|
|
|
2004 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын "Бюджет жүйесi туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуiрдегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. 103, 104, 105, 106, 107, 108, 109, 110, 111, 112, 113, 114, 115, 116, 117, 118, 119, 120, 121-қосымшаларға сәйкес Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігінiң 2004 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламаларының паспорттары бекітілсiн. 2. Осы қаулы 2004 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының
Үкіметінiң 2003 жылғы 26 желтоқсандағы № 1327 қаулысына 103-қосымша 213 - Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігі Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi 2004 жылға арналған "Еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау саласындағы уәкiлеттi органның қызметiн қамтамасыз ету" деген 001 республикалық бюджеттік бағдарламаның ПАСПОРТЫ 1. Құны: 886058 мың теңге (сегiз жүз сексен алты миллион елу сегiз мың теңге). 2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: "Мемлекеттік қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 маусымдағы Заңы; "2004 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 5 желтоқсандағы Заңы; "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігінiң аумақтық органдарын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 28 желтоқсандағы № 1920 қаулысы; "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігінiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 20 шiлдедегi № 983 қаулысы; "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігінiң кейбір мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 21 желтоқсандағы № 1668 қаулысы. 3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты. 4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігінiң орталық аппараты мен оның аумақтық органдарына жүктелген функциялардың тиiмдi орындалуына қол жеткізу үшiн олардың қызметiн қамтамасыз ету. Еңбек жөнiнде нормативтiк база әзiрлеу, қолданыстағы және жаңадан құрылған жұмыс орындарын бағалау әдiстемесiн дамыту, әлеуметтiк шығыстарды бюджеттендiру саласындағы актуарлық потенциалды дамыту және Қазақстан Республикасында мүгедектердi оңалту саласында бiрыңғай мемлекеттік саясат жасау. "Еңбек туралы" және "Еңбектi қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңдарының орындалуын бақылауды жүзеге асыру мақсатында мемлекеттік еңбек испекторларын бақылау-өлшеу құралдарымен қамтамасыз ету. Өздерiнiң лауазымдық мiндеттерiн тиiмдi орындау және кәсiптiк шеберлiгiн жетiлдiру үшiн қойылатын біліктiлiк талаптарына сәйкес кәсiптiк қызмет саласындағы білім беру бағдарламалары бойынша теориялық және практикалық білімдi, машықтар мен дағдыларды жаңарту. 5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігінiң орталық аппараты мен оның аумақтық бөлiмшелерiн ұстау. Бiрыңғай тарифтiк біліктiлiк анықтамалары мен Бiлiктiлiк анықтамалар сатып алуды ескере отырып, еңбек жөнiнде нормативтiк база құру және әзiрлеу бойынша консультациялық қызметтер алу. Еңбек, жұмыспен қамту статистикасын, құрылатын жұмыс орындарының есебiн жетiлдiру, әлеуметтiк шығыстарды бюджеттендiру саласындағы актуарлық потенциалды дамыту бойынша консультациялық қызметтер алу. Медициналық-әлеуметтiк сараптама мәселелерi бойынша әдiстемелiк база әзiрлеу үшiн консультанттар тарту. Республиканың Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігін қазiргi заманғы есептеу техникасымен техникалық жарақтандыру. "Еңбек туралы" және "Еңбектi қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңдарының орындалуын бақылауды жедел жүзеге асыру мақсатында зиянды өндiрiстiк факторларды анықтау жөнiнде өлшеулер жүргiзу үшiн бақылау-өлшеу құралдарын сатып алу және өндiрiстегi жазатайым оқиғаларды зерттеп тексеру. Медициналық-әлеуметтiк сараптаманы сапалы жүргiзу. Мемлекеттік қызметшiлердiң кәсiптiк біліктiлiгiн арттыру. 6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары.
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігіне жүктелген функциялардың сапалы және уақытында орындалуы, қазiргi экономикалық жағдайға, кәсiби мемлекеттік қызметтiң талаптарына сәйкес мемлекеттік қызметшiлердiң кәсiби деңгейiн арттыру. Үкіметінiң 2003 жылғы 26 желтоқсандағы № 1327 қаулысына 104-қосымша 213 - Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігі Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi 2004 жылға арналған "Зейнетақы бағдарламасы" деген 002 республикалық бюджеттік бағдарламаның ПАСПОРТЫ 1. Құны: 171212599 мың теңге (бiр жүз жетпiс бiр миллиард екi жүз он екi миллион бес жүз тоқсан тоғыз мың теңге). 2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 20 маусымдағы "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Заңы 2-шы бабы; "Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтар салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтiк қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 18 желтоқсандағы Заңының 13-бабы; "2004 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 5 желтоқсандағы Заңы; Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігінде 2001 жылғы 26 наурызда № 1432 тiркелген Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау Министрінің "Орталықтан төленетiн зейнетақы төлемдерiн мемлекеттік әлеуметтiк жәрдемақылар мен мемлекеттік әлеуметтiк жәрдемақыларды тағайындауды және төлеудi ұйымдастырудың тәртібі туралы нұсқаулықты бекіту туралы" 2001 жылғы 25 наурыздағы № 17-ө бұйрығы. 3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты. 4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: жасына байланысты әлеуметтiк қамсыздандыру бөлiгiнде мемлекет кепілдiк берген мiндеттемелердi орындау, Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтар салдарынан зардап шеккен азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтiк қорғау. 5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тағайындалған зейнетақы төлемдерiн жыл сайынғы зейнетақылар мөлшерлерiн арттыруды ескере отырып уақытында төлеу, зейнеткерлiкке 1998 жылдың 1 қаңтарына дейiн шыққан азаматтардың зейнетақыларына үстемеақы төлеу жөніндегі өткен жылдардың мiндеттемелерiн орындау. 6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары.
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: зейнеткерлiк жасына жеткен адамдарды ай сайынғы табыспен қамтамасыз ету, зейнетақыларына үстемеақы төлеу жөніндегі өткен жылдардың мiндеттемелерiн орындау. Үкіметінiң 2003 жылғы 26 желтоқсандағы № 1327 қаулысына 105-қосымша 213 - Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігі Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi 2004 жылға арналған "Мемлекеттік әлеуметтiк жәрдемақылар" деген 003 республикалық бюджеттік бағдарламаның ПАСПОРТЫ 1. Құны: 38921349 мың теңге (отыз сегiз миллиард тоғыз жүз жиырма бiр миллион үш жүз қырық тоғыз мың теңге). 2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: Қазақстан Республикасында мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берiлетiн мемлекеттік әлеуметтiк жәрдемақылар туралы "Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 маусымдағы Заңының 2-бабы; "2004 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 5 желтоқсандағы Заңы; Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігінде 2001 жылғы 26 наурызда № 1432 тiркелген Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау Министрінің "Орталықтан төленетiн зейнетақы төлемдерiн мемлекеттік әлеуметтiк жәрдемақылар мен мемлекеттік әлеуметтiк жәрдемақыларды тағайындауды және төлеудi ұйымдастырудың тәртібі туралы нұсқаулықты бекіту туралы" 2001 жылғы 25 наурыздағы № 17-ө бұйрығы. 3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты. 4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: жасына байланысты, мүгедектiгi, асыраушысынан айырылуы бойынша әлеуметтiк қамсыздандыру бөлiгіндегі мемлекет кепiлдiк берген мiндеттемелердi белгiленген мөлшерде қамтамасыз ету. 5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: мемлекеттік әлеуметтiк жәрдемақыларды уақытында төлеу. 6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары.
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: мүгедектердi, асыраушысынан айырылған отбасыларды және қартаң жастағы азаматтарды ай сайынғы табыспен қамтамасыз ету. Мемлекеттік әлеуметтiк жәрдемақылар алушылардың болжанып отырған орташа жылдық саны 681 449 адамды құрайды. Үкіметінiң 2003 жылғы 26 желтоқсандағы № 1327 қаулысына 106-қосымша 213 - Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігі Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi 2004 жылға арналған "Арнайы мемлекеттік жәрдемақылар" деген 004 республикалық бюджеттік бағдарламаның ПАСПОРТЫ 1. Құны: 5576090 мың теңге (бec миллиард бес жүз жетпiс алты миллион тоқсан мың теңге). 2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: "Қазақстан Республикасындағы арнаулы мемлекеттік жәрдемақы туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 5 сәуірдегі Заңының 2-бабы; "2004 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 5 желтоқсандағы Заңы; "Арнаулы мемлекеттік жәрдемақыны тағайындаудың және төлеудiң ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 31 қаңтардағы № 161 қаулысы. 3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты. 4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтiк қолдау. 5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: арнаулы мемлекеттік жәрдемақыларды уақытында төлеу. 6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары.
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: азаматтардың жекелеген санаттарын ай сайынғы қосымша табыспен қамтамасыз ету. Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы алушылардың болжанып отырған орташа жылдық саны 130 461 адамды құрайды.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |