|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 15 қарашадағы № 1390
ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 12 шілдедегі № 722 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының ?кіметi қаулы етеді: 1. "Қазақстан Республикасы Iшкi iстер органдарының қатардағы және басшы құрамдағы адамдарының нысанды киім-кешектiң жаңа үлгiлерiне көшуi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 15 қарашадағы № 1390 қаулысына мынадай өзгерістер енгiзiлсiн: көрсетiлген қаулыға 1-қосымшада: 4-бөлiм мынадай редакцияда жазылсын: "4. Учаскелiк полиция инспекторларының, кәмелетке толмағандар iстерi жөніндегі инспекцияның, патрульдiк күзет қызметiнiң, жол полициясының, мемлекеттік күзет қызметiнiң, Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлігі оқу орындарының курсанттары мен тыңдаушыларының қоғамдық тәртiптi сақтау жөніндегі қызметтi өткеру кезеңiнде киетiн нысанды киім-кешегi Күнқағары бар, қара түстi мех құлақшын, қысқы әйелдер кепкасы, қара-көк түстi жүн фуражка, сарғыш түстi нысанды әйелдер кепкасы, қара-көк түстi күнқағары бар кепка, ылғалдан сақтайтын материалдармен көмкерiлген қысқы мех күрте, жүннен тiгiлген шымқай-көк түстi әйелдер пальтосы, қара-ақ түстi былғары костюм (күрте, шалбар), жылы костюм (күрте, комбинезон), қара түстi әйелдер плащы, қара түстi маусымдық күрте, қызмет өткеруге арналған (ашық жағасы бар күрте, шалбар) қара-көк түстi костюм, сарғыш-сүр түстi әйелдер мундирi, қара-көк түстi китель-юбка, шымқай-көк түстi жүннен тоқылған свитер, қызыл түстi матамен жиектелген, сыртқа қайырылған қара-көк түсті шалбар, сия-көк түстi ұзын және қысқа жең жейделер, сия-көк және ашық-көк реңдермен қиыстырылған, ұзын және қысқа жең жейделер, сия-көк түстi ұзын және қысқа жең жейделер (әйелдер жейделерi), ақ түстi ұзын және қысқа жең жейделер, ақ түстi ұзын және қысқа жең жейделер (әйелдер жейделерi), әйелдердiң қосарланған қара галстугi, сия-көк түстi ұзын жең футболка, сия-көк түстi қысқа жең майка-футболка, сия-көк түстi жеңi жоқ майка, қара және көк түстi кашне, қара түстi былғары қолғап, плащ-жамылғы, желбей күрте, сигналдық кеудеше, қара түстi ұзын қонышты хром бәтеңке, қара түстi жылы қысқа қонышты етік, әйелдердiң жылы етiгi, қара түсті қысқа қонышты хром бәтеңке, қара түстi әйелдер туфлиi, қара түстi хром етiк, қара түстi жүндi терiден тiгiлген ұлтанды етiк, қара түстi былғары жабдық, жалтырауық материалдармен көмкерiлген ақ жабдық. Бас киімдер кокардалармен, ал нысанды киім-кешек заттары погондармен, шымқай-көк түстi жең белгiсiмен және омырау белгiлерiмен (жетондармен) жабдықталады". 2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |