Қазақстан Республикасы кеден органдарының посткедендік бақылау қызметін Посткедендік бақылау қызметін дамытудың 2004 жылға арналған бағдарламасы туралы Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау агенттігі төрағасының 2003 жылғы 5 желтоқсандағы № 554 бұйрығына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қазақстан Республикасы кеден органдарының посткедендік бақылау қызметін дамытуының 2004 жылға арналған бағдарламасы (бұдан әрі Дамыту бағдарламасы) бекітілсін. 2. Кедендік бақылау агенттігінің Кедендік кірістер департаменті облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша Кедендік бақылау департаменттері посткедендік бақылау бөлімдерінің қызметін Дамыту бағдарламасына сәйкес ұйымдастыруды қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау агенттігі төрағасының орынбасары С.Ж. Мулкинге жүктелсін. 4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Кедендік бақылау агенттігі төрағасының 2003 жылғы 27 желтоқсандағы № 587 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы кеден органдарының посткедендік бақылау қызметін дамытуының 2004 жылға арналған бағдарламасы Кіріспе Кедендік-тарифтік реттеу шараларының сақталуын қамтамасыз ету, сондай-ақ кеден шекарасы арқылы тауар айналымын жеделдетуге ықпал ететін жағдайлар жасау қазақстандық кеден қызметінің негізгі міндеті болып табылады. Аталған стратегиялық міндеттерді шешу үшін Кеден кодексінің ережелерін, сыртқы саудадағы елеулі өзгерістерді, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметі кеден қызметіне жүктеген міндеттердің күрделіленуін ескере отырып, бүгінгі күні кедендік бақылау мейілінше маңызды мәнге ие бола түседі. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|