсін. 5. Қазақстан Республикасының Көші-қон және демография жөніндегі агенттігі мүдделі орталық атқарушы органдармен бірлесіп, Қазақстан Республикасының Үкіметіне 2004 жылғы 1 ақпанға дейінгі мерзімде осы қаулының орындалуы туралы есепті табыс етсін. 6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |