«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы кодексінің (Салық кодексінің) қабылдануына Қазақстан Республикасының 2001 ж. 24 желтоқсандағы № 276-ІІ Заңы
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн: 1. «Жеке кәсiпкерлiктi қорғау және қолдау туралы» 1992 жылғы 4 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1992 ж., № 16, 424-құжат; 1995 ж., № 20, 120, 121-құжаттар; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., № 14, 274-құжат; 1997 ж., № 13-14, 195, 205-құжаттар; 1999 ж., № 23, 931-құжат; 2001 ж., № 8, 52-құжат): 1) 8-баптың 4-тармағының екiншi бөлiгіндегі «Мемлекеттік» деген сөз кiшi әрiппен жазылып, оның алдынан мынадай сөздермен толықтырылсын: «Қазақстан Республикасының Салық кодексiнде көзделген жағдайларды қоспағанда,»; 2) 12-баптағы «салық инспекциясы» деген сөздер «салық қызметi» деген сөздермен ауыстырылсын; 3) 14-баптың он бірiншi абзацындағы «енгiзгеннен» деген сөз қазақша мәтiннен түсiп қалғандықтан мынадай редакцияда жазылсын: «Кәсiпкерлiк қызметтен түскен пайданың (табыстың) салықтарды және басқа да мiндеттi төлемдердi төлегеннен кейiн қалғанын еркiн жұмсау;»; 4) 15-баптың алтыншы абзацы «салықтарды» деген сөзден кейiн «және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi» деген сөздермен толықтырылсын; 5) 20-баптың 4-тармағының бірiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын: «4. Бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асырушы мемлекеттік органдардың тексерулерi олардың құзыретiне қатаң сәйкес түрде жүргiзiледi.». 2. 1993 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Орман кодексiне (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1993 ж., № 3, 45-құжат; 1995 ж., № 20, 120-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1999 ж, № 11, 357-құжат; 2001 ж., № 3, 20-құжат): 68-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|