|
|
|
2004 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын "Бюджет жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуірдегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. 1, 2, 3-қосымшаларға сәйкес Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің 2004 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттары бекітілсін. 2. Осы қаулы 2004 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 26 желтоқсандағы № 1327 қаулысына 1-қосымша 101 - Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi 2004 жылға арналған "Мемлекет Басшысының қызметiнiң жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету" деген 001 республикалық бюджеттік бағдарламаның Паспорты ҚР Үкіметінің 23.06.04 ж. № 197к қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда 1. Құны: 740684 мың теңге (жетi жүз қырық миллион алты жүз сексен төрт мың теңге). ҚР Үкіметінің 23.06.04 ж. № 197к қаулысымен 2-тармақ өзгерді 2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: "Мемлекеттік қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шiлдедегi Заңы, "Қазақстан Республикасының сот жүйесi және судьяларының мәртебесi туралы" Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 25 желтоқсандағы Конституциялық Заңы, "Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесi туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 28 мамырдағы Заңы, "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 16 мамырдағы Заңы, "Байқоңыр" ғарыш айлағындағы Қазақстан Республикасы Президентінiң Арнаулы өкiлi туралы ереже туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 18 сәуiрдегі № 2955 Жарлығы, "Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесi туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 15 қазандағы № 702 Жарлығы, "Қазақстан Республикасы Президентінің Әкiмшiлiгi туралы ереженi бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 11 ақпандағы № 805 Жарлығы, "Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшiлiгiнiң штат саны мен құрылымы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 31 наурыздағы № 1327 Жарлығы, "Мемлекеттік қызметшiлердi оқыту тұжырымдамасы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 13 қарашадағы № 1706 қаулысы. 3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты. 4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: мемлекет Басшысының қызметiн және Президенттiк басқару нысанының жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету. 5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: Қазақстан Республикасы Президентi әкiмшiлiгiнiң және "Байқоңыр" ғарыш айлағындағы Қазақстан Республикасы Президентінің Арнаулы өкiлiнiң аппараттарын ұстау, Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесiнiң қызметiн қамтамасыз ету аппараттағы мемлекеттік қызметшiлердiң кәсiби деңгейiн арттыру, "Байқоңыр" ғарыш айлағындағы Қазақстан Республикасы Президентінің Арнаулы өкiлiнiң аппаратын материалдық-техникалық жарақтандыру. ҚР Үкіметінің 23.06.04 ж. № 197к қаулысымен 6-тармақ өзгерді 6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары.
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: Қазақстан Республикасы Президентінің Әкiмшiлiгiне және Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесiне жүктелген функциялар мен мiндеттердi сапалы әрi уақтылы орындау. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 26 желтоқсандағы № 1327 қаулысына 2-қосымша 101 - Қазақстан Республикасы Президентінің Әкiмшiлiгi Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi 2004 жылға арналған "Мемлекеттiң iшкi және сыртқы саясатының стратегиялық аспектiлерiн болжамды-талдамалық жағынан қамтамасыз ету" деген 002 республикалық бюджеттік бағдарламаның Паспорты 1. Құны: 58275 мың теңге (елу сегiз миллион екi жүз жетпiс бес мың теңге). 2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 16 мамырдағы Заңы, "Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтын құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1993 жылғы 16 маусымдағы № 1235 Жарлығы, "Қазақстан Республикасының Президентi жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты туралы ереженi бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 13 тамыздағы № 3614 Жарлығы, "Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 13 тамыздағы № 3614 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 4 мамырдағы № 130 Жарлығы, "Қазақстан Республикасының Президентi жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 30 қыркүйектегi № 977 қаулысы. 3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты. 4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: мемлекеттің iшкi және сыртқы саясатының стратегиялық аспектiлерін болжамды-талдамалық қамтамасыз eту, Қазақстан Республикасының Президентi жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының материалдық-техникалық базасын нығайту, ұйымдастыру техникасымен және басқа да негізгі жабдықтармен қамтамасыз ету. 5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету тұрғысынан ішкі және сыртқы саясаттың өзекті мәселелерi жөнiнде ғылыми-талдамалық ұсыныстарды әзiрлеу, Қазақстан Республикасының Президентi жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының материалдық-техникалық базасын нығайту, ұйымдастыру техникасымен және бacқa да негізгi жабдықтармен қамтамасыз ету. 6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегi iс-шаралар жоспары.
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: Қазақстан Республикасының Президентi жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтына жүктелген функциялар мен мiндеттердi сапалы әpi уақтылы орындау, Қазақстан Республикасының Президентi жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының материалдық-техникалық базасын нығайту, ұйымдастыру техникасымен және басқа да негізгi жабдықтармен қамтамасыз ету. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 26 желтоқсандағы № 1327 қаулысына 3-қосымша 101 - Қазақстан Республикасы Президентінің Әкiмшiлiгi Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi 2004 жылға арналған "Мұрағат қорының, баспа басылымдарының сақталуын қамтамасыз ету және оларды арнайы пайдалану" деген 003 республикалық бюджеттік бағдарламаның Паспорты 1. Құны: 133830 мың теңге (бiр жүз отыз үш миллион сегiз жүз отыз мың теңге). 2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: "Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 22 желтоқсандағы Заңы, "Мемлекеттік қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шiлдедегi Заңы, "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 16 мамырдағы Заңы, "Қазақстан Республикасы Президентінің Архивiн құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1994 жылғы 14 қаңтардағы № 1502 Жарлығы, "Қазақстан Республикасы Президентінің Мұрағаты туралы ереженi бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 15 маусымдағы № 52 өкімі. 3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты. 4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Президент Әкiмшiлiгi мен Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретiн мемлекеттік органдардың мұрағат құжаттарын тұрақты мемлекеттік сақтау, ақпарат тасығыштардың барлық түріндегі құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасы Президентінің Мұрағатында сақталатын құжаттарды мемлекеттік есепке алу, Қазақстан Республикасы Президентi Мұрағатының ғимаратына күрделi жөндеу жүргiзу, Қазақстан Республикасы Президентi мұрағатының материалдық-техникалық базасын нығайту, ұйымдастыру және компьютерлiк техникасымен қамтамасыз ету. 5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: құжаттарды толықтыру Президент Әкiмшiлiгi мен Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынатын және есеп беретiн мемлекеттік органдардың құжаттамаларын басқару Қазақстан Республикасы Президентінің қызметiн мұрағаттық қамтамасыз ету саласындағы функцияларды орындау құжаттарды мемлекеттік саясатта, экономикада, ғылыми және әлеуметтiк-мәдени мақсаттарда пайдалану Қазақстан Республикасы Президентi Мұрағатының ғимаратына күрделi жөндеу жүргiзу, Қазақстан Республикасы Президентi Мұрағатының материалдық-техникалық базасын нығайту, ұйымдастыру және компьютерлiк техникасымен қамтамасыз ету. 6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары.
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетiн нәтижелер: Қазақстан Республикасы Президентінің Мұрағатына жүктелген функциялар мен міндеттерді сапалы және уақтылы орындау, Қазақстан Республикасы Президентi Мұрағатының ғимаратына күрделi жөндеу жүргізу, Қазақстан Республикасы Президентi Мұрағатының материалдық-техникалық базасын нығайту, ұйымдастыру және компьютерлiк техникасымен қамтамасыз ету.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |