|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 20 шілдедегі № 983 қаулысына ҚР Үкіметінің 2004 жылғы 29 қазандағы № 1132 қаулысымен күші жойылды Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігінiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 20 шiлдедегi № 983 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., № 27, 340-құжат) мынадай толықтырулар мен өзгерiс енгiзiлсiн: көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігі туралы ережеде: 10-тармақ мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын: "4-1) мүгедектердi әлеуметтiк қорғау саласында мемлекеттік саясатты iске асыру."; 11-тармақта: 10) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: "10) Министрлiктiң аумақтық органдарының қызметiн үйлестiру, медициналық-әлеуметтiк сараптама жүргiзуге және мүгедектердi оңалтуға ұйымдық-әдiстемелiк басшылық жасау және бақылау, республикадағы мүгедектiктi ақпараттық-статистикалық талдау;"; мынадай мазмұндағы 10-1), 10-2), 10-3), 10-4) тармақшалармен толықтырылсын: "10-1) мүгедектердi әлеуметтiк қорғау саласында, оның iшiнде медициналық-әлеуметтiк сараптама саласында нормативтiк құқықтық кесiмдердiң жобаларын әзiрлеу; 10-2) мүгедектердi әлеуметтік қорғау саласында кешендi бағдарламалар әзiрлеу; 10-3) барлық санаттағы мүгедектерге әлеуметтiк қызмет көрсету протездiк-ортопедиялық көмек көрсету, есту протездерiмен және тифлотехникамен, арнайы жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз ету мәселелерi жөнiнде нормативтiк құқықтық кесiмдер, әдiстемелiк ұсынымдар әзiрлеу; 10-4) облыстық (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармаларының (департаменттерінің) және жергілікті атқарушы органдардың қызметін үйлестіру және әдістемелік басшылық жасау;". 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |