Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысы жинақ банктерi бағалау көрсеткiштерiн анықтаудың ережелерiн бекіту туралы
ҚР Қаржы министрінің 2016 жылғы 29 желтоқсандағы № 701 және ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 26 желтоқсандағы № 317 бірлескен бұйрығы және қаулысымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасындағы тұрғын ұй құрылысы жинақ ақшасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру мақсатында Бұйырамын: 1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысы жинақ банктерi бағалау көрсеткiштерiн анықтаудың ережесi бекітілсiн. 2. Осы бұйрық жариялаған күннен бастап қолданысқа енгiзiледi.
«Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді: 1. Қазақстан Республикасында тұрғын үй құрылыс жинақ банктерiнiң бағалау көрсеткiшiн айқындау ережесi бекітілсiн. 2. Заң департаментi (Шәрiпов С.Б.) осы қаулыны Қазақстан Республикасында тұрғын үй құрылыс жинақ банктерiнiң бағалау көрсеткiшiн айқындау ережесін бекіту туралы бiрлескен шешiмдi Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігінде мемлекеттік тiркеуден өткізу шараларын қабылдау үшiн Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне жiберсiн. 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Төрағасының орынбасары Б.Б.Жәмiшевке жүктелсiн. 4. Осы қаулы Қазақстан Республикасында тұрғын үй құрылыс жинақ банктерiнiң бағалау көрсеткiшiн айқындау ережесін бекіту туралы бiрлескен шешiмдi Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі жариялаған күннен бастап мемлекеттік тiркелгеннен кейiн күшiне енедi. Ұлттық Банкі
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|