|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 28 қарашадағы № 1194 қаулысына толықтырулар енгізу туралы
ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 18 наурыздағы № 148 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. "Табиғи монополия саласына жататын, ұсынылатын қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) арналған үлгi шарттарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2003 жылғы 28 қарашадағы № 1194 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2003 ж., № 45, 493-құжат) мынадай толықтырулар енгiзiлсiн: осы қаулыға 1, 2, 3, 4, 5-қосымшаларға сәйкес қосымшалармен толықтырылсын. 2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi және жариялануға тиiс. Қазақстан Республикасының
Yкіметінiң 2004 жылғы 23 сәуірдегі № 458 қаулысына 1-қосымша Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 28 қарашадағы № 1194 қаулысымен бекітілген Табиғи газды тасымалдау жөніндегі қызметтердi көрсетудi ұсынуға арналған үлгі шарт __________________ 200_ж. "___" _____________ (шарт жасасу орны) Бұдан әрi Тараптар деп аталатын, табиғи газды тасымалдау жөнiнде қызметтер көрсетудi ұсынатын (бұдан әрi - Қызметтер) ___________________________________________________________________ (қызметтi ұсынатын субъектiнiң атауы, құрылтайшылық құжаттары, ___________________________________________________________________ мемлекеттік тiркеу туралы куәлiк, берілген күнi мен берген орган) ____________________________________________________________ атынан (лауазымы, т.а.ж.) бұдан әрi, Қызмет берушi деп аталатын _____________________________ (құжаттың атауы) негiзiнде iс-қимыл жасаушы, бiр тараптан және _____________________ (тұтынушының атауы) __________________________________________ бұдан әрi Тұтынушы деп аталатын, __________________________________________________ атынан (лауазымы, т.а.ж) екiншi тараптан, төмендегiлер туралы осы Шартты (бұдан әрi - Шарт) жасасты. 1. Шартта пайдаланылатын негiзгi ұғымдар 1. Шартта мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады: газ тасымалдау жүйесi - газ тасымалдайтын, газ бөлетiн ұйымның меншiгіндегі немесе өзге де заңды негiзде олардағы құрылысты магистральдық газ құбырларын, газ құбырлары-ағытқылары, газ бөлетiн желiлердi қамтитын газ құбырларының жүйесi; табиғи газ - Тұтынушының меншiгi болып табылатын немесе кез келген заңды негiзде оның билiгіндегі Қазақстан Республикасының аумағында өндiрiлетiн және сатып алынатын, Қазақстан Республикасының аумағынан тыс сатып алынатын газ; газды есепке алу аспаптары - нормаланған техникалық сипаттамасы бар және көлемiнiң және (немесе) энергия құрамы бiрлiгiнде газ мөлшерiн өлшеуге арналған өлшеу құралы; беру пунктi - табиғи газды Тұтынушыға немесе оның уәкiлеттi өкiлiне беру жүргiзiлетiн табиғи газды тасымалдаудың түпкiлiктi пунктi; газды қабылдау (беру) пунктi - шарттарда Қызмет берушi, газ тасымалдаушы, газ бөлуші ұйымдар мен тұтынушы арасында айқындалған, әдеттегiдей газ есептеу аспабымен жарақталған газ жеткiзушi пунктi; есеп айырысу кезеңi - жеткiзiлген газдың көлемi айқындалатын, Қызмет берушi, гaз тасымалдаушы, газ бөлушi ұйымдар мен тұтынушылар арасында жеткiзiлген газ үшiн өзара есеп айырысу жүргiзiлетiн кезең. Тараптармен келісілген есеп айырысу кезеңi шартта көрсетiледi; реттеушi орган - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес табиғи монополия субъектiлерiнiң қызметтерiне арналған тарифтердi (бағаларды, алым ставкаларын) мемлекеттік реттеудi жүзеге асыруға уәкiлеттiк берiлген мемлекеттік орган. 2. Шарттың мәнi 2. Шарттың талаптарына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағы бойынша табиғи газды қабылдау пунктiнен беру пунктiне тасымалдау жөніндегі қызметтердi көрсету бойынша Қызмет беруші өзiне мiндеттеме қабылдайды, ал Тұтынушы мiндеттеме тапсырады. 3. Табиғи газды тасымалдау көлемi, айлар бойынша бөлiнген тасымалдау кестесi, қабылдау пунктi мен беру пунктi Тараптармен қосымша келісіледi және Шартқа қоса берiледi. 4. Шарт Тұтынушымен жеке тәртiппен жасалады. Заңнамада көзделген жағдайларда, Тұтынушының өз өкiлеттiгiн Шарт жасасу бойынша үшiншi тұлғаға беруге құқығы бар. Қызметтер ұсынудың режимi - тәулiк бойы. 5. Табиғи газды тасымалдау жөніндегі қызметтердi беру бойынша қызметтер ұсынудың техникалық шарттары мен сипаттамалары: ___________________________________________________________________ (осы тармақта нормативтiк техникалық құжаттардың ___________________________________________________________________ талаптарына сай болуы тиiс Шapт мәнiнiң техникалық ___________________________________________________________________ талаптары мен сипаттамалары көзделедi) 6. Газды тиiсiнше жеткiзу үшiн құқықтық, техникалық (технологиялық) және ұйымдастыру жағдайларының болуы, оның iшiнде: 1) Тұтынушы тарапынан - газ жабдығын пайдалану жөнiнде рұқсат беретiн құжаттардың, газ тұтынылатын қондырғылардың, жабдықтардың жарамдылығын растайтын құжаттардың болуы; 2) Қызмет берушi тарапынан - газдың тиiстi көлемi туралы растайтын құжаттың (ресурстық анықтаманың, газды сатып алу шартының нотариалды куәландырылған көшiрмесiнiң) болуы шарт жасасудың талаптары болып табылады. 3. Қызметтердiң құны мен ақы төлеу тәртібі 7. Табиғи газды тасымалдау жөніндегі қызметтерге ақы төлеу реттеушi орган бекiткен тарифтер бойынша жүргiзiледi. Қызметтердiң құны Шарттың өзге де талаптары сияқты, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген жеңiлдiктер мен артықшылықтар ескерiле отырып, қызметтер ұсыну жағдайларынан басқа, барлық тұтынушыларға бiрдей белгiленедi. 8. Ақы төлеудi Тұтынушы екi жақты актiлердiң негiзiнде нақты көрсетiлген қызметтер үшiн Қызмет берушiнiң шот-фактурасын алған сәттен бастап 5 банк күнi iшiнде, егер Тараптардың келісімiнде өзгеше көзделмесе, ай сайын жүргізеді. 4. Табиғи газды тасымалдау және есепке алу шарттары 9. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық келісімдерде өзгеше белгiленбесе, Қызмет берушi Тұтынушының газ тасымалдaу жүйесiне беретiн табиғи газдың сапасы физикалық-химиялық көрсеткiштерi бойынша Қазақстан Республикасында қабылданған стандарттар мен нормативтерге сай болуы тиiс. 10. Табиғи газды тасымалдау Қызмет берушi мен Тұтынушының арасында келісілген тасымалдау кестесiне сәйкес жүзеге асырылады. 11. Тұтынушыға берiлетiн табиғи газдың көлемiн Қызмет берушi Шартта белгiленген тәртiппен әрi талаптармен тiркейдi және өлшейдi. 12. Қызмет берушi технологиялық жабдықтың авариялық зақымдануы туындаған жағдайда, газ шаруашылығы саласындағы нормативтiк құқықтық актiлерде және нормативтiк-техникалық құжаттарда белгiленген тәртiппен Қызметтi резервте сақтауды қамтамасыз етедi. 5. Тұтынушының құқықтары мен мiндеттерi 13. Тұтынушының: 1) жасалған шарттарға сәйкес қызметтер көрсетiлуiне; 2) Қызмет берушiден қызметтердi толық жеткiзбегендiктен немесе сапасыз жеткiзгендiктен шеккен залалды өтеудi жасалған шарттардың талаптарына сәйкес талап етуге; 3) шарттарды жасасуға және орындауға байланысты даулы мәселелердi шешу үшiн сот органдарына жүгінуге; 4) Қызмет берушiмен жасалған Шартты бiржақты тәртiппен бұзуға, бұл туралы Қызмет берушi бiр айдан кешiктiрмей хабардар етiлген және табиғи газды тасымалдау жөнiнде көрсетiлген қызметтер үшiн толық ақы төленген жағдайда бұзуға, құқығы бар. 14. Тұтынушы: 1) табиғи газды тасымалдау жөніндегі қызметтер үшiн Шартта белгiленген тәртiппен және жағдайларда ақы төлеудi уақтылы әрi толық көлемде жүргізуге; 2) Қызмет берушiнiң Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгiлеген техникалық талаптарын орындауға; 3) қабылдау пунктiне жеткiзiлетiн табиғи газдың сапасы мен мөлшерi үшiн жауап беруге мiндеттi. 6. Қызмет берушiнiң құқықтары мен мiндеттерi 15. Қызмет берушiнiң: 1) Тұтынушыдан Шартта белгiленген тәртiппен және жағдайларда ұсынылған қызметтер үшiн ақыны уақтылы әрi толық көлемде алуға; 2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Тұтынушының сақтауы үшiн мiндеттi техникалық талаптарды белгiлеуге; 3) барлық тұтынушылар үшiн реттеушi орган бекiткен тәртiппен тарифтердiң қолданылуы кезеңiнде көрсетiлген қызметтер үшiн тарифтердi төмендетуге құқығы бар. 16. Қызмет берушi: 1) табиғи газды Тұтынушымен келісілген көлемде газ қабылдау пунктiне қабылдауға және табиғи газдың Шартта белгiленген тәртiппен әрi жағдайларда газ беру пунктiне бiрқалыпты және үздiксiз тасымалдануын қамтамасыз етуге; 2) Тұтынушыны кез келген төтенше жағдайлар немесе табиғи газды тасымалдауға әсер етуi ықтимал авариялар туралы дереу хабардар етуге, сондай-ақ табиғи газды тасымалдауды қалпына келтiру үшiн барлық қажеттi iс-әрекет қолдануға; 3) Тұтынушыны табиғи газды тасымалдау жөніндегі қызметтерге арналған тарифтердiң өзгергенi туралы олар қолданысқа енгiзiлгенге дейiн он күннен кешiктiрмей хабардар етуге; 4) Тұтынушыға немесе оның уәкiлеттi өкiлiне табиғи газды тасымалдау мәселелерi жөнiнде ақпарат ұсынуға мiндеттi. 7. Тараптарды шектеу 17. Тараптарға Тараптардың құқықтарын шектейтiн не өзгеше үлгіге Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзатын iс-әрекет жасауға тыйым салынады. 8. Тараптардың жауапкершiлiгi 18. Осы Шарт бойынша мiндеттемелер орындалмаған немесе тиiсiнше орындалмағаны үшiн Тараптар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жауапты болады. 19. Осы шартта көзделген мiндеттемелердiң орындалу мерзiмi еткен жағдайда кiнәлi тарап екiншi тарапқа Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ақшалай мiндеттемелердiң нақты орындалуы күнiне қолданылатын әрбiр мерзiмi еткен күнi үшiн қайта қаржыландырудың 1,5 есе ставкасынан аспайтын мөлшерде, бiрақ негiзгi қарыздың сомасынан аспайтын сомада тұрақсыздық айыбын төлейдi. Есеп айырысу кезеңiнен кейiнгi айдың бiрiншi күнi тұрақсыздық айыбын есептеу мерзiмiнiң басталуы болып табылады. 20. Егер Тұтынушыға табиғи газды тасымалдау жөнiнде қызмет көрсету Қызмет берушi үшiн мүмкiн болмауы Қызмет берушiмен шарттық қатынастарда тұратын басқа тұлғалардың кiнәсiнен туындаса, Тұтынушы алдында Қызмет берушi жауапты болады. 21. Тұрақсыздық айыбын төлеу Тараптарды Шарт бойынша мiндеттемелерiн орындаудан босатпайды. 9. Форс-мажорлық мән-жайлар 22. Тараптар Шарт бойынша мiндеттемелердiң орындалмағаны немесе тиiсiнше орындалмағаны үшiн, егер бұл еңсерiлмес күштiң салдарынан болған мән-жайлар болса, жауапкершiлiктен босатылады. Мұндай жағдайда Тараптардың бiр де бipeуi залалды өтетуге құқығы жоқ. Тараптардың кез келгенiнiң талабы бойынша мұндай жағдайда өзара мiндеттемелердiң атқарылуын анықтайтын комиссия құрылуы мүмкiн. Бұл ретте Тараптардың бір де бiреуi шарт бойынша еңсерiлмес күш мән-жайлары болғанға дейiн туындаған мiндеттемелерден босатылмайды. Еңсерiлмес күш мән-жайлары туындаған жағдайларда Тараптар олар туындаған күннен бастап бес жұмыс күнiнiң iшiнде бұл туралы бiр бiрiне Қазақстан Республикасының тиiстi уәкiлеттi ұйымы растаған форс-мажор мән-жайларының басталған күнiн нақтылайтын әрi сипаттайтын жазбаша хабарламаны кейiннен бере отырып не почтамен жiберу арқылы хабарлайды. 23. Тараптардың Шарт бойынша мiндеттемелерi еңсерiлмес күш мән-жайларының мерзiмiне, бiрақ осындай мән-жайлары Тараптардың Шарт бойынша мiндеттемелерiн орындауға кедергi келтiрген дәрежеде ғана тоқтатыла тұруы мүмкiн. Егер еңсерілмес күш мән-жайлары 3 және одан да көп айға созылған жағдайда, Тараптардың әрқайсысы басқа тарапқа болжамды бұзу күнiне дейiн жиырма күнтiзбелiк күн бұрын алдын ала хабарлаған жағдайда Шартты бұзуға құқылы. Бұл ретте Тараптар 30 күнтiзбелiк күн iшiнде Шарт бойынша барлық өзара есеп айырысуды жүргiзуге мiндеттенедi. 10. Жалпы ережелер және дауларды шешу 24. Тараптар көрсеткiштердi алу, телеөлшемдер мен коммерциялық есепке алу жүйелерi тiзбектерiнiң техникалық жай-күйiн тексеру мақсатында тәулiк iшіндегі кез келген уақытта коммерциялық есепке алу аспаптарына қол жеткiзуге бiр бiрiне рұқсат беруге мiндеттенедi. Есеп айырысу кезеңi аяқталысымен коммерциялық есепке алу аспаптарының көрсеткiштерiн алуды Тараптардың уәкiлеттi өкiлдерi жүргiзедi. Егер Тараптардың бiрiнiң уәкiлеттi өкiлi болмаса не көрсеткiштердi алудан бас тартса, онда басқа тараптың уәкiлеттi өкiлiне көрсеткiштердi дербес алуды жүргiзуге рұқсат етiледi. Тараптардың уәкiлеттi өкiлдерi коммерциялық есепке алу аспаптарының көрсеткiштерiн алған кезде, коммерциялық есепке алу аспаптарының көрсеткiштерiн салыстыру актiсiне қол қойылуға тиiс. 25. Тараптар келесi есеп айырысу айынан кейiнгi күнтiзбелiк айдың бесiншi күнiне дейiнгi мерзiмде көрсетiлген қызметтердiң, Тараптардың қолдары қойылып, мөрлерiмен расталатын тиiстi есеп айырысу кезеңi iшiнде көрсетiлген көлемдерiн салыстыру актiсiн ресiмдейдi. Тараптардың бiрi актiге қол қоюдан бас тартқан жағдайда, көрсетiлген қызметтердiң көлемiн растайтын құжат нақты теңгерiм болып табылады. 26. Өздерiнiң құқықтық қатынастарында Тараптар Шартты және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын басшылыққа алады. 27. Шартты бұзу немесе талаптарын өзгерту Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген негiздеме бойынша және тәртiппен жүргiзiледi. 28. Шарттың қандай да бiр ережесi бойынша немесе тұтастай не қандай да бiр мәселеге немесе Шарттың ережелерiне қатысты iс-әрекетке байланысты қандай да бiр дау немесе келiспеушiлiк туындаған жағдайда Тараптардың кез келгенi басқа тарапқа даудың мәнiн толық баяндай отырып, талап қоюға құқылы. Тараптар барлық дауларды келiссөздер жолымен реттеу үшiн бар күш-жiгерiн жұмсайды. 29. Келісімге қол жетпеген жағдайда, Шарт бойынша барлық даулар мен келiспеушiлiктер жауап берушiнiң орналасқан жерi бойынша соттарда шешiледi. 30. Тараптардың Шарттан туындайтын және олармен реттелмеген қатынастары Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледi. 31. Тараптарда сақталатын және бiрдей заң күшi бар Шарт 2 данада жасалады. Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерге арналған Шарт Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі қазынашылығының аумақтық органдарында тiркеледi және ол тiркелген сәттен бастaп қолданысқа енгізiледi. 11. Шарттың қолданылу мерзiмi 32. Шарт 200_ жылғы "___" _______ 00-00 сағаттан бастап күшiне енедi және 200_ жылғы "___" ______ 24-00 сағатқа дейiн қолданылады. 33. Шарттың қолданылу мерзiмi, егер Шарттың қолданылу мерзiмi аяқталғанға дейiн отыз күн бұрын Тараптардың бiрi бұл туралы мәлiмдесе, қызмет көрсету көлемiн нақтылай отырып, белгiлi бiр мерзiмге ұзартылады және Шартқа қосымша келісіммен ресiмделедi. 12. Тараптардың деректемелерi Қызмет беруші:____________ Тұтынушы: ____________ Yкіметінiң 2004 жылғы 23 сәуірдегі № 458 қаулысына 2-қосымша Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 28 қарашадағы № 1194 қаулысымен бекітілген Табиғи газды сақтау жөніндегі қызметтер көрсетудi ұсынуға арналған ҮЛГI ШАРТ ______________________ 200_ жылғы "___"_________ (шарттың жасалған орны) Бұдан әрi Қызмет берушi деп аталатын, _______________________ негiзiнде әрекет ететiн ____________________________________ атынан (қызметтi ұсынатын субъектiнiң деректемелерi) _________________________________________________ бiр тараптан және (лауазымы, аты-жөнi) бұдан әрi Тұтынушы деп аталатын, қызметтер көрсетудi пайдаланушы ____________________________________________________________ атынан (қызметтi пайдаланатын субъектiнiң деректемелерi) ___________________________________________________ екiншi тараптан (лауазымы, аты-жөнi) төмендегiлер туралы осы Шартты жасасты. 1. Шартта пайдаланылатын негiзгi ұғымдар 1. Шартта мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады: табиғи газ - Қазақстан Республикасының аумағында өндірілетін және сатып алынатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде сатып алынатын табиғи, мұнайлы (iлеспе) және құрғақ газ; жер асты газ сақтау орны - табиғи газды маусымдық әркелкi тұтыну кезеңiнде жеткiзудi қамтамасыз ету үшiн газдың технологиялық қорына қолда көрсетiлетiн магистральдық газ құбырының бөлiгi болып табылатын жep үстi жабдықтары кешеніндегі жер асты құрылыстары; табиғи газды қабылдау пунктi - әдетте Тұтынушы табиғи газды жеткiзетiн, жер астында газды сақтау орнындағы табиғи газды есепке алу приборымен жарақтандырылған, одан кейiн табиғи газды сақтау үшін тікелей жер асты газ сақтау орнына (бұдан әрi - ЖГС) айдап құятын газ жеткiзу пунктi; уәкiлеттi орган - табиғи монополия саласындағы қызметтi бақылау мен реттеудi жүзеге асыратын мемлекеттік орган. 2. Шарттың мәнi 2. Қызмет берушi Шарттың талаптары бойынша мемлекеттік стандарттармен, нормативтiк кесiмдермен және өзге де техникалық талаптармен белгiленген сақтау нормаларын (режимдерiн) сақтай отырып, оған берiлген табиғи газды сақтауға мiндеттенедi, ал Тұтынушы ұсынылған қызметтер көрсетуге ақы төлеуге мiндеттенедi. 3. _____ текше метр көлемдегi табиғи газды ЖГC-де сақтау 200 __ жылғы ____ бастап 200_ жылғы ______ (қоса алғанда) кезеңде оны айдап құю және 200_ - 200_ жылдар кезеңiнде iрiктеп алу арқылы жүзеге асырылады. 4. Шарт Тұтынушымен жеке тәртiппен жасалады. Заңнамада көзделген жағдайларда, Тұтынушының Шарт жасасу жөнiндегі өз өкiлеттiгiн үшiншi тұлғаға табыстауға құқығы бар. 5. Қызметтер көрсетудi ұсынудың режимi - тәулiк бойы. 3. Қызметтер көрсетудiң құны және ақы төлеу тәртібі 6. Табиғи газды жер асты газ сақтау орнында сақтау жөніндегі қызметтер көрсетуге ақы төлеу уәкiлеттi орган бекiткен тарифтер бойынша жүргiзiледi. 7. Тұтынушы ақы төлеудi екi жақты актiнiң негiзiнде нақты ұсынылған қызметтер көрсету үшiн Қызмет берушiнiң шот-фактурасын алған сәттен бастап үш күн iшiнде, егер Тараптардың келісімiнде өзгеше көзделмесе, ай сайын жүргiзедi. 8. Тоқсан iшіндегі қорытындылар бойынша қаржылық есептердi салыстырудың бухгалтерлiк актілерін, актiлерге қол қоятын, мөрмен растайтын және есептiден кейiнгi айдың 15-күнiне дейiн Тұтынушыға жiберетiн Қызмет берушi ресiмдейдi. Актiлерге Тұтынушы қол қояды, мөрмен растайды және қайтадан Қызмет берушiге жiбередi. 4. Табиғи газды сақтау және есепке алу шарттары 9. Шарт бойынша сақтауға берiлетiн табиғи газ Қазақстан Республикасының нормативтiк кесiмдерiнде белгiленген талаптарға сай болуы тиiс. 10. Табиғи газ ай бойы бiрдей бөлiктермен жеткiзiледi. 11. Табиғи газдың ағыны табиғи газды сақтауға жеткiзу және қабылдау актілерін, табиғи газды iрiктеп алу актiсiн және табиғи газды сақтаудың орташа айлық көлемi туралы актiсiн жасау жолымен ЖГС-ның өлшеу тораптарында ай сайын есепке алынатын болады, ол мынадай формула бойынша есептеледi: V орт.ай. сақ.=V айдың басында + 1/2V айдап құю - 1/2V iрiктеп алу. 12. Актiлер екi данада жасалады және есеп жасалған айдан кейiнгi айдың бесiншi күнiне дейiн Тараптардың уәкiлеттi өкiлдерi оған қол қояды. 13. Тараптардың сақтауға қабылданған табиғи газдың мөлшерiн айқындауға байланысты наразылықтары екi жақты актiлерге қол қойылғаннан кейiн он күн iшiнде жасалады. 5. Тараптардың құқықтары мен мiндеттерi 14. Тұтынушының: 1) ИМ-74 кеден декларациясында көрсетiлген көлемде ЖГС-да сақтаулы табиғи газға билiк етуге; 2) белгiленген сапада қызметтер көрсетудi алуға және Қызмет берушiден мемлекеттік стандарттар мен өзге де нормативтiк құжаттарда белгiленген талаптарға сай келмейтiн қызметтер көрсетудi ұсынған жағдайда, қызметтер көрсетудің құнын қайта есептеудi талап етуге; 3) Қызмет берушi бұл туралы отыз күннен кешiктiрмей хабардар етiлген және табиғи газды ЖГС-да сақтау жөніндегі қызметтер көрсету үшiн толық ақы төленген жағдайда, Қызмет берушiмен жасалған Шартты бiр жақты тәртiппен бұзуға құқығы бар. 15. Тұтынушы: 1) "___" табиғи газды ЖГС-ға сақтау жөніндегі қызметтер көрсету үшiн Шартта белгiленген тәртiппен және жағдайда ақы төлеудi уақтылы әрi толық көлемде жүргiзуге; 2) Қызмет берушi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгiлейтiн техникалық талаптарды орындауға; 3) Қызмет берушiге газды ЖГC-ғa айдап құю басталғанға дейiн жеткiзiлетiн газдың бүкiл көлемi үшiн газдың шыққан жерi сертификатының көшiрмесi мен оның сапасы паспортының түпнұсқасын беруге; 4) ИМ-74 (сақтау орнына айдап құю) және ИМ-40 (сақтау орнынан iрiктеп алу) режиміндегі газды кедендiк ресімдеу үшiн толық жауапты болуға және Қызмет берушiге тиiстi режимнiң жүк кеден декларациясының төртiншi данасының түпнұсқасын беруге мiндеттi. 16. Қызмет берушiнiң: 1) Тұтынушыдан Шартта белгіленген тәртiппен және жағдайда ұсынылған қызметтер көрсету үшiн уақтылы әрi толық көлемде ақы алуғa; 2) Тұтынушының сақтауы мiндеттi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес техникалық талаптар белгiлеуге; 3) барлық тұтынушылар үшiн уәкiлеттi орган бекіткен тәртiппен тарифтердiң қолданысы кезеңінде ұсынылатын қызметтер көрсету үшiн тарифтердi төмендетуге құқығы бар. 17. Қызмет берушi: 1) осы Шартта белгiленген кезеңде ЖГС-дағы табиғи газдың Шартта белгiленген тәртiппен және жағдайда сақталуын қамтамасыз етуге; 2) Тұтынушыны табиғи газды айдап құюға және (немесе) сақтауға және (немесе) iрiктеп алуға әсер етуi мүмкін кез келген төтенше жағдайлар немесе авариялар туралы дереу хабардар етуге, сондай-ақ табиғи газды айдап құюды және (немесе) сақтауды және (немесе) iрiктеп алуды қалпына келтiру үшiн барлық қажеттi iс-қимылды жасауға; 3) Тұтынушыны табиғи газды сақтау жөніндегі қызметтер көрсету тарифтерiнiң өзгергенi туралы олар қолданысқа енгiзiлгенге дейiн 10 (он) күннен кешiктiрмей хабардар етуге; 4) Тұтынушыға немесе оның уәкiлеттi өкiлiне табиғи газды сақтау мәселелерi бойынша ақпарат ұсынуға мiндеттi. 6. Тараптарды шектеу 18. Тараптарға Тараптардың құқықтарын шектейтiн не өзгеше түрде Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзатын iс-қимыл жасауға тыйым салынады. 7. Тараптардың жауапкершiлiгi 19. Шартта көзделген мiндеттемелер орындалмаған немесе тиiсiнше орындалмаған жағдайда, кiнәлi тарап басқа тарапқа Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келтiрiлген залалды өтейдi. 20. Қызметтер көрсетуді ұсынғаны үшiн ақы төлеудiң мерзiмi өткен жағдайда, Тұтынушы Шартқа сәйкес (24-тармақта көзделген жағдайларды қоспағанда) және өзiне сақтауға берiлген табиғи газды Қызмет берушi уақтылы қайтармаған жағдайда кiнәлi тараптар осы сомаларды төлейтiн күнi қолданыстағы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің 1,5 есе қайта қаржыландыру ставкасынан аспайтын мөлшерде, бiрақ негiзгi борыш сомасынан аспайтын төлемнiң мерзiмi өткен әрбiр күн үшiн тұрақсыздық айыбын төлейдi. 21. Егер Тұтынушыға ЖГС-да табиғи газды сақтау жөнiнде қызметтер көрсетудiң Қызмет берушi үшiн мүмкiн болмауы Қызмет берушiмен шарттық қатынаста тұратын басқа тұлғалардың кiнәсiнен туындаса, Тұтынушы алдында Қызмет берушi жауапты болады. 22. Тұрақсыздық айыбын төлеу Тараптарды Шарт бойынша мiндеттемелерiн орындаудан босатпайды. 23. Егер Шарттың қолданылу мерзiмi аяқталғаннан кейiн ЖГС-да сақтаулы табиғи газды Тұтынушы қайта алмаса, онда ол Қызмет берушiге табиғи газды одан әрi сақтау үшiн Шартта белгiленген тәртiппен және талаптармен мөлшерлес сыйақы төлеуге мiндеттi. 8. Форс-мажор мән-жайлары
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |