|
|
|
Арал өңiрiнiң проблемаларын кешендi шешу жөнiндегі 2004-2006 жылдарға (2005.06.10. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Үкіметінің 2009.19.09. № 1411 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қоса берiлiп отырған Арал өңiрiнiң проблемаларын кешендi шешу жөніндегі 2004-2006 жылдарға арналған бағдарлама (бұдан әрi Бағдарлама) бекітілсiн. 2. Орталық және жергiлiктi атқарушы органдар Бағдарламада көзделген iс-шаралардың уақтылы орындалуын қамтамасыз етсiн және жарты жылдықтың қорытындысы бойынша 20 қаңтардан және 20 шiлдеден кешiктiрмей Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігіне олардың iске асырылу барысы туралы ақпарат ұсынсын. 3. Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі жарты жылдықтың қорытындысы бойынша 1 ақпаннан және 1 тамыздан кешiктірмей Қазақстан Республикасының Yкіметіне Бағдарламаның iске асырылу барысы туралы жиынтық ақпарат ұсынсын. 4. Ақтөбе, Қарағанды, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстарының әкiмдерiне әзiрленетiн өңiрлiк бағдарламаларда «Арал өңiріндегі экологиялық қасiрет салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтiк қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 30 маусымдағы Заңының қолданысына жатқызылатын аумақтарды дамыту жөніндегі кешендi шараларды және тетiктердi көздеу ұсынылсын. 5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлiгіне жүктелсiн. 6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының
Арал өңiрiнiң проблемаларын кешендi шешу жөнiндегі 2004-2006 жылдарға арналған бағдарлама ҚР Үкіметінің 2005.06.10. № 1003 Қаулысымен Бағдарламаның паспорты өзгертілді (бұр. ред. қара)
1. Бағдарламаның паспорты Атауы Арал өңiрiнiң проблемаларын кешендi шешу жөнiндегі 2004-2006 жылдарға арналған бағдарлама Әзiрлеу үшiн Қазақстан Республикасының Парламентi негіздеме Мәжілісiнiң 2002 жылғы 27 қарашадағы № 1573-II ПМ қаулысының 2-тармағы; Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2003 жылғы 22 тамыздағы № 182-ө өкімімен құрылған Бұрынғы Семей ядролық полигонының және Арал өңiрiнiң проблемаларын кешенді шешу бойынша ұсыныстар әзiрлеу жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобының 2003 жылғы 12 желтоқсандағы № 11-7/005-680 мәжілісi хаттамасының 1.3-тармағы Негiзгi әзiрлеушi Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі Мақсаты Арал өңiрiнiң проблемаларын Халықтың сапалы тыныс-тіршiлігi деңгейiне әсер ететін экологиялық, экономикалық және әлеуметтiк факторларды жақсарту жөнiндегі шаралар кешенiн iске асыру есебiнен шешу Мiндеттерi Экологиялық ахуалды оңалту; халықты сауықтыру; әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту; ауыз суға қол жеткізудi қамтамасыз ету; өңiрде экономикалық белсенділіктi арттыру үшін жағдай жасау, өндiрiстік инфрақұрылымды дамыту және суды ұтымды пайдалану; халыққа әлеуметтiк көмек көрсету Қаржыландыру Республикалық бюджеттен 31928,4 млн. теңге, көздерi оның iшiнде 2004 жылы-11120,9 млн. теңге, 2005 жылы - 13073,2 млн. теңге, 2006 жылы- 7734,3 млн. теңге көлемiнде қаражат бөлу көзделген Бағдарламаны iске Бағдарламаны iске асыру және онда көзделген асырудан күтілетін барлық шараларды қабылдау өңiрдегi нәтижелер экологиялық ахуалды жақсартуға, халықты сапалы ауыз сумен, ең алдымен ауылдық жерде тұратын халықтың денсаулық сақтау, білім беру, сумен қамтамасыз ету, көлiк және коммуникация қызметiне қол жеткізуiн қамтамасыз етуге ықпал етуi тиiс. Арал өңiрi мен елiмiздiң өзге де өңiрлерiнiң халқының өмiр сүру жағдайларының айырмашылығы қысқарады. Бағдарламаны iске асыру кезеңiнде республикалық бюджет қаражаты есебiнен 10 туберкулезге қарсы аурухана мен диспансер, 2 орталық аудандық аурухана, 2 емхана, 1 перзентхана, 19 мектеп салынады немесе құрылысы басталады, 12 магистральды және шаруашылықаралық арна, 1 су қоймасы, 1 коллектор және басқа да объектілер қайта құрылады Iске асыру мерзiмi 2004-2006 жылдар ҚР Үкіметінің 2005.06.10. № 1003 Қаулысымен 2 бөлім өзгертілді (бұр. ред. қара)
Арал өңiрiнiң проблемаларын кешендi шешу жөніндегі 2004-2006 жылдарға арналған бағдарлама (бұдан әрi - Бағдарлама) "Арал өңiріндегі экологиялық қасiрет салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтiк қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының кейбір баптарының қолданылуын тоқтата тұру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы" Қазақстан Республикасының Парламентi Мәжілісiнiң 2002 жылғы 27 қарашадағы № 1573-II ПM қаулысына сәйкес әзiрлендi. Бағдарламаны әзiрлеу кезiнде мүдделi министрлiктердiң, агенттіктердiң, ведомстволардың, Ақтөбе, Қарағанды, Қызылорда, Оңтүстiк Қазақстан облыстары әкімдіктерінің және "Бұрынғы Семей ядролық полигонының және Арал өңiрiнiң проблемаларын кешендi шешу бойынша ұсыныстар әзiрлеу жөнiндегі ведомствоаралық жұмыс тобын құру туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2003 жылғы 22 тамыздағы № 182-ө өкімімен құрылған ведомствоаралық жұмыс тобы мүшелерiнiң ұсыныстары бастапқы база болып табылды. Бағдарламаны әзiрлеу жекелеген мемлекеттік, салалық (секторалдық), өңiрлiк бағдарламалар шеңберiнде қабылданған шараларға қарамастан, өңiрдiң проблемаларын шешу жөніндегі тұтас ұстанымның жоқтығына негiзделіп отыр. Нәтижесiнде өңiрге бағытталған бюджеттік қаражат, халықаралық ұйымдардың және донор-елдердiң гранттары тиiмсiз пайдаланылуда. Экологияны, су ресурстарының жағдайын, халықтың денсаулығын зерттеу жөнiнде жүйелі жұмыс жоқ, бұрын жүргiзiлген зерттеулер негiзiнен толымсыз сипатта. Сондықтан бар проблемаларды кешендi шешудi көздейтiн бірыңғай бағдарламалық құжаттың болу қажеттiгi туындады, бұл өңiрдiң жүйелi мониторингін жүргiзуге және алынған нәтижелер негізiнде барабар басқарушылық шешiмдер қабылдауға мүмкiндiк бередi. Бағдарламаның қоршаған ортаның экологиясын, халықтың денсаулығын жақсартуды, өңiрде экономикалық белсендiлiктi арттыруға жағдай жасауды және суды ұтымды пайдалануды, халыққа әлеуметтiк көмек көрсетудi көздейтiн кешендi сипаты бар. 3. Проблеманың қазiргi жай-күйiне талдау 3.1. Жалпы сипаттамасы "Арал өңiрiндегі экологиялық қасiрет салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтiк қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 30 маусымдағы Заңына сәйкес Арал өңiрiндегі экологиялық апат аумақтарына Қызылорда облысының, Ақтөбе облысы Байғанин, Ырғыз, Мұғалжар (бұрынғы Мугоджар ауданы елдi мекендерiнiң шекаралары шегiнде), Темір, Шалқар аудандарының, Оңтүстiк Қазақстан облысы Арыс, Отырар, Созақ, Шардара аудандары мен Түркiстан қаласының, Қарағанды облысы Ұлытау ауданының (бұрынғы Жезқазған облысының Жездi ауданы елдi мекендерiнiң шекаралары шегiнде) аумақтары кiредi. Арал өңiрiнiң қазақстандық бөлігінiң экологиялық қолайсыз аумақтарын жiктеу кезiнде экологиялық апат аймағына Қызылорда облысының Арал және Қазалы аудандары, Ақтөбе облысының Шалқар ауданы енгiзiлген. Арал өңірiнiң жалпы аумағы 639,4 мың шаршы километрді құрайды. Қызылорда облысына - 226,0, оның iшiнде Арал және Қазалы аудандарына тиiсiнше 55,2 және 37,6-дан келедi. Ақтөбе облысының Шалқар ауданы 61,8 мың шаршы километрлiк аумақты қамтиды. 2003 жылы өңiрдегі халық саны 10 қалада, 19 кентте, 634 ауылда (селода) тұратын 1660 мың адамды құрады. Мұнда: су ресурстарының тапшылығы; топырақтың тұздануы; судың пестицидтермен, гербицидтермен және басқа да қауiптi заттармен ластануы; халықтың сапалы ауыз сумен қанағаттанарлықсыз қамтамасыз етiлуi; жайылым және егiстік жерлердiң тозуы (суармалы жерлердiң тұздануы); тоғайлы және сексеуiл ормандарының құруы; биологиялық әр түрлілiктiң қысқаруы сияқты ұлттық деңгейдегі барлық экологиялық проблемалар тығыз топтасып, шоғырланған. Арал теңiзiнiң құрғауы жалғасуда, өңiр халқының тiршілігi орташа республикалық деңгейден әлдеқайда төмен қалып отыр, жекелеген нозологиялық бірлiктер бойынша аурулар деңгейi жоғары болып қалуда. 1960 жылдан бастап Қазақстан мен Орта Азияда суландыруды қарқынды дамытудан Сырдария мен Амудария өзендерiнiң төменгi жағының су ағысы үнемi азайып отырды. Осының салдарынан Арал теңiзiнiң деңгейi тұрақты төмендедi, бұл өзен жағасының шөлейттенуiне, экожүйе жағдайының нашарлауына әкеп соқты. Жер асты суларының минералдануының артуы және Аралдың жалаңаштанған түбiнен эолдық тұзды шаң қалдықтарының көтерiлуi салдарынан топырақтың белсендi тұздану процесi, жер асты сулары деңгейiнiң ирригациялық жүйеден тыс төмендеуi мен көлденең су алмасудың жоқтығы аридизация мен шөлейттену процесiнiң дамуына әкеп соқты. Гидрологиялық жағдайлардың өзгеруi топырақтың барлық физикалық-химиялық сипатының айтарлықтай өзгеруiне, гумустың және оның әлеуеттi құнарлылығының едәуiр төмендеуiне себеп болды. Соңғы 30 жыл iшiнде Арал өңiрiнiң топырағында органикалық тыңайтқыштардың тапшылығы және суармалы судың иондық құрамының өзгеруi салдарынан гуминдық қышқылдардың бөлiнуiнен гумус құрамы 30-40%-ға төмендедi және дағдарыстық шекке жақындады. Қазiргi уақытта егістiк алқаптың 60%-ның құрамында гумустың үлесi 1% төмен болып отыр. Жер асты сулары режимiнiң, топырақ қабатының, Арал өңiрi климатының аридизация және континенталдықтың жоғарылауы жағына өзгеруi өсiмдiктер тозуының жоғары қарқынына негiз болды. Егер 1960 жылға дейiн гидроморфтық флора (көлдi-батпақты және қамысты) шамамен 800 мың гектарды алып жатқан болса, қазiргі уақытта 100 мың гектарға жуық. Шабындықтардың өнiмдiлiгi 2,5-3 есеге төмендедi. Жер асты сулары деңгейiнiң төмендеуi құдықтар мен ұңғымалардың қатардан шығуына әкеп соқты, бұларсыз жайылымдардың қалыпты жұмыс iстеуi мүмкiн емес. Жайылымдардың көп бөлігін өнiмділігі 60-300 кг/га гало-ксерофиттік кешендер алып жатыр, 1961 жылға дейiн бұлардың өнiмдiлiгi 1,0-1,6 т/га құраған едi. Егер бұрын жайылымдардың флора құрамында өнiмдiлігі жоғары бағалы өсiмдiктер басым болған болса, қазiргi уақытта оларды біржылдық сораң шөптер алмастырады, яғни түрлердiң саналуандылығы жоғалуының жылдам процесi жүруде, бұл құрғақшылық процестерiнiң көрсеткiшi және ауыл шаруашылығының дамуы үшiн қауiптi болып табылады. Осыншалық кең аумақта өсiмдiк қабатының тозуы қыздыру әсерiн күшейту және атмосферада көмiрқышқыл газының шоғырлануының ұлғаюы, эолды тұз-шаң қалдықтары салдарынан климаттың ғаламдық және өңiрлiк өзгеруiне әкелдi. Бұл Арал өңiрiнiң флорасы мен фаунасының биологиялық саналуандығының тұралауына әкеп соғады, адамның тiршiлiк ету ортасын бұзады. Қабылданып жатқан шаралар нәтижесiнде өңiрдiң су балансы тұрақтану үрдiсiне ие болды. Қызылорда облысына судың келу көлемi 1995 жылы - 12,6 текше километрді құраса, 2002 жылы 19,3 текше километрдi құрады. Осыған байланысты Сырдария өзенiнiң сағасына су жiберу едәуір ұлғайып, 2002 жылы 8,6 текше километрдi (1995 жылы - 5,6 текше километр) құраған. Көрсетілген жылдары өзеннен су алу көлемi облыс бойынша 5,0 текше километр шегiнде тұрақталды. Қызылорда облысы бойынша табиғи жерүстi көздерден су алу 1993 жылы 5793,5 млн. текше метрден 2002 жылы 5124,5 млн. текше метрге дейiн төмендедi. Орта Азия елдерi тәуелсiздiк алғаннан кейiн трансшекаралық өзендер ағынын, әсiресе Сырдария өзенi бассейнiнде мемлекетаралық су бөлу мәселелерi күрт шиеленiсті. Ұзақ жылдар бойы қалыптасқан электр қуаты мен энергия көздерiн республикааралық алмасу процесi бұзылды. Осыған байланысты, су электр станциясының Нарын-Сырдария каскадында қысқы маусымда электр энергиясын өндiру көлемiнiң өсуiнен Сырдария өзенiнiң табиғи режимi өзгердi. Сырдария өзенiнiң ортаңғы және төменгі ағысына қысқы маусымда көлемi жағынан көктемгі су тасқыны кезеңіндегі шығыстармен шамалас су шығыстары түсе бастады. Жыл сайын бұл Қазақстан мен Өзбекстанның аумақтарында орналасқан су қоймаларының қысқы маусымда шамадан тыс толуына және вегегациялық мерзiмде суару суларының тапшылығына әкеледi. Жағдай жыл сайын шиеленiсе түсуде. 2004 жылдың басында су шаруашылығының жағдайы Сырдария өзенiнiң бассейнiнде ерекше күрделендi. Апатты жағдайды болдырмау үшiн түскен суды Сырдария өзенiнiң төменгi жағына бұрынғыдан 2 және одан да көп есе ағызып жiберу қажеттiлігі туындап отыр. Сонымен қатар Сырдария өзенi арнасының су өткізу қабiлетi соңғы 35-40 жылда түбiнiң лайлануы мен жасанды құрылыстардың (понтондық көпiрлер, өткелдер және т.т.) салынуынан күрт төмендедi. Осы тұрғыдан өңiрде қазiрдiң өзiнде осы проблеманы шешу жөнiнде шаралар қабылдануда. Сырдария өзенiнiң ағынын реттеу және Арал теңiзiнiң солтүстiк бөлiгiн сақтап қалу жөнiндегі жоба iске асырылуда, бұл 2006 жылы аяқталады. Жоба Солтүстiк Арал теңiзiнде бөлiп тұратын бөгеттi, Сырдария өзенiнде су ағытқыш пен Ақлақ тiреуiш бөгетiн, Әйтек су көтеру бөгетiн салуды, Шардара бөгетiн қайта жөндеудi, Қызылорда және Қазалы су тораптарын қалпына келтiрудi және басқа да жұмыстарды көздейдi. Қызылорда қаласында қоршаған орта мониторингi және халықтың денсаулығын қорғау жөнiндегі орталық жұмыс iстей бастады. 3.3. Әлеуметтік-экономикалық жағдай 3.3.1. Су пайдалануды және ауыз суға қол жеткізудi қамтамасыз ету жағдайы Арал өңiрiнде халықтың 70 пайызынан астамы ауыз суды сумен жабдықтаудың орталықтандырылмаған көздерiнен пайдаланады. Қолданыстағы су құбырларының санитарлық-техникалық жағдайы су құбырлары құрылыстары мен су тарату желiлерiне жоспарлы-профилактикалық жөндеу жұмыстарының жүргiзiлмеуiнен, су құбырлары мен құрылыстарының ауыстырылмауынан нашарлауда. Арал өңiрiнiң төңiрегіндегі Ақтөбе облысының өңiрлерiнде халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мәселелерi шешiлмеген елдi мекендер саны едәуiр. Мәселен, Ақтөбе облысының Байғанин ауданында халықты орталықтандырылған сумен қамтамасыз ету 2003 жылдың басында 7,5% құрады. Соңғы 10 жыл iшiнде осы облыстың Ырғыз ауданында сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету 53,0-ден 42,7%; Мұғалжар ауданында - 83,0-ден 69,3%-ға; Темір ауданында - 86,6-дан 80,5%-ғa дейiн төмендедi. Байғанин ауданының Байғанин кентiнде, Мұғалжар ауданының Жұрұн селосында Темір ауданының Алтықарасу селосында су құбырлары жұмыс iстемейдi. Ырғыз ауданының жекелеген селоларында халық iшуге пайдалану мақсатында Торғай өзенiнiң ашық тоғандарынан алынатын суды әкелiнетiн сумен бірдей пайдаланады. Оңтүстiк Қазақстан облысының Отырар ауданы халқының 41,5%-ы әкелінетін суды пайдаланады. Қарағанды облысының ашық тоғандардағы суды пайдаланатын ауылдық елдi мекендерiнiң неғұрлым көп саны Ұлытау ауданында орналасқан. 52 елдi мекеннiң 14-i қоғамдық құдықтың, 21-i ашық тоғандардың суын, 2-i әкелiнетiн суды пайдаланады. Қызылорда облысын ауыз сумен қамтамасыз етудiң жағдайы қанағаттанғысыз, мұнда да көптеген ауылдық елдi мекендердегі халық құдықтың суын, әкелiнетiн суды, сондай-ақ ашық көздердің суын пайдаланады. Ауыз сумен жабдықтау саласында Қызылорда облысы бойынша 1992 жылдан бастап 2002 жылға дейiн республикалық бюджет есебiнен 1060,98 млн. теңге сомасына 15 жоба iске асырылғанын айта кеткен жөн. Бұдан басқа, 2001-2003 жылдар аралығында жергілiктi бюджеттен "Таза су" өңiрлiк бағдарламасы шеңберiнде ауыз сумен қамтамасыз етуге 293,3 млн. теңге бөлiндi. Арал, Жалағаш, Қазалы, Сырдария аудандарының халқын ауыз сумен қамтамасыз ету, Жиделі топтық су құбырын қайта салу сияқты iрi жобалар iске асырылды. Арал өңiрi халқының ауруға шалдығу деңгейi 1992 жылдан бастап ұлғайды және 2002 жылы орташа республикалық көрсеткiштен асып түсті. 2002 жылы Қызылорда облысында ауруға шалдығу 100 мың адамға шаққанда 71538-дi құрады, орташа республикалық мәндегі бұл көрсеткiш 57518-дi құрайды. 1992 жылмен салыстырғанда ауруға шалдығу 100 мың адамға шаққанда 1,6 есеге, Арал және Қазалы аудандары бойынша шамамен 2 есеге өсті. Ақтөбе облысының Шалқар ауданында халықтың ауруға шалдығуы 1992 жылы 100 мың адамға шаққанда 18231-ден 2002 жылы 59145-ке дейiн, яғни 3,2 есеге өсті. Республика бойынша тұтастай алғанда 1992-2002 жылдар аралығында халықтың ауруға шалдығу көрсеткiшiнiң өсу үрдiсi жоқ. Қарастырылып отырған өңiрлердегi ауруға шалдығудың өсуi азаматтардың медициналық жәрдемге жүгiнуiмен және қызмет көрсету сапасының жақсаруымен, оның шынайы өсуiмен де түсiндiрiледi. Сонымен бірге, 2002 жылдың қорытындысы бойынша Ақтөбе облысының Мұғалжар, Темір, Байғанин, Ырғыз аудандарында ауруға шалдығу 1992 жылмен салыстырғанда 100 мың адамға шаққанда 30247-ден 38338-ге дейiн ауытқып отырды, бұл орташа республикалық көрсеткiштен едәуiр төмен. Өңiр бойынша туберкулезбен ауыру жоғары, бұл көрсеткiш 2002 жылы 100 мың адамға шаққанда республика бойынша - 165-тi құраса, Қызылорда облысы бойынша - 292-нi, Ақтөбе облысы бойынша - 259-ды құрады. Туберкулезбен ауыратындардың көпшiлiгі Қызылорда қаласында байқалады 100 мың адам санына - 373, Қызылорда облысының Арал ауданында - 360, Ақтөбе облысының Ырғыз ауданында 100 мың адамға 320-дан келедi. Сонымен қатар Оңтүстiк Қазақстан облысының тиiстi аудандарындағы туберкулезбен ауратындар саны орташа республикалық көрсеткiш шегінде немесе одан төмен. Вирусты гепатит бойынша ахуал шиеленiскен жағдайда қалып отыр, бұл Арал өңiрiнiң жекелеген өңiрлеріндегі ауыз су сапасының нашарлығының куәсi. Бала туу деңгейi жоғары болғанмен, ұрпақ әкелетiн жастағы әйелдер мен балалар арасында ауруға шалдығушылықтың жоғары деңгейi сақталып отыр. Әйелдер денсаулығының индексi төмен. Экстрагениталдық патология деңгейi жоғары. Жүктi әйелдер қан аздықтан, бүйрек патологиясынан, ұрпақ әкелу органдарының қабынуынан зардап шегуде. Нәресте өлiмiнiң көрсеткiшi жоғары. Тұтастай алғанда, Арал өңiрi аудандарында соңғы жылдар iшіндегі халықтың жалпы өлiм-жiтiмi орташа республикалық көрсеткiштен төмен, 1000 адамға орташа 7-8 оқиғаны құрайды. Мәселен, 2002 жылы ел бойынша халықтың жалпы өлiм-жiтiмi 1000 адамға шаққанда 10,0, бұл көрсеткiш Қызылорда облысы бойынша 7,5 құрады, ал халықтың табиғи өсiмi 1000 адамға шаққанда - 12,9, Оңтүстiк Қазақстан облысының Түркiстан қаласында, Отырар, Шардара, Арыс, Созақ аудандарында 2002 жылы халықтың жалпы өлiм-жiтiмi 1000 адамға шаққанда 4,7-ден 6,9-ғa дейiн ауытқып отырды, Ақтөбе облысының Байғанин, Ырғыз, Темір, Шалқар аудандарында 2002 жылы халықтың жалпы өлiм-жiтiмi 1000 адамға шаққанда 7,2-7,8-дi, осы облыстың Мұғалжар ауданында - 8,9-ды құрады.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |