Мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының санаттарына үлгілік біліктілік Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі Төрағасының 2004 ж. 23 қаңтардағы № 02-01-02/9 бұйрығына сәйкес осы бұйрықтың күші жойылды "Мемлекеттік қызмет туралы " Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі Заңының 5-бабы 1-тармағының 3-тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса тіркелген Мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының санаттарына үлгілік біліктілік талаптарын бекітсін. 2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі төрағасының 1999 жылғы 30 желтоқсандағы N А-242 "Мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының санаттарына үлгілік біліктілік талаптары туралы" бұйрық өз күшін жойды деп танылсын. 3. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуде алынған күннен бастап өз күшіне енеді. Төраға Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі төрағасының 2003 жылғы 17 наурыздағы № 02-01-02/27 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының санаттарына үлгілік біліктілік талаптары 1. Осы үлгілік біліктілік талаптары А, В, С, D, Е санаттарының топтарына жатқызылған мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына және осы санаттарға қатысты лауазымдарға орналасушы азаматтарға даярланған. 2. Мемлекеттік органдар мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының санаттарына осы үлгілік біліктілік талаптар (бұдан әрі - үлгілік біліктілік талаптар) негізінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігімен немесе оның аумақтық бөлімшелерімен келістірілетін штаттық кестемен алдын ала қарастырылған мемлекеттік әкімшілік лауазымдардың біліктілік талаптарын (бұдан әрі - біліктілік талаптар) әзірлеп және бекітеді. 3. Біліктілік талаптарының функционалды ерекшеліктерін ескере отырып, үлгілік біліктілік талаптарын нақтылайды. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|