Кредиттік серіктестіктерге арналған пруденциалдық нормативтер туралы ҚР Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының 12.07.04 ж. № 199 қаулысымен күші жойылды "Кредиттік серіктестіктер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 23-бабын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді: 1. Кредиттік серіктестіктерге арналған пруденциалдық нормативтер туралы ереже бекітілсін. 2. Осы қаулы күшіне енген күннен бастап: 1) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Кредиттік серіктестіктерге арналған пруденциалдық нормативтер және сақталуға міндетті басқа да нормалар мен лимиттер туралы ережені бекіту жөнінде" 1999 жылғы 16 тамыздағы № 256 қаулысының (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 894 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" басылымдарында 1999 жылғы 13-26 қыркүйекте жарияланған); 2) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Кредиттік серіктестіктерге арналған пруденциалдық нормативтер және сақталуға міндетті басқа да нормалар мен лимиттер туралы ережеге өзгерістер мен толықтыруларды бекіту жөнінде" 1999 жылғы 25 желтоқсандағы № 435 қаулысының (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1047 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" басылымдарында 2000 жылғы 24 сәуір - 7 мамырда жарияланған); Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|