жоба Қазақстан Республикасы мен Еуропалық Қайта құру және Даму банкi Келісімнің жобасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 02.12.03 ж. № 1224 қаулысына сәйкес мақұлданды (№ 21582 операциясы) Қазақстан Республикасы ("Қарыз алушы") мен Еуропа қайта құру және Даму банкі ("Банк") арасындағы 2003 жылғы___________________ Келісім. Кіріспе Банк көп партиялы демократия, плюрализм және рыноктық экономика қағидаттарының негiзiнде және оларды қолдана отырып, Орталық және Шығыс Еуропа елдерiнде ашық рыноктық экономикаға көшуге және жекеше және кәсiпкерлiк бастаманы дамытуға жәрдемдесетiн нақты жобаларды қаржыландыру үшiн Құрылғандықтан; Қарыз алушы Атырау-Ақтау жолдарын қайта құруда Қарыз алушыға көмек көрсету және жол саласын қайта құрылымдауды қолдау үшiн әзiрленген 1-қосымшаға сәйкес Жобаны iске асыруға ниет етiп Отырғандықтан; Жобаны Көлiк және коммуникациялар министрлiгі жүзеге Асыратындықтан; Қарыз алушы Банкке Жобаның бөлiгiн қаржыландыруға жәрдемдесуге көмектесу туралы өтiнiш Жасағандықтан; Банк Жобаның С Бөлiгiн iске асыруға жәрдем көрсету үшiн өтеусiз негізде техникалық ынтымақтастық қаражатын тарту процесін Аяқтағандықтан; және Банк басқа жәйіттермен бiрге жоғарыда сөз болғандар негiзінде осы Келісімде баяндалған немесе айтылған ережелерге және шарттарға сәйкес Жобаның А Бөлiгi мен В Бөлiгiнiң үлестерiн қаржыландыруға көмек көрсету үшiн жүз он тоғыз миллион екi жүз мың доллар (119 200 000 АҚШ доллары) мөлшерінде қарызды Қарыз алушыға беруге Келіскендіктен Тараптар осы бойынша мыналар туралы уағдаласты: I-бап - Стандарттық ережелер мен шарттар; анықтамалар 1.01-бөлiм. Стандарттық ережелер мен шарттарды енгізу Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|