|
|
|
Мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы (2011.05.07. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР 2011 жылғы 26 шілдедегі № 463-IV Заңымен күші жойылды
Осы Заң мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн (бұдан әрi - мұнай өнiмдерi): бензиндi (авиациялық бензиндi қоспағанда), дизель отыны мен мазутты өндiру және олардың айналымы процесiнде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейдi.
2004.20.12. № 13-III (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) ҚР Заңымен 1-бап өзгертілді (бұр. ред. қара); 2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 1) автомобильдерге жанармай құю станциясы - мұнай өнімдерін сақтауды және бөлшек саудамен өткізуді қамтамасыз ететін жабдықпен жарақтандырылған технологиялық кешен; 2) біртұтас деректер базасы - мұнай өнімдерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеуді өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың ақпараты негізінде қалыптастырылатын мұнай өнімдерін өндіру және олардың айналымы жөніндегі электрондық деректер базасы; 3) компаундирлеу - белгіленген сападағы мұнай өнімін алу мақсатында екі немесе бірнеше компонентті араластыру; 4) кондициялық емес мұнай өнімі - Қазақстан Республикасының техникалық реттеу туралы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес келмейтін мұнай өнімі; 5) мұнай беруші - өз шикі мұнайын және (немесе) газ конденсатын өңдеуге беретін мұнай және (немесе) газ өндіру ұйымы және (немесе) басқа да заңды тұлғалар; 6) мұнай өнімдері базасы - мұнай өнімдерін сақтауға және өткізуге арналған тауар қоймасы; 7) мұнай өнімдерін бөлшек саудамен өткізу - мұнай өнімдерін жеке және заңды тұлғаларға одан әрі қайта сату мақсатынсыз өткізу (жөнелту); 8) мұнай өнімдерін көтерме саудамен өткізу - мұнай өндірушілердің, берушілердің, сондай-ақ мұнай өнімдері базаларынан өткізуді жүзеге асыратын тұлғалардың мұнай өнімдерін одан әрі қайта сату мақсатында өткізуі (жөнелтуі); 9) мұнай өнімдерін өндіру - Қазақстан Республикасының техникалық реттеу туралы заңнамасына сәйкес мұнай өнімдерін алуды қамтамасыз ететін шикі мұнай және (немесе) газ конденсатын өңдеу жөніндегі, сондай-ақ компаундирлеу жөніндегі жұмыстар (операциялар) кешені; 10) мұнай өнімдерін өндірудің ең төменгі көлемі - мұнай және (немесе) газ өндіру ұйымдары мен басқа да шикізат көздерінің шикі мұнайды және (немесе) газ конденсатын берудің уәкілетті орган бекіткен көлеміне сәйкес мұнай өнімдерін өндіруші күнтізбелік жыл ішінде ай сайын одан кемітпей өндіруге міндетті мұнай өнімдерінің көлемі; 11) мұнай өнімдерін өндіруші - мұнай өнімдерін өндіруге лицензиясы бар және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес оларды өткізуді жүзеге асыратын мұнай және (немесе) газ өңдеу ұйымы; 12) мұнай өнімдерінің айналымы - мұнай өнімдерін сатып алу, сақтау, өткізу, тасымалдау, экспорттау және импорттау; 13) өндіріс паспорты - мұнай өнімдерін өндірушінің өндірістік қуаттарының көрсеткіштерін, оның негізгі сипаттамаларын көрсететін, өндірістің технологиялық процесінің сақталуы үшін қолда бар жабдықтың пайдаланылуын регламенттейтін белгіленген нысандағы құжат; 14) уәкілетті орган - Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін, осы Заңмен белгіленген құзыреті шегінде мұнай өнімдерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган; 15) ілеспе жүкқұжат - жөнелтушіден алушыға дейінгі бүкіл жүру жолында мұнай өнімдерінің қозғалысын бақылауға арналған, мұнай өнімдерін босату және қабылдау жөніндегі операцияларды ресімдеуге қажетті бірегейлендірілген құжат. 2-бап. Қазақстан Республикасының мұнай өнiмдерiн өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы заңдары 1. Қазақстан Республикасының мұнай өнiмдерiн өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актілерінен тұрады. 2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңда көзделгеннен өзгеше ережелер белгiленсе, халықаралық шарттың ережелерi қолданылады. 3-бап. Мұнай өнiмдерiн өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттік реттеу 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1. Мұнай өнiмдерiн өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттік реттеудi Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасының Үкіметі мен уәкiлеттi орган жүзеге асырады. Өзге мемлекеттік органдар мұнай өнiмдерiн өндiрудiң және (немесе) олардың айналымының жекелеген мәселелерiн осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заң актілерінде белгiленген өз құзыретi шегiнде реттеуге құқылы. 2. Мұнай өнiмдерiн өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттік реттеу: 1) мұнай өнiмдерiн өндiру жөніндегі қызметтi лицензиялауды; 2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды 1-1) мұнай өнімдерін өндіру және олардың айналымы саласындағы техникалық реттеуді; 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 2) шикi мұнай және (немесе) газ конденсаты көлемiнiң мұнай өнiмдерiн өндiрудiң уәкiлеттi орган бекiткен ең төменгi көлемiн белгiлеудi; 3) мұнай өнiмдерiнiң айналымын бақылауды Қазақстан Республикасы Үкіметінiң, ол белгiлейтiн уәкiлеттi және өзге де мемлекеттік органдардың құзыретiне сәйкес, сондай-ақ мұнай өнiмдерiн өндiрудiң және олардың айналымының бiртұтас деректер базасы арқылы мониторинг, iлеспе жүкқұжатты енгізу және декларациялау тәртібін белгiлеу арқылы жүзеге асыруды; 2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 4) мұнай өнiмдерiнiң қауіпсіздігі мен сапасын бақылауды қамтиды. 4-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң құзыретi Қазақстан Республикасының Үкіметі: 1) мұнай өнiмдерiн өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттік реттеу саласындағы мемлекеттік саясаттың негiзгi бағыттарын әзiрлейдi; 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 2) тармақша өзгерді (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 2) мұнай өнiмдерiн өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттік реттеу саласында нормативтiк құқықтық актiлердi бекiтедi; 3) Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес мұнай өнiмдерiн Қазақстан Республикасына әкелуге және Қазақстан Республикасынан әкетуге шектеу қою мен тыйым салуды белгiлейдi; 4) мұнай өнiмдерiн өндiрудi лицензиялауды жүзеге асыратын мемлекеттік органды белгiлейдi; 5) Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес шикi мұнайды және (немесе) газ конденсатын Қазақстан Республикасының iшкi рыногына берудi реттеудi жүзеге асырады; 6) мұнай өнiмдерiн өндiрудi лицензиялау кезiнде қойылатын біліктiлiк талаптарын бекiтедi; 7) мониторингтi жүзеге асыру үшiн қажеттi мәлiметтердi беру нысанын, тәртібі мен мерзiмдерiн белгiлейдi; 8) 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 9) тармақшамен толықтырылды 9) мұнай өнімдерін өндіру және олардың айналымы саласындағы техникалық регламенттерді бекітеді; 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 10), 11) және 12) тармақшалармен толықтырылды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) 10) ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу, оларға тапсырыс беру, алу, беру, есепке алу, сақтау және табыс ету қағидаларын бекітеді; 11) декларацияларды табыс ету нысанын, тәртібі мен мерзімдерін айқындайды; 12) өзіне Қазақстан Республикасының Конституциясымен, заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жүктелген өзге де функцияларды орындайды.
5-бап. Уәкiлеттi органның құзыретi Уәкiлеттi орган: 1) мұнай өнiмдерiн өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттік реттеу саласында өз құзыретi шегiнде нормативтiк құқықтық актiлер шығарады; 2) мұнай өнiмдерiн өндiрушiлер, мұнай берушiлер мен мұнай өнiмдерi базаларынан өткізудi жүзеге асыратын тұлғалар қызметiнiң мониторингiн жүзеге асырады; 3) мұнай өнiмдерiн өндiрудiң және олардың айналымының балансын жасай отырып, бiртұтас деректер базасын жүргiзудi жүзеге асырады; 4) өзге де мемлекеттік органдардың мұнай өнiмдерiн өндiрудiң және (немесе) олардың айналымының көлемi туралы мәлiметтердi және өзге де қажеттi ақпаратты бiртұтас деректер базасына беру нысанын, тәртібі мен мерзiмдерiн айқындайды; 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 5) ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу, оларға тапсырыс беру, алу, беру, есепке алу, сақтау және табыс ету қағидаларын әзірлейді; 6) 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен алып тасталды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 7)-12) тармақшалармен толықтырылды (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) 7) мұнай өнiмдерi өндiрiсiнiң ең төменгi көлемiн белгiлейдi және мұнай және (немесе) газ өндiру ұйымдарының шикi мұнай және (немесе) газ конденсаты және басқа да шикiзат көздерi жеткiзiлiмдерiнiң көлемдерiн бекiтедi; 8) мұнай өнiмдерiн өндiрушiлердiң мұнай өнiмдерi өндiрiсiнiң ең төменгi көлемiн қамтамасыз ету жөніндегі қызметiн үйлестiрудi жүзеге асырады; 9) өндiрiс паспорты нысанын және оны толтыру тәртібін айқындайды; 10) қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік органмен келісім бойынша өндiрiс паспортын бекiтедi; 11) өндiрiс паспортында көрсетiлген мұнай және (немесе) газ өндiру ұйымдарындағы жөндеу және қалпына келтiру жұмыстарының жүргiзiлу мерзiмдерiн келiсудi және олардың сақталуын бақылауды жүзеге асырады; 12) мүдделi мемлекеттік органдармен келiсе отырып, мұнай өнiмдерiнiң экспорты мен импорты квоталарының экономикалық негіздемесiн әзiрлейдi. 2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 13) тармақшамен толықтырылды 13) мұнай өнімдерін өндіру және олардың айналымы саласында адам өмірі мен денсаулығына және қоршаған ортаға зиян келтіру тәуекеліне талдау мен бағалауды жүргізеді; 2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 14) тармақшамен толықтырылды 14) мұнай өнімдерін өндіру және олардың айналымы саласындағы техникалық регламенттерді әзірлейді; 2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 15) тармақшамен толықтырылды 15) мұнай өнімдерін өндіру және олардың айналымы саласындағы техникалық регламенттерде белгіленген талаптардың орындалуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады; 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 16) тармақшамен толықтырылды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 16) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
2004.20.12. № 13-III (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2006.07.07. № 174-III (бұр.ред.қара); 2006.29.12. № 209-III (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 6-бап өзгертілді; 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 6-бап жаңа редакцияда (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 6-бап. Мұнай өнiмдерiн өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттік реттеудi жүзеге асыратын өзге де мемлекеттік органдардың құзыретi 1. Техникалық реттеу және метрология жөніндегі уәкiлеттi орган: 1) өз құзыретi шегiнде Қазақстан Республикасының техникалық реттеу туралы заңнамасында белгiленген талаптарға мұнай өнiмдерiнiң сәйкестiгiн бақылауды жүзеге асырады; 2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мұнай өнiмдерiн өндiру және олардың айналымы саласындағы техникалық реттеу және метрология жөніндегі жұмыстарды басқаруды жүзеге асырады; 3) уәкiлеттi органмен келiсе отырып, уәкiлеттi органға мұнай өнiмдерiн өндiру және өткізу көлемдерi туралы ақпаратты автоматты түрде берудi қамтамасыз ететiн бақылаушы есептеу аспаптарын қолданудың тәртібі мен талаптарын белгiлейдi; 4) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады. 2. Сауда қызметiн реттеу саласындағы уәкiлеттi орган мүдделi мемлекеттік органдармен келiсе отырып, кедендiк, қорғау, демпингке қарсы және өтем баждары ставкаларының экономикалық негiздемесiн әзiрлейдi, сондай-ақ осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады. 3. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган мұнай өнiмдерiн өндiру және олардың айналымы кезiнде Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы заңнамасының сақталуын бақылауды жүзеге асырады, сондай-ақ осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады. 4. Көлiк саласындағы мемлекеттік саясатты iске асыруды, Қазақстан Республикасының көлiк кешенi қызметiн үйлестiрудi және реттеудi жүзеге асыратын орталық атқарушы орган мұнай өнiмдерiн тасымалдау кезiнде тасымалдаушылардың технологиялық талаптарды қамтамасыз етуiн бақылауды жүзеге асырады, сондай-ақ осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады. 5. Осы бапта көрсетілген мемлекеттік органдар, сондай-ақ кеден iсi жөніндегі уәкiлеттi орган уәкiлеттi органға мұнай өнiмдерiн өндiрудiң және (немесе) олардың айналымының көлемi туралы мәлiметтердi және өзге де қажеттi ақпаратты бiртұтас деректер базасына бередi.
7-бап. Уәкiлеттi органның мұнай өнiмдерiн өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттік реттеудi жүзеге асыратын өзге де мемлекеттік органдармен өзара iс-қимылы 1. Уәкiлеттi орган мұнай өнiмдерiн өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттік реттеудi жүзеге асыратын өзге де мемлекеттік органдармен өзара iс-қимыл жасайды, бақылауды жүзеге асыру жөнiнде бiрлескен шаралар қолданады, өзара ақпарат алмасуды қамтамасыз етедi. 2. Осы Заңды бұзу фактілері анықталған жағдайда уәкiлеттi орган тиiстi мемлекеттік органдардың анықталған бұзушылықтарды жою жөнiнде шаралар қолдануы үшiн оларды бұл туралы жазбаша хабардар етедi. 8-бап. Мұнай өнiмдерiн өндiру жөніндегі қызметтi лицензиялау 1. Мұнай өнiмдерiн өндiру жөніндегі қызмет Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңдарына сәйкес лицензиялауға жатады. 2. Мұнай өнiмдерiн өндiруге лицензияның қолданылуын Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңдарына сәйкес алты айға дейiнгi мерзiмге тоқтата тұру: 1) осы Заңның 9-бабында көзделген мұнай өнiмдерiн өндiру жағдайлары бұзылған; 2) осы Заңның 10-бабының 1-тармағында көзделген мiндеттер орындалмаған жағдайларда мүмкiн.
2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 8-1-баппен толықтырылды 8-1-бап. Мұнай өнімдерін өндіру және олардың айналымы саласындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ететін талаптар 1. Мұнай өнімдерін өндіру және олардың айналымы осы Заңның және техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес адам өмірі мен денсаулығы және қоршаған орта үшін қауіпсіздікті қамтамасыз етуге тиіс. 2. Мұнай өнімдерін өндіру және олардың айналымы саласындағы техникалық реттеу объектілері: бензин, дизель отыны, мазут және шикі мұнайды және (немесе) газ конденсатын өңдеу процестері, мұнай өнімдерін компаундирлеу, сондай-ақ мұнай өнімдерінің айналымы болып табылады. 3. Мұнай өнімдерін өндіру және олардың айналымы кезінде пайдаланылатын жабдықтар мен техникалық құралдар техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес келуге тиіс. 4. Өндірістік аймақтар мен үй-жайлардың ауа ортасында мұнай буларының шоғырлануы техникалық регламенттерде белгіленген шекті жол берілетін нормалардан аспауға тиіс. 5. Мұнай өнімдерін өңдеу, тасымалдау және тарату жөніндегі объектілерді жобалау және салу кезінде Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі, қоршаған ортаны қорғау, өрт қауіпсіздігі туралы заңнамасының талаптары сақталуға және төтенше жағдайлардың туындау тәуекелдері ескерілуге тиіс.
9-бап. Мұнай өнiмдерiн өндiру жағдайлары 2010.15.11. № 352-ІV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 1. Мұнай өнiмдерiн өндiру: 1) лицензияда көрсетiлген орналасқан жері бойынша; 2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 2) тиісті техникалық регламенттерге және өлшем бірлігін қамтамасыз етуге сай келетiн жабдықта; 3) өндiрiс паспорты болған жағдайда; 4) уәкiлеттi органға мұнай өнiмдерiн өндiру және өткізу көлемi туралы ақпаратты автоматты түрде берудi қамтамасыз ететiн бақылаушы есептеу аспаптары болған жағдайда жүзеге асырылады. 2010.15.11. № 352-ІV ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 2. Тиісті лицензиясы бар мұнай өнімдерін өндірушілер мен биоотын өндірушілерге ғана компаундирлеуге, мұнай өнімдеріне телімдерді, қоспалар мен компоненттерді енгізуге жол беріледі. 2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 3) дизель отыны, мазут техникалық регламенттерге сәйкес келген жағдайда, оларға тұнбалар мен қоспалар енгізуге жол беріледі. 2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылды 2-1 Мұнай өңдейтін зауыттар өндіретін мұнай өнімдері осы Заңда және техникалық регламенттерде белгіленген нормаларға сәйкес келуге тиіс. 3. Екi және одан көп өндiрушiлердiң мұнай өнiмдерiн бiр ғана жабдықпен өндiруiне тыйым салынады. 10-бап. Мұнай өнiмдерiн өндiрушiлердiң мiндеттерi 1. Мұнай өнiмдерiн өндiрушiлер: 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2010.15.11. № 352-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1) тармақша өзгертілді 1) уәкiлеттi органның мұнай өнiмдерiн өндiрудiң ең төменгi көлемiн қамтамасыз ету жөніндегі және (немесе) мұнай өнімдерін өндірудің ай сайынғы көлемін қамтамасыз ету жөніндегі талаптарын орындауға; 2010.15.11. № 352-ІV ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 2) өзiнiң өндiрiстiк қуаттары өндiрiс паспортына сәйкес бір ай iшiнде толық жүктелмеген жағдайда олардың шегiнде шикi мұнайды және (немесе) газ конденсатын өңдеуге қабылдауға; 2010.06.10. № 343-ІV ҚР Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды 2-1) мұнай берушіде иеленетін (қабылданатын) мұнайдың шығарылуының заңдылығын растайтын құжаттар болған кезде ғана оны өңдеу үшін иеленуге (қабылдауға); 2004.20.12. № 13-III (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2006.29.12. № 209-III (бұр.ред.қара); 2010.15.11. № 352-ІV (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 3) тармақша өзгертілді 3) өндiрiстiк процесс қауiпсiздiгiне төнген қатердiң дереу алдын алу қажет болған жағдайларды қоспағанда, жөндеу және қалпына келтiру жұмыстарын жүргізудің жылдық кестесiн ағымдағы жылғы 1 қарашадан кешіктірмей уәкілетті органға бекітуге ұсынуға; 2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 4) тармақшамен толықтырылды; 2010.15.11. № 352-ІV ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 4) техникалық регламенттерде белгіленген қауіпсіздік талаптарын сақтауға; 2010.15.11. № 352-ІV ҚР Заңымен 5) тармақшамен толықтырылды 5) уәкілетті органға өндірілетін өнімнің көлемдері туралы, оның ішінде сатылатын мұнай өнімдерінің көтерме және бөлшек сауда бағалары туралы ақпарат ұсынуға; 2010.15.11. № 352-ІV ҚР Заңымен 6) тармақшамен толықтырылды 6) уәкілетті органға мұнайды қайта өңдеу және мұнай өнімдерін өндіру жөнінде ай сайын есеп табыс етуге; 2010.15.11. № 352-ІV ҚР Заңымен 7) тармақшамен толықтырылды 7) уәкілетті органмен мұнай өнімдерін өндіру кезінде пайдаланылатын реагенттер (телімдер мен қоспалар) шығыстарының нормаларын жыл сайын келісуге; 2010.15.11. № 352-ІV ҚР Заңымен 8) тармақшамен толықтырылды 8) уәкілетті органға мұнай және мұнай өнімдерінің ысырап нормаларын жыл сайын бекітуге табыс етуге міндетті. 2. Мұнай өнiмдерiн өндiрушiлердiң шикi мұнайды және (немесе) газ конденсатын өткізудi жүзеге асыруына тыйым салынады. 3. Мұнай өнiмдерiн өндiрушiлердiң этилдендiрiлген бензин өндiрудi жүзеге асыруына тыйым салынады. 2010.15.11. № 352-ІV ҚР Заңымен 4-тармақпен толықтырылды 4. Мұнай өнімдерін өндірушілерге уәкілетті органмен келіспей мұнай өнімдерінің жаңа түрлерін немесе олардың қоспаларын дайындауға тыйым салынады.
