«Астық қолхаттары бойынша мiндеттемелердiң орындалуына кепiлдік беру
ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 4 сәуірдегі № 318 Қаулысымен күші жойылды
"Астық туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 19 қаңтардағы Заңын, Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының 2003-2005 жылдарға арналған Мемлекеттік аграрлық азық-түлiк бағдарламасы туралы" 2002 жылғы 5 маусымдағы № 889 Жарлығын, "Қазақстан Республикасының 2003-2005 жылдарға арналған Мемлекеттік аграрлық азық-түлiк бағдарламасын iске асырудың кейбір мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 12 наурыздағы № 239 қаулысын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының ?кіметі қаулы етеді: 1. Қоса берiлiп отырған "Астық қолхаттары бойынша мiндеттемелердiң орындалуына кепiлдік беру қоры" акционерлік қоғамына қатысушы астық қабылдау кәсiпорындарының астық қолхаттары бойынша мiндеттемелерiн өтеу ережесi бекітілсiн. 2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрi А.С. Есiмовке жүктелсiн. 3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының
Үкіметінiң 2003 жылғы 27 маусымдағы № 624 қаулысымен бекітілген "Астық қолхаттары бойынша мiндеттемелердiң орындалуына кепiлдiк беру қоры" акционерлік қоғамына қатысушы астық қабылдау кәсiпорындарының астық қолхаттары бойынша мiндеттемелерiн өтеу ережесi 1. Жалпы ережелер 1. Осы Ереже "Астық қолхаттары бойынша мiндеттемелердiң орындалуына кепiлдiк беру қоры" акционерлік қоғамына қатысушы астық қабылдау кәсiпорындарының астық қолхаттары бойынша мiндеттемелерiн өтеу тәртібін анықтайды. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|