Жинақтаушы зейнетақы қорларына арналған пруденциалдық нормативтер туралы (2006.27.05. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Қаржы нарғын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006.27.10. № 222 Қаулысымен күші жойылды
Жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметiн реттеудi жетiлдiру мақсатында және "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді: 1. Осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес Жинақтаушы зейнетақы қорларына арналған пруденциалдық нормативтер туралы ереже (бұдан әрi - Ереже) бекітілсiн. 2. Осы қаулы күшiне енген күннен бастап осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес нормативтiк құқықтық актiлердiң күшi жойылды деп танылсын. ҚР ҰБ Басқармасының 26.12.03 ж. № 486 қаулысымен 3-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) 3. Жинақтаушы зейнетақы қорлары: 1) 2004 жылғы 1 қаңтарға дейiнгi мерзiмде қаржылық тұрақтылық көрсеткiштерiн Ереженiң 2, 4 және 9-тармақтарында белгiленген талаптарға сәйкес келтiрсiн. Ереженің 5-тармағында белгіленген қаржылық тұрақтылық көрсеткішін 2004 жылғы 1 шілдеге дейінгі мерзімде осы қаулының талаптарына сәйкес келтірсін; 2) осы қаулы күшiне енген күннен бастап үш айдың iшiнде бiр эмитенттiң мемлекеттік емес бағалы қағаздарына, екiншi деңгейдегi бiр банктегi салымдарға инвестициялардың және кассадағы ақша қалдығының мөлшерiн Ереженiң 10 және 12-тармақтарының талаптарына сәйкес келтiрсiн. 4. Қаржылық қадағалау департаментi (Бахмутова Е.Л.): 1) Заң департаментiмен (Шәрiпов С.Б.) бiрлесiп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігінде мемлекеттік тiркеуден өткізу шараларын қабылдасын; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|