11-бап. Мұнай өнiмдерiн өндiрудi және олардың айналымын декларациялау мен олардың мониторингi 1. Мұнай өнiмдерiн өндiрудi және (немесе) өткізудi жүзеге асыратын тұлғалар уәкiлеттi органға өнiм қалдығы мен (немесе) мұнай өнiмдерi айналымының көлемi туралы декларациялар табыс етуге мiндеттi. 2. Мұнай өнiмдерiн өндiрушiлер, мұнай берушiлер мен мұнай өнiмдерi базаларынан өткізудi жүзеге асыратын тұлғалар уәкiлеттi органға мониторингтi жүзеге асыру үшiн мәлiметтер табыс етуге мiндеттi. 12-бап. Мұнай өнiмдерiн өткізу жағдайлары 1. Қазақстан Республикасының аумағында этилдендiрiлген бензиннiң айналымына, сондай-ақ кондициялық емес мұнай өнiмдерiн өткізуге және оларды әрi қарай өңдемей сақтауға тыйым салынады. 2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 2. Мұнай өнiмдерiн өндiрушiлердiң, мұнай берушiлердiң, сондай-ақ автомобильдерге жанармай құю станцияларынан және мұнай өнiмдерi базаларынан өткізудi жүзеге асыратын тұлғалардың мұнай өнiмдерiн өткізуiне жол берiледi. Мұнай берушiлердiң мұнай өнiмдерiн өндiрушiлердiң есептеу аспаптары арқылы, сондай-ақ көрсетiлетiн қызметтерi сертификатталған автомобильдерге жанармай құю станцияларынан және мұнай өнiмдерi базаларынан мұнай өнiмдерiн өткізуiне жол берiледi. 12-баптың 3-тармағының бiрiншi бөлiгi 01.01.04 ж. бастап қолданысқа енгiзiлді 3. Мұнай өнiмдерiн автомобильдерге жанармай құю станцияларынан және мұнай өнiмдерi базаларынан өткізуге компьютерлiк есептеу жүйесi болған жағдайда уәкiлеттi органға мұнай өнiмдерiн сатып алу және өткізу көлемi туралы ақпаратты бере отырып жол берiледi. Халқының саны он мың адамға дейiнгi елдi мекендерде, ауылдық жерде (ауыл (село), сондай-ақ дала жұмыстарында ауыл шаруашылық техникасы шоғырланған орындардағы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерде орналасқан автомобильдерге жанармай құю станцияларынан мұнай өнiмдерiн өткізуге мұнай өнiмдерiн сатып алу және өткізу көлемiнiң оңайлатылған есептеу жүйесi болған жағдайда жол берiледi. 4. Автомобильдерге контейнерлiк үлгідегі жанармай құю станцияларынан мұнай өнiмдерiн өткізуге халқының саны он мың адамға дейiнгi елдi мекендерде, сондай-ақ ауылдық жерде (ауыл (село) жол берiледi. Автомобильдерге жылжымалы үлгiдегi жанармай құю станцияларынан мұнай өнiмдерiн өткізуге тек дала жұмыстарында ауыл шаруашылық техникасы шоғырланған орындардағы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерде ғана жол берiледi. 5. Мұнай өнiмдерiн өндiрушiлер мен мұнай өнiмдерi базаларынан өткізудi жүзеге асыратын тұлғалар жыл сайын 1 наурыз - 31 мамыр және 1 тамыз - 31 қазан аралығындағы кезеңде ауыл шаруашылық тауар өндiрушiлерiне мұнай өнiмдерiн өткізу шарттарын жасасуға басымдық беруге мiндеттi. 13-бап. Мұнай өнiмдерiнiң экспорты мен импортын реттеу Мұнай өнiмдерiнiң экспорты мен импортын реттеу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес, оның iшiнде акциздердiң, кедендiк, қорғау, демпингке қарсы және өтеу баждарының ставкаларын, мұнай өнiмдерiнiң импорты мен экспортына квоталарды бекіту (өзгерту) арқылы жүзеге асырылады. 14-бап. Мұнай өнiмдерiн тасымалдау жағдайлары 1. Мұнай өнiмдерiнiң, қауiптi жүктердi тасымалдауға қойылатын талаптарға және техникалық пайдалану ережелерiне сәйкес, арнайы жабдықталған және тасымалдауға рұқсат етiлген көлiк арқылы тасымалдануына жол берiледi. 2. Мұнай өнiмдерiн өндiрушiлер, мұнай берушiлер мен мұнай өнiмдерi базаларынан өткізудi жүзеге асыратын тұлғалар мұнай өнiмдерiн көтерме және бөлшек саудамен өткiзген кезде, мұнай өнiмдерiн тасымалдау жөніндегі операцияларды жүзеге асыру кезiнде мiндеттi түрде iлеспе жүкқұжаттар ресiмделедi. 3. Мұнай өнiмдерiн тасымалдауға байланысты құжаттар қауiптi жүктерді тасымалдау үшiн көліктің әрбір түрiне белгiленген талаптарға сәйкес келуге тиiс.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |