|
|
|
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау ҚР Үкіметінің 2004 жылғы 29 қазандағы № 1132 қаулысымен күші жойылды Бұрынғы редакцияларды қара "Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 10 желтоқсандағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қоса берiлiп отырған: 1) Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігі туралы ереже; 2) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігінiң мемлекеттік еңбек инспекторы туралы ереже; 3) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігінiң мемлекеттік мекемелерi - аумақтық органдары тiзбесi; 4) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігінiң қарауындағы ұйымдар тiзбесi бекітілсiн. 2. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігіне үш вице-министр болуына рұқсат етiлсiн. 3. Мыналардың: 1) "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігінiң мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 9 сәуірдегі № 394 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1999 ж., № 12, 119-құжат); 2) "Қазақстан Республикасы Yкіметінiң кейбір шешiмдерiне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1999 жылғы 2 тамыздағы № 1093 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне енгiзiлген өзгерістер мен толықтырулардың 12-тармағының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 40, 343-құжат); 3) "Қазақстан Республикасы Yкіметінiң кейбір шешiмдерiне өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1999 жылғы 3 қыркүйектегi № 1301 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілген өзгерістердің 13-тармағының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 45, 403-құжат) күші жойылды деп танылсын. 4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының
Үкіметінің 2001 жылғы 20 шілдедегі № 983 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі туралы Ереже 1. Жалпы ережелер ҚР Үкіметінің 17.06.02 ж. № 662 қаулысымен 1-тармақ өзгертілді 1. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігі (бұдан әрi - Министрлiк) өзiнiң құзыретiне жатқызылған қызмет саласында басшылықты жасайтын, сондай-ақ заңнамада көзделген шекте салааралық үйлестiрудi жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы болып табылады. Министрлiктiң облыстарда, Астана және Алматы қалаларында аумақтық органдары бар. 2. Министрлiк өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінiң кесiмдерiне, өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады. 3. Министрлiк мемлекеттік мекеменiң ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, өз атауы мемлекеттік тiлде жазылған елтаңбалы мөрлерi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, сондай-ақ заңнамада белгiленген тәртiппен ашылған шоттары болады. Министрлiк азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi. Министрлiктiң, егер оған заңнамаға сәйкес сондай уәкiлеттiк берiлсе, мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар. 4. Министрлiк өз құзыретіндегі мәселелер бойынша заңнамада белгiленген тәртiппен Министрдiң бұйрықтарымен ресiмделетiн шешiмдер қабылдайды. 5. Министрлiктiң штат санының лимитiн Қазақстан Республикасының Yкіметі бекiтедi. 6. Министрліктің заңды мекен-жайы: 473000, Астана қаласы, Манас көшесі, 2. 7. Министрлiктiң толық атауы - "Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі" мемлекеттік мекемесi. 8. Осы Ереже Министрлiктiң құрылтай құжаты болып табылады. 9. Министрлiктiң қызметiн қаржыландыру мемлекеттік бюджеттен жүзеге асырылады. Министрліктiң функциялары болып табылатын міндеттерді орындау мәніне кәсiпкерлiк субъектiлерiмен шарттық қатынастарға енуге Министрлiкке тыйым салынады. Егер Министрлiкке заңнамалық кесiмдерiмен кiрiс әкелетiн қызмет ету құқығы берiлсе, ондай қызметтен алынған кiрiстер республикалық бюджеттiң кiрiсiне жiберiледi. 2. Министрліктiң негiзгі міндеттерi, функциялары мен құқықтары ҚР Үкіметінің 31.10.03 ж. № 1081 қаулысымен 10-тармақ толықтырылды; ҚР Үкіметінің 02.04.04 ж. № 379 қаулысымен 10-тармақ-өзгертілді (2005 ж. 1 қаңтарда күшіне енеді) 10. Министрлiктiң негiзгi мiндеттерi: 1) еңбек, жұмыспен қамту, халықты әлеуметтiк қорғау және еңбек ресурстарын тиiмдi пайдалану саласында мемлекеттік саясаттың негiзгi бағыттарын әзiрлеу және оларды жүзеге асыру; 2) жұмыссыздық деңгейiн азайту және кедейлiк ауқымын қысқарту жөніндегі мемлекеттік саясатты жүзеге асыруға қатысу; 3) әлеуметтiк әрiптестiк саласында мемлекеттік саясатты іске асыру; 4) жинақтаушы зейнетақы жүйесi саласында мемлекеттік саясатты iске асыру; 4-1) мүгедектердi әлеуметтiк қорғау саласында мемлекеттік саясатты; 4-2-тармақша 2005 ж. 1 қаңтарда күшіне енеді 4-2) міндетті әлеуметтік сақтандыру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру; 5) еңбек, еңбектi қорғау, жұмыспен қамту, зейнетақымен қамсыздандыру және әлеуметтiк қорғау туралы заңнаманың сақталуына мемлекеттік бақылауды қамтамасыз ету; 6-тармақшаның 2005 ж. 1 қаңтарда күші жойылады 6) заңнамамен жүктелген өзге де мiндеттердi жүзеге асыру. ҚР Үкіметінің 31.10.03 ж. № 1081 қаулысымен 11-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара); ҚР Үкіметінің 02.04.04 ж. № 379 қаулысымен 11-тармақ-өзгертілді (2005 ж. 1 қаңтарда күшіне енеді) 11. Министрлiктiң заңнамада белгіленген тәртiппен жүзеге асыратын функциялары: 1) Халықты жұмыспен қамтудың республикалық бағдарламасын және өз құзыретiне жатқызылған қызметтер саласында басқа да бағдарламаларды әзiрлеу; 2) еңбек рыногының бiрыңғай ақпараттық дерекқорын құру негiзiнде жұмыс күшiне деген сұраныс пен ұсынысты талдау, болжау; 3) еңбек рыногының мұқтаждарына сәйкес кадрлар даярлауға қажеттiлiктi мүдделi органдармен бiрлесiп анықтау; 4) ішкі еңбек рыногын қорғау мақсатында инвестициялық келісім-шарттар жобаларын қарауға қатысу; 5) әлеуметтік нормативтер мен оларды есептеудің әдістемесін әзірлеу және оларды өз құзыреті шегінде бекіту; 6) әлеуметтiк қорғау жүйесiн жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу және шаралар қабылдау; 7) халықты атаулы әлеуметтік қорғау, отбасыларын, аналарды, балаларды, мүгедектерді және олардың отбасы мүшелерін, сондай-ақ әлеуметтік қорғауды қажет ететін халықтың басқа да қатарын қолдау жөніндегі шараларды әзірлеу және жүзеге асыру; 8) ең төменгi күнкөрiс шамасын есептеуге қатысу; 9) әлеуметтiк-еңбек мәселелерi бойынша аймақтық бағдарламаларды әзiрлеуге қатысу; 10) Министрлiктiң аумақтық органдарының қызметiн үйлестiру, медициналық-әлеуметтiк сараптама жүргiзуге және мүгедектердi оңалтуға ұйымдық-әдiстемелiк басшылық жасау және бақылау, республикадағы мүгедектiктi ақпараттық-статистикалық талдау; 10-1) мүгедектердi әлеуметтiк қорғау саласында, оның iшiнде медициналық-әлеуметтiк сараптама саласында нормативтiк құқықтық кесiмдердiң жобаларын әзiрлеу; 10-2) мүгедектердi әлеуметтік қорғау саласында кешендi бағдарламалар әзiрлеу; 10-3) барлық санаттағы мүгедектерге әлеуметтiк қызмет көрсету протездiк-ортопедиялық көмек көрсету, есту протездерiмен және тифлотехникамен, арнайы жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз ету мәселелерi жөнiнде нормативтiк құқықтық кесiмдер, әдiстемелiк ұсынымдар әзiрлеу; 10-4) облыстық (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармаларының (департаменттерінің) және жергілікті атқарушы органдардың қызметін үйлестіру және әдістемелік басшылық жасау; 11) Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтан (бұдан әрi Мемлекеттік орталық) зейнетақы есептеу мен төлеу әдiстемесiн жасау және олардың азаматтарға, соның iшiнде Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде жүрген азаматтарға төленуiн қамтамасыз ету, сондай-ақ олардың мөлшерiн, тағайындалу шарттарын және төлену тәртібін өзгерту жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу; 12) Мемлекеттік орталықтан зейнетақы төлемдерiн тағайындау; 12-1-тармақша 2005 ж. 1 қаңтарда күшіне енеді 12-1) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдерді тағайындау; 13) Мемлекеттік орталықтан мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты мемлекеттік әлеуметтiк жәрдемақыларды, № 1 тiзiм бойынша мемлекеттік арнаулы жәрдемақыларды және арнаулы мемлекеттік жәрдемақыларды тағайындау; 14) әлеуметтiк сақтандыру жүйесiн құру және оның жұмыс iстеуi жөніндегі мемлекеттік саясатты дайындауға және нормативтiк құқықтық кесiмдерді әзiрлеуге қатысу; 15) еңбектi қорғау мәселелерi жөніндегі ұйымдармен жұмысты үйлестiру және өзара әрекет ету; 16) еңбек жағдайлары мен еңбектi қорғауды жақсартуға бағытталған нормативтiк құқықтық кесiмдердi әзiрлеу, Қазақстан Республикасының Yкіметіне еңбек жағдайлары және еңбектi қорғаудың жай-күйi мен оларды жақсарту жөніндегі шаралар туралы жыл сайын баяндама ұсыну; 17) еңбектің қауіпсіз жағдайларын нормативтік қамтамасыз ету; 18) еңбекті нормалау мен оған ақы төлеуді ұйымдастыру мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық кесімдерді жетілдіруге қатысу; 19) мемлекеттік қызметшiлерден басқа мемлекеттік бюджет есебiнен ұсталатын ұйымдар қызметкерлерiнiң еңбегiне ақы төлеу жүйесiн жетілдiру жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу; 20) еңбектi нормалауды ұйымдастыру бойынша ұсынымдар әзiрлеу, Жұмыстардың және жұмысшылар кәсiптерiнiң бiрыңғай тарифтік-біліктiлiк анықтамалығы (БТБА), Қызметшілер лауазымдарының біліктiлiк анықтамалығы (БА) және Жұмыстар жiктеуішi (ЖЖ) негiзiнде мемлекеттік ұйымдар қызметкерлері үшiн біліктілiк талаптарын келiсу; 21) әлеуметтiк және еңбек қатынастары саласында әлеуметтiк әрiптестiк жүйесiн реттеу жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу және жүзеге асыру, сондай-ақ өз құзыретi шегiнде еңбек жанжалдарын шешуге қатысу және Әлеуметтiк әрiптестiк жөніндегі республикалық үш жақты комиссияның жұмысын қамтамасыз ету; 22) еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау саласында халықаралық байланыстар мен ынтымақтастықты ұйымдастыру, осы мәселелер бойынша шет мемлекеттермен және халықаралық ұйымдармен консультациялар мен келiссөздер жүргiзу; 23) республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкiмшiсi функцияларын атқару; 24) Министрлiк жүйесiнiң кадрларын даярлау және қайта даярлау; 25) еңбек, еңбектi қорғау, халықты жұмыспен қамту, әлеуметтiк қорғау және зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнаманың сақталуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру; 25-1-тармақша 2005 ж. 1 қаңтарда күшіне енеді 25-1) әлеуметтік төлемдердің уақтылы және толық тағайындалуы мен олардың алынуын бақылауды қамтамасыз ету; 26) еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау саласында ақпараттық технологияларды, ақпараттарды өңдеу жүйесiн енгізу; 27) азаматтар мен ұйымдарға еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау мәселелерi жөнiнде консультация беру; 28-тармақшаның 2005 ж. 1 қаңтарда күші жойылады 28) Қазақстан Республикасының заңнамасымен Министрлiкке жүктелген өзге де функцияларды орындау. ҚР Үкіметінің 02.04.04 ж. № 379 қаулысымен 12-тармақ-өзгертілді (2005 ж. 1 қаңтарда күшіне енеді) 12. Министрліктің негiзгi мiндеттердi iске асыру және өзіне жүктелген функцияларды жүзеге асыру үшiн заңнамада белгiленген тәртiппен мынадай құқығы бар: 1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарынан, сондай-ақ өзге де ұйымдардан Министрлікке жүктелген функцияларды жүзеге асыру үшін қажетті құжаттарды, қорытындыларды, анықтамалық және өзге де материалдарды сұрату және алу; 1-1-тармақша 2005 ж. 1 қаңтарда күшіне енеді 1-1) әлеуметтік төлемдерді тағайындау үшін ұсынылған құжаттардың дұрыстығын тексеру; 2) Министрліктің құзыретіне енетін мәселелер бойынша мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіруді жүзеге асыру, еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау саласында заңнаманың қолданылуы жөнінде түсініктемелер беру; 2-1-тармақша 2005 ж. 1 қаңтарда күшіне енеді 2-1) әлеуметтік төлемдерді тағайындау және алу мәселелері бойынша қажетті түсініктер беру; 3) әйелдердiң және 18 жасқа толмаған адамдардың еңбегіне шек қойылатын зиянды және еңбек жағдайлары қауiптi өндiрiстердiң, кәсiптердiң және жұмыстардың тiзбелерiн бекіту; 3-1-тармақша 2005 ж. 1 қаңтарда күшіне енеді 3-1) еңбек ету қабілетінен айрылу дәрежесін белгілеу; 4) өзiнiң құзыретiне жатқызылған мәселелер бойынша нормативтiк құқықтық кесiмдердi қабылдау; 5) қауiпсiз еңбектi қамтамасыз ету және еңбектi қорғау жөніндегі жұмыстарды жүргiзу үшiн қажеттi талаптарды белгiлеу; 5-1-тармақша 2005 ж. 1 қаңтарда күшіне енеді 5-1) әлеуметтік төлемдерді тағайындау үшін қажетті құжаттарды қабылдау және беру жөніндегі талаптарды белгілеу; 6) еңбек жөніндегі нормаларды, Жұмыстардың және жұмысшылар кәсiптерiнiң бiрыңғай тарифтiк-біліктiлік анықтамалығын (БТБА), Қызметшiлер лауазымдарының біліктiлiк анықтамалығын (БА), Жұмысшылар кәсiптерi мен қызметшiлер лауазымдарының жiктеуiшiн (КЛЖ), Жұмыстар жiктеуішiн (ЖЖ), нұсқаулықтарды өз құзыретi шегiнде бекіту, келiсу, еңбектi нормалауды ұйымдастыру және оған ақы төлеу мәселелерi жөнiнде түсiнiктемелер, ұсынымдар беру; 7) әлеуметтiк және еңбек қатынастары бойынша аймақтық және салалық (тарифтiк) келісімдердi хабарлай отырып, тiркеу; 8) еңбек, еңбектi қорғау, жұмыспен қамту және зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнаманың сақталуын бақылауды жүзеге асыру; 9) шетелдiк жұмыс күшiн тартумен, сондай-ақ жұмыс күшiн Қазақстан Республикасынан шетелге әкетумен байланысты қызметке лицензия беру, оны тоқтата тұру және керi қайтарып алу; 10) жұмыс берушiлерге Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметiн жүзеге асыру үшiн шетелдiк жұмыс күшiн тартуға Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген квота шегiнде рұқсат беру; 11) бюллетеньдер, журналдар және басқа да баспа басылымдарын шығару; 12-тармақшаның 2005 ж. 1 қаңтарда күші жойылады 12) өзiне заңнамада жүктелген өзге де құқықтарды жүзеге асыру. 13. Министрлiктiң жедел басқару құқығында оқшау мүлкi болады. Министрліктің мүлкі оған мемлекет берген мүлік есебінен құралады және негізгі қорлар мен айналым қаражатын, сондай-ақ құны Министрліктің теңгерімінде көрсетілетін өзге де мүліктерден тұрады. 14. Министрлiктiң мүлкi республикалық меншiкке жатады. 15. Министрлiктiң өзіне бекiтілiп берiлген мүлiктi өз бетiнше иеліктен шығаруға немесе оған өзге тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ. Министрлікке мүлікке билік ету құқығы заңнамада белгіленген жағдайларда және шектерде берілуі мүмкін. 4. Министрлiк қызметiн ұйымдастыру 16. Министрлiк пен оның аумақтық органдары Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігінiң бiрыңғай жүйесiн құрайды. 17. Министрлiктi Министр басқарады. Министрдi Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ұсынуымен Қазақстан Республикасының Президентi қызметке тағайындайды және қызметтен босатады. Министрдiң Қазақстан Республикасының Yкіметі Министрдiң ұсынуымен қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын орынбасарлары вице-министрлерi болады. 18. Министр Министрлiктiң жұмысын ұйымдастырады және оған басшылық жасайды, Министрлiкке жүктелген мiндеттердiң орындалуы және оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшiн жеке жауап бередi. ҚР Үкіметінің 17.06.02 ж. № 662 қаулысымен 19-тармақ өзгертілді 19. Министр осы мақсатта: 1) вице-министрлердің және министрліктің құрылымдық бөлiмшелерi басшыларының мiндеттерi мен өкiлеттiк шеңберiн белгiлейдi; 2) Министрлiк қызметкерлерiн, аумақтық органдар мен ведомстволық ұйымдардың басшыларын заңнамада белгiленген тәртiппен қызметке тағайындайды және қызметтен босатады; 3) қолданылып жүрген заңнамаға сәйкес мемлекеттік органдармен және өзге ұйымдармен өзара қарым-қатынаста Министрлiктi бiлдiредi; 4) бұйрықтарға қол қояды; 5) Министрлiктiң аумақтық органдары және Министрлiктiң құрылымдық бөлiмшелерi туралы ережелердi бекiтедi; 6) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiткен қызметкерлер штат санының лимитi шегiнде Министрлiктiң және оның аумақтық органдарының құрылымын және штат санын бекітеді; 7) Министрліктің аумақтық органдары, Министрліктің қарауындағы мемлекеттік ұйымдар басшыларының бұйрықтарын жояды не толық немесе ішінара тоқтата тұрады; 8) Министрлiктiң қызметкерлерiне заңнамада белгiленген тәртiппен көтермелеу, материалдық көмек көрсету, тәртiптiк жазалар қолдану мәселесiн шешедi; 9) өзiнiң құзыретiне жатқызылған басқа да мәселелер бойынша шешiмдер қабылдайды. 20. Вице-министрлер Министр белгiлеген өз мiндеттерi мен өкiлеттiгi шегiнде министрлiктiң нормативтiк сипаттағы емес бұйрықтарына қол қояды. 21. Министрлiктiң Министр жанындағы консультативтiк-кеңесшi орган болып табылатын алқасы болады. Алқаның сандық және жеке құрамын Министр бекiтедi. 5. Министрлiктi қайта ұйымдастыру және тарату 22. Министрлiктi қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. Үкіметінің 2001 жылғы 20 шілдедегі № 983 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мемлекеттік еңбек инспекторы туралы Ереже 1. Жалпы ережелер 1. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігінiң мемлекеттік еңбек инспекторлары (бұдан әрi - мемлекеттік еңбек инспекторы) "Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы" 1999 жылғы 10 желтоқсандағы , "Еңбектi қорғау туралы" 1993 жылғы 22 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңдарының және еңбек туралы өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдердiң Қазақстан Республикасының аумағында сақталуына бақылау жасайды. 2. Мемлекеттік еңбек инспекторлары өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінiң кесiмдерiн, өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдердi және осы Ереженi басшылыққа алады. 3. Еңбек туралы және еңбектi қорғау туралы заңнаманың сақталуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік инспекторларға мыналар жатады: 1) Қазақстан Республикасының бас мемлекеттік еңбек инспекторы Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігінiң (бұдан әрi - Министрлiк) мемлекеттік еңбек инспекциясы құрылымдық бөлiмшесiнiң (бұдан әрi - мемлекеттік еңбек инспекциясы) басшысы; 2) Қазақстан Республикасының еңбек жөніндегі орталық атқарушы органының бас мемлекеттік еңбек инспекторлары - Министрлiктiң мемлекеттік еңбек инспекциясы құрылымдық бөлiмшесiнiң қызметкерлерi; 3) облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша бас мемлекеттік еңбек инспекторлары - Министрлiктiң облыстардағы, Астана және Алматы қалаларындағы аумақтық органдары басшыларының тиiстi орынбасарлары; 4) облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша мемлекеттік еңбек инспекторлары - Министрлiктiң облыстардағы, Астана және Алматы қалаларындағы аумақтық органдары мемлекеттік еңбек инспекциясының қызметкерлерi. 2. Мемлекеттік еңбек инспекторларының негізгі міндеттері, функциялары мен құқықтары 4. Мемлекеттік еңбек инспекторларының негізгі міндеттері: 1) жұмыс берушiлердiң Қазақстан Республикасының еңбек туралы және еңбекті қорғау туралы заңнаманы және өз құзыреті шегінде Министрліктің қызметі саласындағы өзге де нормативтік құқықтық кесімдерді сақтауына мемлекеттік бақылауды қамтамасыз ету; 2) қызметкерлер мен жұмыс берушiлердiң еңбек туралы және еңбектi қорғау туралы заңнама мәселелерi бойынша өтiнiштерін, арыздарын және шағымдарын қарау. 5. Мемлекеттік еңбек инспекторлары заңнамада белгiленген тәртiппен мынадай функцияларды жүзеге асырады: 1) еңбек туралы заңнамалардың сақталуын, соның iшiнде қызметкерлердiң ешбiр кемсiтушiлiксiз бiрдей еңбегi үшiн теңдей ақы алуға, демалуға, қауіпсiздiк және гигиена талаптарына жауап беретiн еңбек жағдайларына, еңбек мiндеттерiн атқаруына байланысты олардың денсаулығына немесе мүлкiне келтiрiлген зиянды өтеткiзу құқығының сақталуын бақылайды; 2) еңбек туралы және еңбектi қорғау туралы заңнаманы бұзуға әкеп соқтыратын себептер мен мән-жайларды, шағымдарды тексеру және зерттеу жүргiзу арқылы анықтайды, сондай-ақ еңбек туралы және еңбектi қорғау туралы заңнаманы бұзушылықтың алдын алу жөніндегі жұмысты күшейтуге бағытталған iс-шараларды іске асыру жөніндегі шараларды әзiрлеуге және қабылдауға қатысады; 3) еңбек заңнамасының, еңбекті қорғау саласындағы нормативтiк құқықтық кесiмдердiң, техника қауiпсiздiгiнiң бұзылу себептерiне талдау мен қорытынды жасайды және оларды жою жөнiнде шаралар қабылдайды; 4) өндірістегі жазатайым оқиғалар мен кәсіби ауруларды тексеруге қатысады және олардың есебін жүргізеді; 5) өндірiстiк жарақаттанушылық пен кәсіби аурулардың жай-күйі мен себептерiне талдау жүргiзедi, олардың алдын алу жөнінде ұсыныстар әзiрлейдi; 6) өндiрiстiк мақсаттағы объектiлердiң аяқталған немесе қайта жаңғыртылған құрылысын пайдалануға қабылдау жөніндегi комиссияның жұмысына қатысады; 7) тексерулердiң қорытындылары бойынша еңбек туралы заңнаманың анықталған бұзушылықтарын жою туралы нұсқамалар бередi; 8) шетелдiк жұмыс күшiн тартуға берiлетiн рұқсаттарда ескертілген шарттардың орындалуын бақылауды және тексеруді жүзеге асырады; 9) еңбек заңнамасының анықталған бұзушылықтары туралы оларды жою жөнiнде шаралар қабылдау үшiн жұмыс берушiлердi, өндірістік бөлімшелердің басшыларын хабардар етеді, мемлекеттік еңбек инспекторларының нұсқамасын орындамаған жағдайда кінәлі адамдарды жауапқа тарту туралы ұсыныстар енгізеді; 10) ұйымдардың еңбек заңнамасын сақтауының жай-күйiн сипаттайтын көрсеткiштердi жинауды, қорытуды, жүйелеуді және талдауды жүзеге асырады; 11) еңбек туралы және еңбектi қорғау туралы заңнама мәселелерi бойынша ұйымдарда, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдары арқылы түсiндiру жұмыстарын жүргiзедi; 12) өз құзыретi шегiнде мемлекеттік инспекторларға Министрлiк жүктеген өзге де функциялар. 6. Мемлекеттік еңбек инспекторлары өздерiнiң негiзгi мiндеттерiн іске асыру және функцияларын жүзеге асыру мақсатында заңнамада белгiленген тәртiппен өз құзыретi шегiнде мыналарға құқылы: 1) ұйымдардың еңбек заңнамасын сақтауына тексеру жүргiзуге; 2) еңбек туралы және еңбектi қорғау туралы заңнаманың сақталуын бақылауды және тексерудi жүзеге асыру мақсатында белгiленген тәртiппен ресiмделген тексеру жүргiзу туралы қаулыны және куәлiгiн көрсеткенде ұйымдарға кез келген уақытта кедергiсiз баруға; 3) шетелдiк жұмыс күшiн тартуға берiлетiн рұқсаттарда ескертiлген шарттардың орындалуына тексеру жүргiзуге; 4) мемлекеттік инспекторларға жүктелген функцияларды орындау үшiн қажеттi тиiстi құжаттар мен өзге де ақпаратты жұмыс берушiлерден сұратуға және алуға; 5) еңбек туралы және еңбектi қорғау туралы заңнама нормаларының анықталған бұзушылықтарын жою туралы жұмыс берушiлердiң орындауы үшiн мiндеттi нұсқамалар беруге, сондай-ақ заңның бұзылушылығы туралы хаттамалар жасауға, әкiмшiлiк жаза қолдануға және сотқа талап-арыз беруге; 6) өздерiнiң құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша түсiнiктемелер беруге; 7) еңбектi қорғау жөніндегі заңнаманы және өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдердi қызметкерлердiң өмiрi мен денсаулығына қауiп төндiретiн бұзушылық анықталған жағдайда ұйымдардың (кәсiпорындардың), жекелеген өндiрiстердiң, цехтардың, учаскелердiң, жұмыс орындарының және жабдықтардың пайдаланылуын осы бұзушылықтар жойылғанға дейiн тоқтата тұруға (тыйым салуға);
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |