|
|
|
2003 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын "Бюджет жүйесi туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуірдегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етеді: 1. 635, 636, 637, 638, 639-қосымшаларға сәйкес Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет iстерi жөніндегі агенттiгiнiң; 2003 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламаларының паспорттары бекітілсiн. 2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының
Үкіметінiң 2002 жылғы 29 желтоқсандағы № 1429 қаулысына 635 қосымша Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет iстерi жөніндегі агенттігі бюджеттік бағдарлама әкiмшiсi 2003 жылға арналған "Әкiмшiлiк шығындар" 001 республикалық бюджет бағдарламасының ПАСПОРТЫ 1. Құны: 82 392 мың теңге (сексен екi миллион үш жүз тоқсан екi мың теңге). 2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк-құқықтық негiзi: "Мемлекеттік қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шiлдедегi Заңының 1-30 бабы, Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет iстерi жөніндегі агенттiгiнiң мәселелерi" 1999 жылғы 3 желтоқсандағы № 280 Жарлығы, Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджет есебiнен қамтамасыз ететiн органдары қызметкерлерiне еңбекақы төлеудің бiрыңғай жүйесi туралы" 2001 жылғы 25 наурыздағы № 575 Жарлығы, Қазақстан Республикасы Үкіметінiң "Штаттық сан лимиттерiн бекіту туралы" 2002 жылғы 11 қаңтардағы № 39 қаулысы. 3. Бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаржысы. 4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет iстерi жөніндегі агенттiгi орталық аппаратына және аумақтық бөлiмшелерге жүктелген функциялардың барынша тиiмдi орындалуы үшiн олардың қызметтерiн қамтамасыз ету. 5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет iстерi жөніндегі агенттiгi орталық аппаратын және аумақтық бөлiмшелерiн қамтамасыз ету. 6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі шаралар жоспары:
7- Бюджеттік бағдарламаның орындалуынан күтiлетiн нәтижелер: Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет iстерi жөніндегі агенттiгiне жүктелген функциялардың сапалы және уақытылы орындалуы. Үкіметінiң 2002 жылғы 29 желтоқсандағы № 1429 қаулысына 636 қосымша Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет iстерi жөніндегі агенттігі бюджеттік бағдарлама әкiмшiсi 2003 жылға арналған "Кадрлар біліктiлiгiн арттыру және қайта даярлау" 010 республикалық бюджет бағдарламасының ПАСПОРТЫ 1. Құны: 41 395 мың теңге (қырық бiр миллион үш жүз тоқсан бес мың теңге). 2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк-құқықтық негiзi: "Мемлекеттік қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шiлдедегi Заңының 3 , 5-бабы, Қазақстан Республикасы Президентінің "Мемлекеттік қызметшiлердi даярлауды, қайта даярлауды және біліктiлiгiн арттыруды жетiлдiру жөніндегі одан арғы шаралар туралы" 1998 жылғы 18 қыркүйектегi № 4075 Жарлығы, Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет iстерi жөніндегі агенттiгiнiң мәселелерi" 1999 жылғы 3 желтоқсандағы № 280 Жарлығы, Қазақстан Республикасы Президентінің "Мемлекеттік қызметте болу тәртібі туралы ереженi бекіту туралы" 2002 жылғы 10 наурыздағы № 357 Жарлығы, Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының Президентi жанындағы Мемлекеттік қызмет Академиясының мәселелерi" 1998 жылғы 12 қарашадағы № 4142 нұсқауы, "Мемлекеттік қызметшiлердi даярлаудың, қайта даярлаудың және біліктiлiгiн арттырудың жекелеген мәселелерi" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1998 жылғы 11 қарашадағы № 1156 қаулысы, "Мемлекеттік қызметшiлердi оқыту тұжырымдамасы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 13 қарашадағы № 1706 қаулысы. 3. Бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаржысы. 4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасын жоғары біліктi мемлекеттік қызметшiлер кадрларымен қамтамасыз ету, мемлекеттік қызмет кадрларының кәсiби деңгейiн арттыру және мемлекеттік қызметшілерді оқыту саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамыту, сондай-ақ тұрақты негiзде аумақтық органдардың аппараттарын қоса Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет iстерi жөніндегі агенттiгi қызметкерлерiнiң кәсiби деңгейi мен білiктілiгiн арттыру. 5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: мемлекеттік қызметшiлердi қазiргi заманның талаптарына сәйкес даярлау және білiктілігiн арттыру, мемлекеттік қызмет пен кадр саясаты, мемлекеттік және жергiлiктi басқару саласында ғылыми зерттеулер жүргiзу республика оқу орындарының және аймақтық орталықтардың мемлекеттік қызмет үшiн мамандар даярлауды, қайта даярлауды және мемлекеттік қызметшiлердiң біліктiлiгiн арттыруды жүзеге асыратын салаларындағы iс қызметтерiн үйлестiру және әдiстемелiк басшылықты қамтамасыз ету. 6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі шаралар жоспары:
