ҚР Қаржы министрінің 2010 жылғы 21 қыркүйектегі № 474 бұйрығымен күші жойылды
«Кеден органдарының алдында есеп және есептілік жүргізу туралы» Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау агенттігі төрағасының 2003 жылғы 27 мамырдағы № 250 бұйрығымен бекітілген
Кеден режимдері шеңберінде ресімделетін тауарлар туралы есептің және есептілік ұсынудың
1. Осы Кеден режимдері шеңберінде ресімделетін тауарлар туралы есептің және есептілік ұсынудың ережесі (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасы Кеден кодексінің 110, 132, 144,161 және 185-баптарына сәйкес әзірленді және кеден қоймасында сақталатын тауарлар туралы есептілікті ұсыну нысаны мен ережесін, тауарды кеден органдарының сақтауға қабылдауы туралы құжаттың нысанын, бажсыз сауда дүкеніне түсетін және одан өткізілетін тауарлар бойынша есеп және есептілігінің нысанын, сондай-ақ тауарларды Қазақстан Республикасының кедендік аумағында/нан тыс қайта өңдеу кеден режимін пайдалану туралы есептіліктің нысанын белгілейді. 2. Тауарлар туралы есеп жүргізу мен есептілік 2. Кеден қоймасы, кеден органы құрған бажсыз сауда дүкені, уақытша сақтау қоймасы және кеден қоймасы арқылы айналымға түсетін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының кедендік аумағында/нан тыс қайта өңдеу кеден режимімен өткізілетін тауарлар есебін жүргізуге жатады. 3. Кеден қоймаларының және бажсыз сауда дүкендерінің иегерлері белгіленген нысандар бойынша (1, 2-қосымша) есеп жүргізеді және тоқсан сайын кеден қоймасына келіп түскен, сақталынып жатқан және әкетілген тауарлар және оларды сақтау мерзімдері, сондай-ақ бажсыз сауда дүкеніне келіп түскен және одан өткізілетін тауарлар туралы кеден органдарына есептілік береді. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|