Өнер тапқыштық саласындағы жетістіктерге республикалық конкурс туралы Өнертапқыштық қызметті ынталандыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫЗ: 1. 2004 жылдан бастап жыл сайын Өнертапқыштық саласындағы жетістіктерге республикалық конкурс өткізілсін. 2. Қоса берілген Өнертапқыштық саласындағы жетістіктерге республикалық конкурс өткізу ережесі және Өнертапқыштык саласындағы жетістіктерге республикалық конкурс өткізу жөніндегі конкурстық комиссияның құрамы бекітілсін. 3. Конкурсты өткізу жөніндегі уәкілетті орган болып Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Санаткерлік меншік құқығы жөніндегі комитеті белгіленсін. 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Әділет вице-министрі Ж.Қ.Асановқа, Білім және ғылым вице-министрі Н.С.Бектұрғановқа жүктелсін. Қазақстан Республикасының
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің
Әділет министрінің 2004 жылғы 24 наурыздағы № 72 Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі міндетін атқарушының 2004 жылғы 24 наурыздағы № 242 бірлескен бұйрығымен БЕКІТІЛГЕН Өнертапқыштық саласындағы жетістіктерге республикалық конкурсты өткізу ережесі 1. Жалпы ережелер 1, Осы ереже Өнертапқыштық саласындағы жетістіктерге республикалық конкурсты (бұдан әрі конкурс) өткізудің тәртібі мен шарттарын белгілейді. 2. Конкурс ұлттық өтінім берушілердің патент берілген өнертабыстары арасында өткізілген конкурс алдындағы жылдың қорытындылары бойынша жыл сайын сәуір айында өткізіледі. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|