Бухгалтерлік есептке алу шоттарының үлгілік жоспарын қолдану жөніндегі
ҚР Қаржы министрірінің 2007 жылғы 17 қыркүйектегі № 319 бұйрығымен күші жойылды
"Бухгалтерлік есепке алу және қаржылық есеп беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 3-бабының 5-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған Бухгалтерлік есептке алу шоттарының үлгілік жоспарын қолдану жөніндегі әдістемелік ұсынымдар бекітілсін. 2. "Субъектілердің қаржы-шаруашылық қызметі бухгалтерлік есепке алу шоттарының Бас жоспары бойынша үлгілік шаруашылық операциялар шоттарының корреспонденциясын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Бухгалтерлік есеп және аудит әдіснамасы департаментінің 1997 жылғы 12 қарашадағы № 64 бұйрығының күші жойылды деп танылсын. 3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қаржы министрінің 2003 ж. 29 желтоқсандағы № 441 бұйрығымен бекітілген
Бухгалтерлік есепке алу шоттарының үлгі жоспарын қолдану жөніндегі әдістемелік ұсыныс
Жалпы ережелер.
"Бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп беру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 7-тармағына сәйкес операциялар мен оқиғалар синтетикалық шоттарда қосарлы жазба жүргізу әдісімен бухгалтерлік есепке алу шоттарының үлгі жоспарына сәйкес көрсетіледі. Операциялар мен оқиғалардың талдамалық (аналитикалық) есебін жүргізу тәртібін кәсіпкер немесе заңды тұлғаның лауазымды тұлғалары белгілейді, олар Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне және құрылтай құжаттарына сәйкес ағымдағы басшылық пен іс жүргізуді кәсіпкер мен ұйымның қажетіне орай жүзеге асырады. Шоттардың үлгі жоспарын қолдануда біркелкілік сақтау мақсатында осы әдістемелік ұсыныстар көп таралған операциялар мен оқиғаларды бухгалтерлік есепке алу жүйесінде көрсетуді регламенттейді, бірақ та оны шектемейді. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|