Қазақстан Республикасы iшкi iстер органдарының медальдары туралы
ҚР Президентінің 2011 жылғы 30 қыркүйектегі № 155 Жарлығымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасының Президентi туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 26 желтоқсандағы конституциялық заңының 21-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдарындағы қызметтiң беделiн көтеру мақсатында қаулы етемін: 1. Қазақстан Республикасы iшкi істер органдарының мынадай медальдары тағайындалсын: 1) «Құқық тәртібін қамтамасыз етуде үздiк шыққаны үшін»; 2) «Қазақстан Республикасы iшкi істер органдарының ардагерi»; 3) I, II, III дәрежелi «Iшкi iстер органдарындағы мiнсiз қызметi үшін». 2. Осы Жарлықтың 1-тармағында санамаланған Қазақстан Республикасының ішкi iстер органдары медальдарының сипаттамалары бекітілсiн. 3. Осы Жарлықтың 1-тармағында санамаланған Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдары медальдарымен наградтау ережелерi бекітілсiн. 4. Осы Жарлықтың 1-тармағында санамаланған Қазақстан Республикасы iшкi iстер органдарының медальдарына куәлiктердiң сипаттамалары мен үлгiлерi бекітілсiн. 5. Қазақстан Республикасы iшкi iстер органдарының медальдары мен оларға куәлiктердi дайындау жөніндегі шығыстар мемлекеттік бюджетте Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдарын ұстауға көзделетiн қаражат есебiнен және шегiнде заңнамада белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады деп белгiленсiн. 6. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының
Қазақстан Республикасысм Президентінің 2003 жылғы 31 шiлдедегi № 1157 Жарлығымен бекітілген «Құқық тәртібін қамтамасыз етуде үздiк шыққаны үшiн» медалiнiң сипаттамасы «Құқық тәртібін қамтамасыз етуде үздiк шыққаны үшiн» медалi жезден жасалады және диаметрi 34 мм дұрыс шеңбер нысанында болады. Медальдiң беткi жағында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы орналасқан. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|