Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық
Ерекше экологиялық, тарихи, ғылыми, эстетикалық және рекреациялық құндылығы бар Алматы облысының бірегей табиғи кешендерін сақтау әрі қалпына келтіру мен оларды одан әрі дамытуды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің "Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Мекеме) құрылсын. 2. Алматы облысы Еңбекшіқазақ, Райымбек және Ұйғыр аудандарының аумағындағы мынадай санаттардағы жерлерден жалпы ауданы 93150 гектар жер учаскелері: жер қорынан - жалпы ауданы 88136 гектар жер учаскелері; орман қоры жерлерінен - Ұйғыр мемлекеттік орман шаруашылығы мекемесінен жалпы ауданы 5014 гектар жер учаскелері алынсын және олар қосымшаға сәйкес тұрақты жер пайдалану құқығымен Мекемеге берілсін. Көрсетілген жер учаскелері жер қоры және орман қоры жерлері санатынан ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерлері санатына ауыстырылсын, ал осы аумақта орналасқан ормандар "табиғаттың мемлекеттік орман ескерткіштері" санатына жатқызылсын. 3. Алматы облысының әкімдігі Мекеме жерлерінің төңірегінде күзет аймағын белгілеп, осы аймақтың шегінде экологиялық жүйелердің жай-күйіне теріс әсер ететін кез келген қызметке тыйым салсын. 4. Қазақстан Республикасының Жер ресурстарын басқару жөніндегі агенттігі Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман және аңшылық шаруашылығы комитетімен бірлесіп, белгіленген тәртіппен жергілікті жерде Мекеме жерлерінің шекарасын белгілесін. 5. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті белгіленген тәртіппен: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|