7. Бюджеттік бағдарламаның орындалуынан күтiлетiн нәтижелер: мемлекеттік органдар мемлекеттік қызмет қызметшiлерiнiң біліктiлiгiн арттыру, оқыту және біліктiлiк арттыру жүйесiн жетiлдiру нәтижесiнде мемлекеттік аппарат жұмысының тиiмдiлiгi, мемлекеттік қызметшiлердiң біліктiлiгi артады. Шаралар мемлекеттік органдардың нақтылы қажеттiлiгiне және лауазымдардың әртүрлi санаттарының біліктiлiк талаптарына сәйкес оқытуды жаңа сапалық деңгейге көтеруге мүмкiндiк бередi. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет iстерi жөніндегі агенттiктiң қызметкерлерiнiң, аумақтық қызметкерлерiн қоса біліктiлiгiн жоғарылату жоспарын орындап, тиiстi сертификаттарын беру. Үкіметінiң 2002 жылғы 29 желтоқсандағы № 1429 қаулысына 637 қосымша Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет iстерi жөніндегі агенттігі бюджеттік бағдарлама әкiмшiсi 2003 жылға арналған "Республиканың мемлекеттік қызмет кадрлаpын ақпараттандыру және тестiлеу жүйесінің жұмыс iстеуi" 031 республикалық бюджет бағдарламасының ПАСПОРТЫ 1. Құны: 14 648 мың теңге (он төрт миллион алты жүз қырық сегiз мың теңге). 2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк-құқықтық негiзi: "Мемлекеттік қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шiлдедегi Заңының 1-30 бабы, Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет iстері жөніндегі агенттігі Ақпараттар және тестiлеу орталығының мемлекеттік мекемелер мәселесi" 2000 жылғы 12 қаңтардағы № 50 қаулысы. 3. Бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаржысы. 4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметтік қызметшілерінің автоматтандырылған ақпараттық деректер базасын құру. 5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: мемлекеттік қызмет кадрларын басқарудың республикалық ақпараттық жүйесiн құру, мемлекеттік қызмет iстерi жөніндегі мемлекеттік органдардың және орталық органдар кадр қызметтерінің жүйесiн техникалық жарақтандыру мемлекеттік қызметшiлер жөніндегі деректер базасын ақпараттық және бағдарламалық қамтамасыз ету және ақпараттық толықтыру мен өңдеу. Агенттiктiң Веб-сайтындағы бос мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымдарға тең қатысу үшін азаматтардың мемлекеттік қызметке орналасу шаралары жайында ақпараттауды қамтамасыз ету. 6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі шаралар жоспары:
7. Бюджеттік бағдарламаның орындалуынан күтiлетiн нәтижелер: Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет iстерi жөніндегі агенттiгiнiң іс-қызметін ақпараттық және техникалық қолдау. Үкіметінiң 2002 жылғы 29 желтоқсандағы № 1429 қаулысына 638 қосымша Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет iстерi жөніндегі агенттігі бюджеттік бағдарлама әкiмшiсi 2003 жылға арналған "Кадрларды басқарудың ақпараттық мемлекеттік жүйесiн жүргiзу" 500 республикалық бюджет бағдарламасының ПАСПОРТЫ 1. Құны: 10 500 мың теңге (он миллион бес жүз мың теңге). 2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк-құқықтық негiзi: Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстанның 2030 жылға дейiнгi даму стратегиясының iске асырылуы және одан әргi шаралары туралы" 2001 жылғы 4 желтоқсандағы № 735 Жарлығы. 3. Бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаржысы. 4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: мемлекеттік қызмет кадрларының, кадрлар резервiнiң, кадрларды даярлау және қайта даярлау мемлекеттік бағдарламасының мониторингi, мемлекеттік қызметке конкурстық қабылдау. 5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: мемлекеттік қызмет персоналы жөніндегі базаны тұрақты жаңартып отыру, пайдаланушыларды оқыту. 6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі шаралар жоспары:
7. Бюджеттік бағдарламаның орындалуынан күтiлетiн нәтижелер: Барлық мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызмет персоналы деректер базасына қол жеткiзуiн қамтамасыз ету, бар кадрларды оңтайландырып пайдалануға, кадрлар резервiне жұмыс ұйымдастырып, әрi кадрлар қозғалысына мақсаткерлiк мүмкiндiгiн бередi. Үкіметінiң 2002 жылғы 29 желтоқсандағы № 1429 қаулысына 639 қосымша Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет iстерi жөніндегі агенттігі бюджеттік бағдарлама әкiмшiсi 2003 жылға арналған "Кадрларды басқарудың ақпараттық мемлекеттік жүйесiн дамыту" 600 республикалық бюджет бағдарламасының ПАСПОРТЫ 1. Құны: 3 500 мың теңге (үш миллион бес жүз мың теңге). 2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк-құқықтық негiзi: Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстанның 2030 жылға дейiнгi даму стратегиясының iске асырылуы және одан әргi шаралары туралы" 2001 жылғы 4 желтоқсандағы № 735 Жарлығы. 3. Бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаржысы. 4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: кадрлардың есебiн жүргiзу мен мониторингiнiң қолданылып жүрген қағазбен тасуға негiзделген жүйесiн кадрлар мониторингiн автоматтандырылған жүйемен алмастыру. 5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: мемлекеттік қызмет персоналы, соның iшiнде кадрлар резервi жөніндегі республикалық деректер базасын жасау, бiрыңғай нормативтiк-анықтамалық жүйе құру, кадрлар жағдайының мониторингi. 6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі шаралар жоспары:
7. Бюджеттік бағдарламаның орындалуынан күтiлетiн нәтижелер: Барлық мемлекеттік қызметшiлер кадрлары туралы ақпараттарды жедел және тиiмдi пайдалану, кадрлар резервiмен жұмыс ұйымдастырып, кадрлар қозғалысына мақсаткерлiк тұрпат беру, кадрлар жай-күйiнiң мониторингi, мемлекеттік қызметшiлер бойынша республикалық деректер базасының дамуы және жұмыс iстеуi.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |