|
|
|
Қазақстан Республикасының Yкіметі мен Жапония Yкіметі арасында Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етеді: 1. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Жапония Үкіметі арасында "Қазақстан Республикасында ауылдық елдi мекендердi сумен жабдықтау" жобасын жүзеге асыру үшiн Жапония Үкіметінiң грантын тарту туралы ноталар алмасу нысанындағы келісімнiң жобасы мақұлдансын. 2. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрi Қасымжомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгiзуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Жапония Үкіметі арасында "Қазақстан Республикасында ауылдық елдi мекендердi сумен жабдықтау" жобасын жүзеге асыру үшiн Жапония Үкіметінiң грантын тарту туралы ноталар алмасу нысанында келісімдi жасасын. 3. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі тартылатын грант қаражатын мақсатты және тиiмдi пайдалануды қамтамасыз етсiн. 4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |