|
|
|
Қазақстан Республикасының автомобиль жолдарын жөндеу мен күтіп ұстауға арналған қаржыландыру нормативтерін бекіту туралы
ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 1063 Қаулысымен күші жойылды
«Автомобиль жолдары туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының автомобиль жолдарын жөндеу мен күтіп ұстауға арналған қаржыландыру нормативтері бекітілсін. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының
ҚР Үкіметінің 2013.26.02. № 183 Қаулысымен қаржыландыру нормативтері жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 30 сәуірдегі № 423 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасының автомобиль жолдарын жөндеу мен күтіп ұстауға арналған 1 км, мың теңге
Ескертпе: 1. Күтіп ұстауға арналған нормативтер қысқы күтіп ұстау шығындарын қамтиды. 2. Нормативтер қосылған құн салығынсыз (ҚҚС) 2001 жылғы базалық бағалармен келтірілген. 3. 2001 жылғы базалық бағалардан ағымдық деңгейге ауыстыру бюджет заңнамасына сәйкес жыл сайын белгіленетін айлық есептік көрсеткіштің (АЕК) өзгеру индексі арқылы жүзеге асырылады. 4. ҚҚС Қазақстан Республикасының заңнамасымен тиісті жылға белгіленетін мөлшерде қабылданады. 5. Қаржыландыру нормативтері ІІІ техникалық санаттағы жолдың 1 км арналып келтірілген. Талап етілетін санаттың нормативін есептеу үшін жол санаттары бойынша төменде келтірілген саралау коэффициенттері қолданылады:
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |