|
|
|
2003 жылғы 13 қазандағы N 487-ІІ ҚР Заңымен енгізілген өзгерістеріне дейн қолданған 4-баптың редакциясы 4-бап. Жеке кәсіпкерлік қызмет субъектілері 1. Жеке кәсiпкерлiктi бiр азамат дербес (өзiндiк кәсiпкерлiк) немесе азаматтар тобы - жеке кәсiпкерлер (бiрлескен кәсiпкерлiк) заңды тұлға құрмай-ақ жүзеге асыра алады. Бiрлескен кәсiпкерлiктiң нысандары мыналар болып табылады: 1) ерлi-зайыптылардың бiрлескен ортақ меншiгiнiң негiзiнде жүзеге асырылатын ерлi-зайыптылардың кәсiпкерлiгi; 2) шаруа (фермер) қожалығының бiрлескен ортақ меншiгiнiң немесе жекешелендiрiлген тұрғын үйге бiрлескен ортақ меншiктiң негiзiнде жүзеге асырылатын отбасылық кәсiпкерлiк; 3) жай серiктестiк, бұл орайда кәсiпкерлiк қызмет үлестiк ортақ меншiктiң негiзiнде жүзеге асырылады; 2. Заңды тұлғалардың жеке кәсiпкерлiгiн мемлекеттiк емес заңды тұлғалар жүзеге асырады. 3. Жеке кәсіпкерліктің барлық субъектілерінің кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру құқығы бірдей.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |