Табиғи монополия субъектiлерiнiң қызметтерiне (тауарларға, жұмыстарға)
орта мерзiмдi кезеңге арналған тарифтердi (бағаларды, алым ставкаларын)
бекіту және енгізу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы Қазақстан
Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау
жөніндегі агенттігі төрағасының 2003 ж. 3 ақпандағы № 30-ОД бұйрығы
(ҚР Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау ж/гі
агенттігінің 15.04.04 ж. № 190-НҚ бұйрығымен енгізілген өзгерістерімен)
ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2006.12.06. № 149-НҚ Бұйрығымен күші жойылды
"Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 9 шiлдедегi Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1998 жылғы 15 қарашадағы № 1713 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөніндегі агенттiгi туралы ереженiң 11-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса берiлiп отырған Табиғи монополия субъектiлерiнiң қызметтерiне (тауарларға, жұмыстарға) орта мерзiмдi кезеңге арналған тарифтердi (бағаларды, алым ставкаларын) бекіту және енгізу жөніндегi нұсқаулық бекітілсiн.
2. Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөніндегі агенттiгiнiң Энергетика секторын реттеу жөніндегі департаментi (С.П.Григорьева) осы бұйрықты заңда белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тiркеудi қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөніндегі агенттiгiнiң Әкiмшiлiк жұмысы департаментi (A.T.Шабдарбаев) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігінде мемлекеттік тiркелгеннен кейiн:
осы бұйрықты белгiленген тәртiппен ресми ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етсін;
осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөніндегі агенттiгiнiң құрылымдық бөлiмшелерi мен аумақтық органдарының назарына жеткiзсiн.
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ?
800 тг