|
|
|
"Автожол саласын қайта құрылымдау (Атырау-Ақтау)" жобасын қаржыландыру Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қазақстан Республикасы мен Еуропалық Қайта құру және Даму банкi арасындағы "Автожол саласын қайта құрылымдау (Атырау-Ақтау)" жобасы бойынша 119 200 000 (бiр жүз он тоғыз миллион екi жүз мың) АҚШ доллары сомасында қарыз туралы келісімнің жобасы мақұлдансын. 2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрi Ерболат Асқарбекұлы Досаевқа Қазақстан Республикасының атынан Қазақстан Республикасы мен Еуропалық Қайта құру және Даму банкi арасындағы "Автожол саласын қайта құрылымдау (Атырау-Ақтау)" жобасы бойынша қарыз туралы келісімге қол қоюға өкiлеттiк берiлсiн. 3. Жобаны республикалық бюджеттен бiрлесiп қаржыландыру, қосылған құн салығын төлеудi қоса алғанда 55 133 000 (елу бес миллион бiр жүз отыз үш мың) АҚШ долларынан аспайды деп белгiленсiн. 4. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі заңнамада белгіленген тәртiппен тиiстi жылға арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының Заңында көзделген қаражат есебiнен тартылатын қарызға қызмет көрсетудi және оны өтеудi қамтамасыз етсiн. 5. Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлігінiң Автомобиль жолдары комитетi тартылатын қарыз қаражатының мақсатты әрi тиiмдi пайдаланылуын қамтамасыз етсiн. 6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнің
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |