Тұрғын үй құрылыс жинақтауларына салымдар бойынша сыйлық (мемлекет ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттiгi Төрағасының 2005.25.06. № 174 қаулысымен күші жойылды
"Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді: 1. Тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасына салымдар бойынша сыйлықақы (мемлекет сыйлықақысын) төлеу ережесi бекітілсiн. 2. Қаржылық қадағалау департаментi (Бахмутова Е.Л.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігінде мемлекеттік тiркеу шараларын қолдану үшiн Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне жiберсiн. 3. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi басшылығының қызметiн қамтамасыз ету басқармасы (Терентьев А.Л.) және Құжаттамалық қамтамасыз ету және бақылау басқармасы (Жерембаев Е.Е.) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігінде мемлекеттік тiркелген күннен бастап он күндiк мерзiмде осы қаулыны және Тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасына салымдар бойынша сыйлықақы (мемлекет сыйлықақысын) төлеу ережесін Қазақстан Республикасының ресми бұқаралық ақпарат құралдарында және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің баспасөз басылымдарында жариялауды қамтамасыз етсiн. 4. Операция басқармасы (Төлеутаева Ә.Қ.) қабылданған шешiм туралы ақпаратты жариялауға байланысты шығыстарды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi басшылығының қызметiн қамтамасыз ету басқармасының бюджетi (шығыстар сметасы) есебiнен төлесiн. 5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Төрағасының орынбасары Ә.Ғ. Сәйденовке жүктелсiн. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|