|
|
|
Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне кәсіпкерлік мәселелері 1-бап. Қазақстан Республикасының мына заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1. "Жеке кәсіпкерлікті қорғау және қолдау туралы" 1992 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1992 ж., № 16, 424-құжат; 1995 ж., № 20, 120, 121-құжаттар; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 14, 274-құжат; 1997 ж., № 13-14, 195, 205-құжаттар; 1999 ж., № 23, 931-құжат; 2001 ж., № 8, 52-құжат; № 24, 338-құжат; 2003 ж., № 10, 51-құжат): 4-бап мынадай редакцияда жазылсын: "4-бап. Жеке кәсіпкерлік қызмет субъектілері 1. Жеке кәсіпкерлік субъектілеріне мыналар жатады: өзіндік кәсіпкерлік субъектілері; микробизнес субъектілері; шағын кәсіпкерлік субъектілері; орта кәсіпкерлік субъектілері; ірі бизнес субъектілері. 2. Заңды тұлға құрмай және заңды тұлғаның белгілері болмаған жағдайда кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке тұлғалар өзіндік кәсіпкерлік субъектілері болып табылады. Заңды тұлға құрмаған жеке тұлғалар және кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын, қызметкерлерінің жыл ішіндегі орташа саны 10 адамға дейінгі заңды тұлғалар микробизнес субъектілері болып табылады. Микробизнес субъектілері шағын кәсіпкерліктің құрамына кіреді. Заңды тұлға құрмаған жеке тұлғалар және кәсіпкерлік қызметпен айналысатын, қызметкерлерінің жыл ішіндегі орташа саны 50 адамнан аспайтын және жыл бойғы активтерінің жалпы құны алпыс мың еселенген айлық есептік көрсеткіштен аспайтын заңды тұлғалар шағын кәсіпкерлік субъектілері болып табылады. Заңды тұлға құрмаған жеке тұлғалар және кәсіпкерлік қызметпен айналысатын, қызметкерлерінің жыл ішіндегі орташа саны 250 адамға дейінгі және жыл бойғы активтерінің жалпы құны үш жүз жиырма бес мың еселенген айлық есептiк көрсеткiштен аспайтын заңды тұлғалар орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылады. Кәсiпкерлiк қызметпен айналысатын, қызметкерлерiнiң орташа жылдық саны 250 адамнан астам немесе активтерiнiң жалпы құны бiр жыл iшiнде үш жүз жиырма бес мың еселенген айлық есептiк көрсеткiштен асатын заңды тұлғалар iрi бизнес субъектiлерi болып табылады. 3. Жеке кәсiпкерлiктiң барлық субъектiлерiнiң кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыруға тең құқықтары бар. 4. Осы баптың 2-тармағында белгiленген шарттардың бiрi артық болып кеткен жағдайда шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне жатады, тиiсiнше орта кәсiпкерлiк субъектiлерi iрi бизнес субъектiлерiне жатады. 5. Шағын және өзiндiк кәсiпкерлiк субъектiлерi қызметiнiң жекелеген мәселелерi Қазақстан Республикасының заң актілерімен реттеледi.". 2. "Шағын кәсіпкерлiктi мемлекеттік қолдау туралы" 1997 жылғы 19 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., № 12, 182-құжат; 1998 ж., № 17-18, 225-құжат; 1999 ж., № 21, 778-құжат; № 23, 931-құжат; 2001 ж., № 4, 23-құжат; № 8, 52-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 15, 150-құжат; 2003 ж., № 4, 26-құжат): 1) 1-баптың төртiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын: "ойын бизнесi - құмар ойындарды және (немесе) бәс тiгу шараларын табыс табу мақсатымен ұйымдастырып, өткiзуге байланысты кәсiпкерлiк қызмет;"; 4-тармақтағы "келісім-шарт және мердiгерлiк шарттары" деген сөздер "жеке еңбек шарты" деген сөздермен ауыстырылсын; 7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: "7. Заңды тұлға құрмаған жеке тұлғаларды және: есiрткi құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымымен байланысты қызметтi; акцизделетiн өнiмдер өндiрудi және (немесе) көтере сатуды (алтыннан, платинадан, күмiстен жасалған зергерлiк бұйымдар өндiруден басқа); ойын және шоу-бизнес саласындағы қызметтi; стандарттау, метрология, сертификаттау, аккредиттеу және сапаны басқару саласындағы қызметтi; банктiк қызметтi және сақтандыру рыногындағы (сақтандыру агентiнiң қызметiнен басқа) қызметтi; бағалы қағаздар рыногындағы кәсiптiк қызметтi жүзеге асыратын заңды тұлғаларды шағын кәсiпкерлiк субъектілерi деп тануға болмайды."; төртiншi абзацтағы ", олардың өнiмдерiн сертификаттаудың" деген сөздер алып тасталсын; мынадай мазмұндағы он бірінші абзацпен толықтырылсын: "мемлекеттік органдар өз құзыреті шегінде шағын кәсіпкерлік субъектілерінің қызметіне Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен тексеру жүргізеді."; 1-тармақтың бірінші абзацындағы "мемлекеттік" деген сөз алып тасталсын; 1-тармақтың тоғызыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын: "мемлекеттік органдар мен олардың лауазымды адамдары жол берген шағын кәсіпкерлік субъектілерінің қызметін регламенттейтін Қазақстан Республикасының заңдарын бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметін хабардар етеді."; 2-тармақта: 2) тармақшада: үшінші абзацтағы "бағдарламалардың орындалуын ұйымдастырады" деген сөздер "бағдарламаларды қамтамасыз етеді және олардың сапалы іске асырылуы мен орындалуына жауап береді" деген сөздермен ауыстырылсын; төртінші абзацтағы "дамытуды жүзеге асырады" деген сөздер "қалыптастыру мен дамытуды қамтамасыз етеді" деген сөздермен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы алтыншы абзацпен толықтырылсын: "Қазақстан Республикасының шағын кәсіпкерлікті қолдауды жүзеге асыратын уәкілетті органына жергілікті жерлерде бағдарламалардың іске асырылу барысы туралы есептерді және шағын кәсіпкерлік субъектілерінің қызметімен байланысты өзге де ақпаратты табыс етеді."; 5) 9-баптың 7-тармағындағы "коммуналдық" деген сөз "мемлекеттік" деген сөзбен ауыстырылсын; 2-тармақтың екінші бөлігінің жетінші абзацындағы "қатысуға" деген сөзден кейін ";" белгісі қойылып, "құқығы бар" деген сөздер алып тасталсын және осы бөлік мынадай мазмұндағы сегізінші абзацпен толықтырылсын: "қызметінің ұйымдастырылуы Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін сараптау кеңестері туралы үлгі ережемен айқындалатын орталық және жергілікті атқарушы органдар жанындағы шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау мен дамыту мәселелері жөніндегі сараптау кеңестерінің жұмысына қатысуға құқығы бар.". 2-бап. Осы Заң ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |