|
|
|
Қазақстан Республикасы Yкіметінiң кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы (2014.26.05. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесiн одан әрi жетiлдiру шаралары туралы» 2002 жылғы 28 тамыздағы № 931 Жарлығына және «Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Кеңсесiнің мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 11 қыркүйектегi № 993 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қоса берiліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешімдерiне енгiзiлетiн өзгерістер бекітілсiн. 2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 21 наурыздағы № 287 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Yкіметінің кейбір шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерістер 1. «Құпияландыруға жататын мәлiметтердiң ведомстволық (салалық) тiзбелерiн әзiрлеудің тәртібі туралы ереженi бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2000 жылғы 14 наурыздағы № 389 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., № 15, 151-құжат): көрсетiлген қаулымен бекітілген Құпияландыруға жататын мәлiметтердің ведомстволық (салалық) тiзбелерiн әзiрлеу тәртібінде: 20, 26-тармақтардағы «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі агенттігіне» деген сөздер «мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегi уәкiлеттi мемлекеттік органға» деген сөздермен ауыстырылсын. 2. ҚР Үкіметінің 2007.18. 06. № 505 Қаулысымен күші жойылды (2007 жылғы 9 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларын құрайтын мәлiметтердi пайдаланумен, мемлекеттік құпияларды қорғау құралдарын жасаумен, сондай-ақ мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі iс-шараларды жүргiзумен және (немесе) қызметтер көрсетумен байланысты жұмыстар жүргiзуге рұқсат алу үшiн ұйымдарға арнайы сараптама жүргiзу және олардың басшыларын аттестаттаудан өткізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметінің 2001 жылғы 10 мамырдағы № 619 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., № 17, 221-құжат): көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларын құрайтын мәлiметтердi пайдаланумен, мемлекеттік құпияларды қорғау құралдарын жасаумен, сондай-ақ мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі іс-шараларды жүргiзумен және (немесе) қызметтер көрсетумен байланысты жұмыстар жүргiзуге рұқсат алу үшiн ұйымдарға арнайы сараптама жүргiзу және олардың басшыларын аттестаттаудан өткізу ережесінде: 4-тармақта: «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі агенттiгі» деген сөздер «мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган» деген сөздермен ауыстырылсын; «Агенттік» деген сөз «уәкiлеттi орган» деген сөздермен ауыстырылсын; 5-тармақтағы «Агенттік» деген сөз «уәкiлеттi органның» деген сөздермен ауыстырылсын. 4. ҚР Үкіметінің 2024.13.05. № 368 Қаулысымен күші жойылды (2024 ж. 26 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 5. «Бiрлескен және басқа да жұмыстарды орындауға байланысты мемлекеттік құпияларды құрайтын мәлiметтердi беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 31 мамырдағы № 743 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2001 ж., № 19, 250-құжат): көрсетiлген қаулымен бекітілген Бiрлескен және басқа да жұмыстарды орындауға байланысты мемлекеттік құпияларды құрайтын мәлiметтердi беру ережесінде: 9-тармақтағы «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі агенттігінің» деген сөздер «мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі уәкiлеттi мемлекеттік органның» деген сөздермен ауыстырылсын.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |