Жоба Қазақстанның 2030 жылға дейiнгi Даму стратегиясын iске асыру жөніндегі одан арғы шаралар туралы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы ҚР Үкіметінің 30.07.03 ж. № 764 қаулысымен ҚР Президентінің қарауына енгiзiлдi Қазақстанның 2030 жылға дейiнгi Даму стратегиясын iске асыру мақсатында қаулы етемін: 1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2003-2006 жылдарға арналған бағдарламасы (бұдан әрi - Бағдарлама) бекітілсiн. 2. Қазақстан Республикасының Үкіметі: 1) бір айлық мерзiмде Бағдарламаны iске асыру жөніндегі Iс-шаралар жоспарын әзiрлесiн және бекiтсiн; 2) тоқсан сайын Мемлекет басшысына Бағдарламаның орындалу барысы туралы ақпарат ұсынсын. 3. Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынатын және есеп беретiн мемлекеттік органдар Бағдарламаны iске асыру жөніндегі шараларды қабылдасын. 4. Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстанның 2030 жылға дейiнгi Даму стратегиясын iске асыру жөніндегі одан арғы шаралар туралы" 2002 жылғы 28 наурыздағы № 827 Жарлығының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., № 9, 65-құжат) күшi жойылды деп танылсын. 5. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкiмшiлiгiне жүктелсiн. 6. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының Президентi Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы ________ N _____ Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003-2006 жылдарға арналған Бағдарламасы Бағдарлама паспорты жылдарға арналған бағдарламасы Әзiрлеу үшін Қазақстанның 2030 жылға дейiнгi Даму негiздеме стратегиясын iске асыру мақсатында Негiзгi әзiрлеуші Қазақстан Республикасының Үкіметі Мақсаты Қоғамдық-саяси тұрақтылық, орнықты әлеуметтiк-экономикалық даму, экономикалық және экологиялық қауiпсiздiктi нығайту, жүйелiк қатерлердi азайту, халықаралық ынтымақтастықты дамыту негiзінде барлық өңiрде халықтың тұрмыс деңгейiн көтеру Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|