Иондаушы сәулелендіру әсерiне байланысты аурулардың тiзбесiн және иондаушы сәулелендiру әсерi бар аурулардың себептiк байланысын анықтау ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 ж. 13 қаңтардағы № 34 қаулысы (2006.20.02. берілген өзгерістерімен)
ҚР Үкіметінің 2019 жылғы 13 маусымдағы № 406 Қаулысымен күші жойылды
«Халықтың радиациялық қауiпсiздiгi туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 23 сәуiрдегі Заңын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қoca берiлiп отырған: 1) Иондаушы сәулелендiру әсерiне байланысты аурулардың тiзбесi; 2) Иондаушы сәулелендiру әсерi бар аурулардың себептiк байланысын анықтау ережесi бекітілсiн. 2. ҚР Үкіметінің 2006.20.02. № 110 қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара) 3. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгі бiр ай мерзiмде ведомстволық нормативтiк құқықтық кесімдерді осы қаулыға сәйкес келтiрсiн. 4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының
Yкіметінiң 2004 жылғы 13 қаңтардағы № 34 қаулысымен бекітілген
Иондаушы сәулелендiру әсерiне байланысты аурулардың тiзбесi
1. Иондаушы сәулелендiру әсерiне тiкелей байланысы бар аурулар: 1) жітi және созылмалы сәулелiк аурулар; 2) сәулелiк катаракта; 3) сәулелiк дерматит және күйiктер; 4) сәулелiк гипотиреоз; 5) сәулелiк аутоиммундық тиреоидит. 2. Қатерлi жаңа өскiндер: 1) жiтi лейкоз; 2) созылмалы лейкоздар және миелодиспластикалық синдром (созылмалы лимфолейкозды қоспағанда); 3) қатерлi лимфомдар; 4) қомақты қатерлi жаңа өскiндер (өкпе, қалқанша безi, сүт безi обыры, несеп-жыныс жүйесiнiң, асқазан-iшек қолдары мен гепатобиллиарлық жүйенiң қатерлi iсiктерi және тағы басқалар). 3. Жалпы соматикалық аурулар: 1) қалқанша безi аурулары (аутоиммундық тиреоидит, диффуздық түйiндi зоб); 2) қан және қан өндiру жүйесi аурулары (агранулоцитоз, гипопластикалық және апластикалық анемия); 3) жүрек-қан тамыры жүйесi аурулары (жүректiң ишемиялық ауруы, гипертониялық ауру); Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|