Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 21 мамырдағы № 674 ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 2 ақпандағы № 91 қаулысымен күші жойылды Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының Ұлттық ақпараттық инфрақұрылымын қалыптастырудың және дамытудың мемлекеттік бағдарламасы туралы" 2001 жылғы 16 наурыздағы № 573 және "Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 16 наурыздағы № 573 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2003 жылғы 21 қарашадағы № 1232 Жарлықтарын орындау үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. "Қазақстан Республикасының Ұлттық ақпараттық инфрақұрылымын қалыптастырудың және дамытудың 2001-2003 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 21 мамырдағы № 674 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін: тақырыбындағы және 1-тармақтағы "2001-2003" деген сандар "2001-2005" деген сандармен ауыстырылсын; 3-тармақтағы "Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары О.Ә. Жандосовқа" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Г.А.Марченкоға" деген сөздермен ауыстырылсын; көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық ақпараттық инфрақұрылымын қалыптастырудың және дамытудың 2001-2003 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 24 ақпандағы № 217 қаулысына қосымша Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 21 мамырдағы № 674 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық ақпараттық инфрақұрылымын Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|