Желілер, штаттар, контингенттер туралы Мәліметтерді түзу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы
ҚР Қаржы министрінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 108 бұйрығымен 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап күші жойылды
Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру шаралары туралы» 2002 жылғы 28 тамыздағы № 931 жарлығына сәйкес бұйырамын: 1. Қосымшаға сәйкес Желілер, штаттар, контингенттер туралы мәліметтерді түзу жөніндегі нұсқаулық бекітілсін. 2. Құқықтық және ұйымдастыру жұмысы департаментімен (Е.Е.Исаев) және Бюджет саясаты жоспарлау департаменті (Б.Т.Сұлтанов) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуден өтуін қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуден өткен күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінiң 2003 жылғы 31 наурыздағы № 58 бұйрығымен бекітілдi Желiлер, штаттар, контингенттер туралы мәлiметтердi түзу жөніндегі нұсқаулық 1. Жалпы ережелер 1. Желiлер, штаттар, контингенттер туралы мәлiмет - ол сандық, құндық және мерзiмдiк түрдегi бюджеттік ақшаның есебiнен бiр бюджеттік бағдарлама бойынша қаржыландырылатын ұйымның және ұйымдар тобының қызметiн, саны мен сандық құрамын сипаттайтын көрсеткiштер. 2. Осы нұсқаулық желiлер, штаттар, контингенттер туралы мәлiметтердiң төрт нысанын белгiлейдi - «Желiлер, штаттар, контингенттер туралы мәлiмет», «Бюджеттік бағдарламалар әкiмшiсiнiң желiлерi, штаттары, контингенттерi туралы жиынтық мәлiметтер», «Тиiстi бюджеттiң желiлерi, штаттары, контингенттерi туралы мәлiметтер» және «Желiлер, штаттар, контингенттер көрсеткiштерiнiң жиынтық тiзбесi». Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|