Жеке кәсіпкерлікті қорғау және қолдау туралы Қазақстан 2006.31.01. № 124-III ҚР Заңымен күші жойылды
Осы Заң жеке кәсіпкерлікті қорғау мен оны қолдаудың негізгі түрлері мен әдістерін белгілейді, мемлекеттің жеке кәсіпкерлік қызметке тікелей араласудан бас тарту саясатын, жеке кәсіпкерлердің барынша еркіндігін, коммерциялық құпияның қорғалуын және мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың жеке кәсіпкерлердің хұқықтарын бұзғаны үшін жауаптылығын баянды етеді. ҚР 02.07.97 ж. № 144-I; 29.11.99 ж. № 488-I Заңдарымен 1-бап өзгертілді 1-бап. Жеке кәсіпкерлік ұғымы 1. Жеке кәсiпкерлiк - азаматтардың өздерiнiң (жеке кәсiпкерлiк) немесе мемлекеттік емес заңды тұлғалардың (заңды тұлғалардың жеке кәсiпкерлiгi) меншiгiне негiзделген және азаматтардың немесе мемлекеттік емес заңды тұлғалардың атынан олардың тәуекелiмен және мүлiктiк жауапкершiлiгiне алынып жүзеге асырылатын, азаматтардың және мемлекеттік емес заңды тұлғалардың табыс табуға бағытталған бастамашылық қызметi. 3. Жеке кәсіпкерлердің меншігіне қол сұғуға болмайды, ол заңмен қорғалады. Жеке кәсіпкер болып табылатын шаруашылық жүргізуші субъектінің қызметін тоқтата тұру және оны күштеп тарату сот шешімімен ғана жүргізілуі мүмкін. Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген жағдайлардан басқа кезде жеке кәсіпкерлердің қызметін шектеуге болмайды. 2-бап. Жеке кәсіпкерлікті қорғау туралы заңдар 1. Қазақстан Республикасында жеке кәсіпкерлікті қорғау жөніндегі қатынастар осы Заңмен және Қазақстан Республикасының оған қайшы келмейтін басқа да заң актілерімен реттеледі. 2. Осы Заңмен реттелмеген мәселеде азаматтық заңдар нормалары қолданылады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|