|
|
|
2003 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың "Бюджет жүйесi туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуірдегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етеді: 1. 192, 193, 194, 195, 196, 197, 198, 199, 200, 201, 202, 203, 204, 205, 206, 207, 208, 209, 210, 211, 212, 213, 214, 215, 216, 217, 218, 219-қосымшаларға сәйкес Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігінiң 2003 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламаларының паспорттары бекітілсiн. 2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының
Үкіметінің 2002 жылғы 29 желтоқсандағы № 1429 қаулысына 192-қосымша ҚР Үкіметінің 01.07.03 ж. № 150г қаулысымен 192-қосымша өзгертілді Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі _______________________________ Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі "Әкімшілік шығындар" 001 республикалық бюджеттік бағдарламаның 2003 жылға арналған Паспорты 1. Құны: 568793 мың теңге (бес жүз алпыс сегiз миллион жетi жүз тоқсан үш мың теңге). 2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік-құқықтық негізі: "Мемлекеттік қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі Заңының 1-30-баптары; "Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджет есебiнен ұсталатын қызметкерлерiне еңбекақы төлеудің бірыңғай жүйесi туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 25 наурыздағы № 575 Жарлығы; "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігінің аумақтық органдарын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінің 2000 жылғы 28 желтоқсандағы № 1920 қаулысы; "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгінің мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 20 шiлдедегi № 983 қаулысы; "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгінің кейбір мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 21 желтоқсандағы № 1668 қаулысы; "Штат санының лимитiн бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 1 сәуірдегі № 314 қаулысы. 3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджет қаражаты. 4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: жүктелген қызметтердi барынша тиiмдi атқаруға қол жеткiзу үшiн Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігінің орталық аппаратының және оның аумақтық бөлiмшелерiнің қызметiн қамтамасыз ету. 5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігінің орталық және аумақтық бөлiмшелер аппараттарын ұстау. 6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары:
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне жүктелген мiндеттердің сапалы және уақытылы орындалуы. Үкіметінің 2002 жылғы 29 желтоқсандағы № 1429 қаулысына 193-қосымша ҚР Үкіметінің 01.07.03 ж. № 150г; 30.12.03 ж. № 150аф қаулыларымен 193-қосымша өзгертілді Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі _______________________________ Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі "Өткен жылдардың мiндеттемелерiн орындау" 006 республикалық бюджеттік бағдарламаның 2003 жылға арналған ПАСПОРТЫ 1. Құны: 799907 мың теңге (жетi жүз тоқсан тоғыз миллион тоғыз жүз жетi мың теңге). 2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк-құқықтық негiзi: "Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтар салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтiк қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 18 желтоқсандағы Заңының 13-бабы. 3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджет қаражаты. 4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтар салдарынан зардап шеккен азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қорғау. 5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн зейнеткерлiкке шыққан азаматтардың алдындағы зейнетақыға үстемеақы төлеу жөніндегі мемлекеттiң мiндеттемелерiн орындау. 6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетiн нәтижелер: зейнетақыларға үстемеақылар төлеу бойынша өткен жылдардың мiндеттемелерiн орындау. Үкіметінің 2002 жылғы 29 желтоқсандағы № 1429 қаулысына 194-қосымша Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі _______________________________ Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі "Кадрлардың білiктілiгiн арттыру және оларды қайта даярлау" 010 республикалық бюджеттік бағдарламаның 2003 жылға арналған ПАСПОРТЫ 1. Құны: 2 045 мың теңге (екi миллион қырық бес мың теңге). 2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк-құқықтық негiзi: "Мемлекеттік қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегi Заңының 3, 6, 8, 9-баптары, "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгінің мәселелерi" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 20 шiлдедегi № 983 қаулысы. 3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджет қаражаты. 4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: өзiнің лауазымдық міндеттерiн тиiмдi орындау және кәсіптiк шеберлiгін жетiлдiру үшiн қойылатын біліктілiк талаптарына сәйкес кәсiби қызмет саласындағы теориялық және практикалық білімдi, iскерлік пен машықтарды жаңарту. 5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: мемлекеттік қызметшiлердің кәсiби біліктiлiгiн арттыру. 6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: мемлекеттік қызметшiлердің кәсiптiк деңгейiн қазiргi экономикалық жағдай мен мемлекеттiң ресурс мүмкiндiктерiне сәйкес кәсіптік мемлекеттік қызмет талаптарына жауап беретiн мемлекеттік қызметшiлердi сапалы оқытудың үйлесімді жүйесiн қалыптастыру және дамыту жолымен арттыру. Үкіметінің 2002 жылғы 29 желтоқсандағы № 1429 қаулысына 195-қосымша ҚР Үкіметінің 01.07.03 ж. № 150г қаулысымен 195-қосымша өзгертілді Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі _______________________________ Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі "Зейнетақы бағдарламасы" 030 республикалық бюджеттік бағдарламаның 2003 жылға арналған ПАСПОРТЫ 1. Құны: 147866034 мың теңге (бір жүз қырық жетi миллиард сегiз жүз алпыс алты миллион отыз төрт мың теңге). 2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік-құқықтық негiзi: "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 20 маусымдағы Заңының 2-бабы; Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрiнің 2001 жылғы 25 наурыздағы № 17-ө бұйрығымен бекітілген, Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігімен 2001 жылғы 26 наурызда № 1432 тiркелген "Зейнетақы төлемдерiн, мемлекеттік әлеуметтiк жәрдемақылар мен Орталықтан төленетiн мемлекеттік әлеуметтiк жәрдемақыларды тағайындауды және төлеудi ұйымдастырудың тәртібі туралы нұсқаулық". 3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты. 4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: мемлекет кепiлдiк берген жасына байланысты әлеуметтiк қамсыздандыруға қатысты мiндеттемелердi орындау. 5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тағайындалған зейнетақы төлемдерiн жыл сайын зейнетақылар мөлшерлерiн арттыруды ескере отырып уақытылы төлеу. 6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: зейнеткерлiк жасына жеткен адамдарды ай сайынғы табыспен қамтамасыз ету. Үкіметінің 2002 жылғы 29 желтоқсандағы № 1429 қаулысына 196-қосымша ҚР Үкіметінің 01.07.03 ж. № 150г қаулысымен 196-қосымша өзгертілді Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі _______________________________ Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі "Мемлекеттік әлеуметтiк жәрдемақылар" 031 республикалық бюджеттік бағдарламаның 2003 жылға арналған ПАСПОРТЫ 1. Құны: 36115181 мың теңге (отыз алты миллиард бір жүз он бес миллион бір жүз сексен бір мың теңге). 2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік-құқықтық негiзi: "Қазақстан Республикасында мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берiлетiн мемлекеттік әлеуметтiк жәрдемақылар туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 маусымдағы Заңының 2-бабы; Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігінің 2001 жылғы 25 наурыздағы № 17-ө бұйрығымен бекітілген, Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігімен 2001 жылғы 26 наурызда № 1432 тiркелген "Зейнетақы төлемдерiн, мемлекеттік әлеуметтiк жәрдемақыларды және мемлекеттік арнаулы жәрдемақыларды Орталықтан тағайындауды және төлеудi ұйымдастырудың тәртібі туралы нұсқаулық". 3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты. 4. Бюджеттік бағдарламаның мiндетi: мемлекет кепiлдiк берген жасына байланысты, мүгедектiгi, асыраушысынан айрылуы бойынша әлеуметтiк қамсыздандыруға қатысты мiндеттемелердi Заңда белгiленген мөлшерлерде қамтамасыз ету. 5. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды уақытылы төлеу. 6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: мүгедектердi, асыраушысынан айрылып қалған отбасыларды және қартаң жастағы азаматтарды ай сайынғы табыспен қамтамасыз ету. Үкіметінің 2002 жылғы 29 желтоқсандағы № 1429 қаулысына 197-қосымша Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі _______________________________ Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі "Арнаулы мемлекеттік жәрдемақылар" 032 республикалық бюджеттік бағдарламаның 2003 жылға арналған ПАСПОРТЫ 1. Құны: 5 686 685 мың теңге (бec миллиард алты жүз сексен алты миллион алты жүз сексен бес мың теңгe). 2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк-құқықтық негiзi: "Қазақстан Республикасындағы арнаулы мемлекеттік жәрдемақы туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 5 сәуірдегі Заңының 2-бабы; "Арнаулы мемлекеттік жәрдемақыны тағайындаудың және төлеудің ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 31 қаңтардағы № 1621 қаулысы. 3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты. 4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтiк қорғау. 5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: арнаулы мемлекеттік жәрдемақыларды уақытылы төлеу. 6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: азаматтардың жекелеген санаттарын қосымша ай сайынғы табыспен қамтамасыз ету. Үкіметінің 2002 жылғы 29 желтоқсандағы № 1429 қаулысына 198-қосымша Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі _______________________________ Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі "Бiржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақылар" 033 республикалық бюджеттік бағдарламаның 2003 жылға арналған ПАСПОРТЫ 1. Құны: 378 430 мың теңге (үш жүз жетпiс сегiз миллион төрт жүз отыз мың теңге). 2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк-құқықтық негізi: "Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтар салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 18 желтоқсандағы Заңының 12-бабы. 3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты. 4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: қосымша әлеуметтiк көмек. 5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтар салдарынан зардап шеккен зейнеткерлерге, мемлекеттік әлеуметтiк жәрдемақылар алушыларға ақшалай өтемақы төлеу. 6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |