Заңға тәуелдi кесiмдердi жетілдiру жөніндегі шаралар туралы Қазақстан Қазақстан Республикасы Үкіметінiң, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің кесiмдерiн, сондай-ақ орталық және жергілiктi мемлекеттік органдардың нормативтiк құқықтық кесiмдерiн Қазақстан Республикасының Конституциясына, заңнамалық және өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерiне сәйкес келтiру мақсатында: 1. Орталық және өзге де мемлекеттік органдар (келісім бойынша): 1) Қазақстан Республикасы Үкіметінiң және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің қолданыстағы кесiмдерiне (1991-2003 жылдар), ведомстволық нормативтiк құқықтық, соның iшiнде Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігінде тiркелген кесiмдерге (1994-2003 жылдар), тиiсiнше осы өкімге 1 және 2-қосымшаларға сәйкес мәселелер тiзбесiмен, кесте бойынша тексерiс жүргiзсiн; 2) тұрақты негiзде норма шығармашылық қызметті талдасын; 3) есептi кезеңнен кейiнгi айдың бесiншi күнiне қарай Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгіне: 1) тармақша бойынша - ай сайын осы өкiмге 3-қосымшаға сәйкес нысандар бойынша; 2) тармақша бойынша - тоқсан сайын ақпарат ұсынсын; 4) Қазақстан Республикасының Конституциясына, заңнамалық және өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерiне қайшы келетiн кесiмдер анықталған жағдайда, осы өкiмге 3-қосымшада көрсетiлген 2 және 5-нысандар бойынша ақпаратпен бiр мезгiлде Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігіне заңнамада белгiленген тәртiппен нормативтiк құқықтық кесiмдердiң тиiстi жобаларын ұсынсын. 2. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары аумақтық әдiлет органдарында тiркелген нормативтiк құқықтық кесiмдерге осы өкiмге 4-қосымшаға сәйкес кесте бойынша тексерiс жүргiзсiн және осы өкiмге 5-қосымшаға сәйкес есептілiк нысандары бойынша тиiстi ақпарат ұсынсын. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|