|
|
|
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгі Орман және аңшылық
Батыс Тянь-Шань тау жүйесi Қаратау жотасының бiрегей табиғи кешендерiн сақтау және қалпына келтiру мақсатында Қазақстан Республикасының Yкіметi қаулы етеді: 1. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетiнiң "Қаратау мемлекеттік табиғи қорығы" мемлекеттік мекемесi (бұдан әрi - Мекеме) құрылсын. 2. Қосымшаға сәйкес Оңтүстiк Қазақстан облысы Түркiстан қаласының аумағындағы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жалпы алаңы 196 гектар жер учаскелерi, сондай-ақ жалпы алаңы 34104 гектар қордағы жерлер жер санатынан алынсын және олар тұрақты жер пайдалану құқығымен Мекемеге берілсін. Көрсетілген жер учаскелерi ауыл шаруашылығы мақсатындағы және қордағы жерлер санатынан ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерлерi санатына көшiрiлсін, ал осы аумақта орналасқан ормандар "мемлекеттік табиғи қорықтар ормандары" қорғаныштық санатына жатқызылсын. 3. Қазақстан Республикасының Жер ресурстарын басқару жөніндегі агенттігi Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң Орман және аңшылық шаруашылығы комитетімен бiрлесіп, белгiленген тәртiппен Мекеме жерлерінiң жергілiктi шекарасын белгiлесiн. 4. Оңтүстiк Қазақстан облысының әкімі күзет аймағының шегінде бұл аумақтардың экологиялық жүйесiнiң жай-күйiне терiс әсер ететiн кез келген қызметке тыйым сала отырып, Мекеме жерлерінiң төңiрегiнде күзет аймағын белгілесін. 5. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігiнің Орман және аңшылық шаруашылығы комитетi заңнамада белгiленген тәртіппен: 1) Мекеме туралы ереженi бекiтсiн және оның әдiлет органдарында мемлекеттік тiркелуiн қамтамасыз етсін; 2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын. 6. Мекеменi қаржыландыру республикалық бюджетте ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды ұстауға көзделетiн сомалар есебiнен және шегiнде жүзеге асырылады деп белгiленсін. ҚР Үкіметінің 24.06.04 ж. № 604 қаулысымен 7-тармақ өзгертілді 7. ҚР Үкіметінің 2005.06.04. № 310 Қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара) 8. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының
Қазақстан Республикасы ?кіметінің 2004 жылғы 1 наурыздағы № 249 қаулысына қосымша Оңтүстік Қазақстан облысы Түркiстан қаласының аумағында құрылатын Қаратау мемлекеттік табиғи қорығына тұрақты жер пайдалануға берiлетiн жер учаскелерiнiң Экспликациясы
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |