|
|
|
2004 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын "Бюджет жүйесi туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуiрдегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. 309, 310, 311, 312, 313, 314, 315, 316, 317, 318, 319, 320, 321, 322, 323-қосымшаларға сәйкес Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің 2004 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламаларының паспорттары бекітілсiн. 2. Осы қаулы 2004 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының
Үкіметінiң 2003 жылғы 26 желтоқсандағы № 1327 қаулысына 309-қосымша 235 - Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлігі Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi 2004 жылға арналған "Мәдениет саласындағы уәкiлеттi органның қызметiн қамтамасыз ету" деген 001 республикалық бюджеттік бағдарламаның ПАСПОРТЫ 1. Құны: 133297 мың теңге (бiр жүз отыз үш миллион екi жүз тоқсан жетi мың теңге). 2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: "Мемлекеттік қызмет туралы" 1999 жылғы 23 шiлдедегi Қазақстан Республикасы Заңының 21-25-баптары; Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесiн одан әрi жетiлдiру туралы" 2003 жылғы 10 қыркүйектегi № 1189 Жарлығы; "Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 24 қарашадағы № 1172 қаулысы. 3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты. 4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: жүктелген функцияларды барынша үнемдi орындауға қол жеткізу үшiн Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінiң, оның комитетiнiң қызметiн қамтамасыз ету. Өзiнiң лауазымдық мiндеттерiн үнемдi орындау және кәсiби шеберлiгiн жетiлдiру үшiн қойылған біліктілік талаптарға сәйкес кәсiби қызмет саласындағы білім беру бағдарламалары бойынша теориялық және практикалық білім мен дағдыларды жаңарту. 5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінiң аппаратын, оның комитетiн ұстау. Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі қызметкерлерiнiң біліктілік деңгейiн көтеру және оларды қайта даярлау. 6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары.
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлігіне жүктелген функциялардың сапалы және уақытылы орындалуы. Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі қызметкерлерiнiң кәсiби деңгейiн көтеру. Үкіметінiң 2003 жылғы 26 желтоқсандағы № 1327 қаулысына 310-қосымша 235 - Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлігі Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi 2004 жылға арналған "Мәдениет саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеулер" деген 002 республикалық бюджеттік бағдарламаның ПАСПОРТЫ 1. Құны: 116587 мың теңге (бiр жүз он алты миллион бес жүз сексен жетi мың теңге). 2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: Қазақстан Республикасының "Мәдениет туралы" 1996 жылғы 24 желтоқсандағы Заңының 33-бабы; Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 24 қарашадағы № 1172 "Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінiң сұрақтары" қаулысы. 3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты. 4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасының саяси-экономикалық дамуында ұлттық сананың бiрегейлiгiн және жалпы ұлттық басымдықтарын нығайтатын мәдени бағдарлар жүйесiн қалыптастыру жұмыстарына қатысу мен үйлестiру. 5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: мәдениет пен өнердiң қазiргi заманғы үрдiстерiне ғылыми-практикалық талдау жасау, әлеуметтiк-мәдени инфрақұрылымның жұмыс iстеуiнiң тиiмдi және перспективалық үлгiлерiн әзiрлеу. ҚР Үкіметінің 2004.27.12. № 197ах қаулысымен 6-тармақ толықтырылды 6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары.
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: көрсетiлген ғылыми зерттеулердi әзiрлеу нәтижесiнде мәдениеттiң ғылыми-методикалық базасы нығайтылатын болады және саланың дамуы үшiн практикалық ұсынымдар даярлайды. Үкіметінiң 2003 жылғы 26 желтоқсандағы № 1327 қаулысына 311-қосымша ҚР Үкіметінің 14.10.04 ж. № 1051 қаулысымен 311-қосымша өзгертілді 235 - Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлігі Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi 2004 жылға арналған "Тарихи-мәдени құндылықтарды сақтау" деген 003 республикалық бюджеттік бағдарламаның ПАСПОРТЫ 1. Құны: 480219 мың теңге (төрт жүз сексен миллион екi жүз он тоғыз мың теңге). 2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: Қазақстан Республикасының "Мәдениет туралы" 1996 жылғы 24 желтоқсандағы Заңының 33-бабы, Қазақстан Республикасының "Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану туралы" 1992 жылғы 2 шiлдедегi Заңының 4-бабы; Қазақстан Республикасы Үкіметінiң "Қазақстан Республикасының бiрiншi Президентi мұражайы" мемлекеттік ұйым құру туралы" 2001 жылғы 18 қаңтардағы № 67 қаулысы; Қазақстан Республикасы Үкіметінiң "Кейбiр мемлекеттік мекемелердi қайта құру туралы" Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі" 2000 жылғы 27 қазандағы № 1620 қаулысы; Қазақстан Республикасы Yкіметінiң "Орталық атқарушы органдарға бағынышты мемлекеттік ұйымдардың штат кестесiнiң лимитiн бекіту туралы" 2000 жылғы 12 ақпандағы № 229 қаулысы, Қазақстан Республикасы Үкіметінiң "Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлігінiң сұрақтары" 2003 жылғы 24 қарашадағы № 1172 қаулысы. 3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты. 4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан территориясында тұратын этностардың материалдық және рухани ескерткiштердi сақтау және жинақтау; халық арасында осы бағыттағы білімдi тарату; қоғамның моральдық және рухани жаңғыруына әсер ету; өскелең ұрпаққа халықтың мәдени байлығын оқыту арқылы жаңа рухта тәрбиелеу. 5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: тарихи-мәдени құндылықтарды сақтау, тiркеу, жинақтау, оқу мен пайдалануды қамтамасыз ету; әдiстемелiк әдебиеттер тарату арқылы салалық мұражайларға әдiстемелiк көмек көрсету, кеңестер беру олардың iс әрекеттерi нәтижелерiн бағалау, тақырыптық семинарлар өткізу. ҚР Үкіметінің 2004.27.12. № 197ах қаулысымен 6-тармақ өзгерді 6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары.
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: Астана қаласының мәдени, рухани келбетiн жақсарту мен одан әрi дамыту жалпы қауымды әлемдiк әдебиет және өнер жетiстiктерiмен, Қазақстан этностары тарихи құндылықтарымен таныстыру. Үкіметінiң 2003 жылғы 26 желтоқсандағы
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |