|
|
|
2004 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың "Бюджет жүйесi туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуірдегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етеді: 1. 178, 179, 180, 181, 182, 183, 183-1 184, 185, 186, 187, 188, 189-қосымшаларға сәйкес Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгінің 2004 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламаларының паспорттары бекітілсiн. 2. Осы қаулы 2004 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енеді. Қазақстан Республикасының
Үкіметінің 2003 жылғы 26 желтоқсандағы № 1327 қаулысына 178-қосымша ҚР Үкіметінің 10.04.04 ж. № 402; 07.06.04 ж. № 197з қаулыларымен 178-қосымша өзгертілді 221 - Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігі Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi 2004 жылға арналған "Мемлекеттiң қызметiн құқықтық қамтамасыз ету" деген 001 республикалық бюджеттік бағдарламаның ПАСПОРТЫ 1. Құны: 2820813 мың теңге (екi миллиард сегiз жүз жиырма миллион сегiз жүз он үш мың теңге). 2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнiң 125, 961-1016 баптары, "Жедел-iздестiру қызметi туралы" Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 15 қыркүйектегi Заңының 6-бабы, "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 сәуірдегі Заңының 9-10-баптары, "Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 10 маусымдағы Заңы, "Нормативтiк құқықтық актiлер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 10, 22-баптары, "Селекциялық жетiстiктердi қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 13 шiлдедегi Заңы, "Патент заңы" туралы Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16 шiлдедегi Заңы, "Мемлекеттік қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шiлдедегi Заңы, "Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлердiң атаулары туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 26 шiлдедегi Заңы, "Интегралдық микросхемалар топологияларын құқықтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 29 маусымдағы Заңының 1-16-баптары, "Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне қылмыстық-атқару жүйесiн реформалау және осы жүйе қызметкерлерiнiң мәртебесі мәселелерi бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шiлдедегi Заңы, "Әдiлет органдары туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 18 наурыздағы Заңының 3, 15, 16, 19, 21, 22-баптары, "Ақпараттандыру туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 мамырдағы Заңы, "2004 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 5 желтоқсандағы Заңы, Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының Нормативтiк құқықтық актілерінiң мемлекеттік реестрi және оларды мемлекеттік тiркеудi ретке келтiру жөніндегі шаралар туралы" 1997 жылғы 4 наурыздағы № 1680 Жарлығы, Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесiн одан әрi жетiлдiру жөніндегі шаралар туралы" 2003 жылғы 23 желтоқсандағы № 1255 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінiң мәселелерi" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1999 жылғы 11 наурыздағы № 223 қаулысы, "Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінiң Тiркеу қызметi комитетiнiң мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1999 жылғы 15 маусымдағы № 771 қаулысы, "Қазақстан Республикасы Yкіметінiң заң жобалау қызметiн жетiлдiру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 11 қыркүйектегi № 1376 қаулысы, Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінiң Санаткерлiк меншiк құқығы жөніндегі комитетiнiң мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 29 наурыздағы № 411 қаулысы, "Мүлiктi бағалау жөніндегі қызметтi лицензиялаудың мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 2 қарашадағы № 1389 қаулысы және "Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiнiң мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 28 желтоқсандағы № 1755 қаулысы. 3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты. 4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: жүктелген функциялардың барынша тиiмдi орындалуына қол жеткізу үшiн Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігі орталық аппаратының, оның комитеттерiмен, аумақтық бөлiмшелерiнiң қызметiн қамтамасыз ету, соның iшiнде қолданыстағы жүрген заңдарды жүйелеу және талдау Республикадағы заң жобалау және сарапшылық жұмыстарын жетiлдiру, қолданыстағы нормативтiк құқықтық актiлердiң нормалары арасындағы қайшылықтарды жою, авторлық және сабақтас құқықтар, өнеркәсiптiк меншiк туралы заңдардың, санаткерлiк меншiк жөніндегі халықаралық шарттар мен тұжырымдамалардың iске асырылуын қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарын құқықтық ақпаратпен қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасының және шетел мемлекеттерiнiң соттарында Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүддесiн құқықтық қорғауды, лицензиялауды ұйымдастыруды және қызметтiң лицензияланған түрлерi саласында заңдылықты қамсыздандыруды қамтамасыз ету, әдiлет органдарының және қылмыстық-атқару жүйесiнiң ақпараттық жүйелерiнiң үзiлiссiз және берiк жұмыс iстеудi қамтамасыз ету, өзiнiң лауазымдық мiндеттерiн тиiмдi орындау және кәсiби шеберлiгiн жетiлдiру үшiн қойылатын біліктiлiк талаптарына сәйкес, кәсiби қызмет саласындағы білім беру бағдарламалары бойынша теориялық және практикалық білімдi, шеберлiктi және дағдыны жаңарту, жылжымайтын мүлiкке құқықтық мемлекеттік тiркеудi, аумақтық әдiлет органдарының ғимараттарын күрделi жөндеудi жүргiзу және материалдық-техникалық жарақтандыру, аумақтық әдiлет органдарының салық бойынша бюджетке қарыздарын өтеудi қамтамасыз ету. 5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінiң орталық аппаратын, оның комитеттерiн және аумақтық бөлiмшелерiн ұстау, заң жобаларын әзiрлеу, консультациялық және сараптамалық жұмыстарды жүргізу, қолданылып жүрген заңдарды жүйелеу, нормативтік құқықтық актiлерге сараптама жасау, қолданылып жүрген заңдарды түсiндiру, ғылым, әдебиет және өнер шығармаларын, өнеркәсiптiк меншiктiң объектілерін жасауға және пайдалануға байланысты пайда болатын авторлық құқық, өнеркәсiптiк меншiк құқығы саласындағы қатынастарды реттеу, мемлекеттік органдарды Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актілерінiң дерекқорларымен қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасы Yкіметінiң тапсырмалары мен мемлекеттік органдардың жасаған өтiнiштерi бойынша Қазақстан Республикасының және шетел мемлекеттерiнiң соттарында мемлекеттiң мүддесiн құқықтық қорғау, нотариалдық және адвокаттық қызметпен, мүлiктi бағалау жөніндегі қызметпен және адвокаттық қызметпен байланысы жоқ ақылы заң қызметiн көрсету жөніндегі қызметпен айналысу құқығына лицензияларды беру, әдiлет органдарының және қылмыстық атқару жүйесiнiң ақпараттық жүйелерiне уақытылы және толық техникалық қызмет көрсету және сүйемелдеу, мемлекеттік қызметкерлердiң кәсiби біліктiлiгiн арттыру және жылжымайтын мүлiк құқықтарын мемлекеттік тiркеу. 6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |