Кедендік кіріс ордерін толтыру мен есебін жүргізудің ережесін және оның ҚР Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитеті Төрағасының 2006.16.01. № 24 Бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Кеден кодексінің 270-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған Кедендік кіріс ордерін толтыру мен есебін жүргізудің ережесі және оның нысаны бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау агенттігінің Құқықтық қамтамасыз ету басқармасы (И.Ы. Аңсарова) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін. 3. Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау агенттігінің баспасөз қызметі (А.А. Қоңлыбаева) осы бұйрықтың бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін. 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын. 5. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді. Төрағаның
"Кедендік кіріс ордерін толтыру мен есебін жүргізудің ережесін және оның нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау агенттігі төрағасының 2003 жылғы 23 мамырдағы № 236 бұйрығымен бекітілген Кедендік кiрiс ордерiн толтыру мен есебiн жүргiзудiң ережесi және оның нысаны 1. Жалпы ережелер 1. Осы Кедендік кiрiс ордерiн толтыру мен есебін жүргiзудің ережесі және оның нысаны Қазақстан Республикасы Кеден кодексiнің (бұдан әрi Кодекс) 270-бабына сәйкес әзiрлендi және кедендiк кiрiс ордерін (бұдан әрi - ККО) толтырудың тәртібiн айқындайды, сондай-ақ ККО-нiң нысанын белгілейді. 2. ККО баспаханалық реттік нөмiрi бар түптелген үш парақтардан тұратын, (1-қосымша) қатаң есептiлiк бланкісі болып табылады және оны кеден органының лауазымды адамы (орындаушы инспектор *) толтырады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|