Қазақстан Республикасының Yкіметi мен Беларусь Республикасы Yкіметінің
Осы келісімді ратификациялау туралы Заңның жобасы ҚР Парламенті Мәжілісінің қарауына ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 6 ақпандағы № 115 қаулысымен енгізілді
Қазақстан Республикасының Yкіметі мен Белоруссия Республикасының ?кіметі, бұдан былай «Келісуші Тараптар» деп аталады, 1944 жылғы 7 желтоқсанда Чикаго қаласында жасалған және Вашингтонда қол қою үшін ашылған Халықаралық азаматтық авиация туралы Конвенцияның қатысушылары ретiнде, Келiсушi Тараптар мемлекеттерінің аумақтарының арасында, сондай-ақ тысқары жерлерде әуе қатынасын орнату мақсатында Келісім жасауға ынталана отырып, төмендегілер туралы келiстi: Анықтамалар 1. Осы Келісімде, төмендегі атаулар мынаны бiлдiредi: а) «Конвенция» атауы - 1944 жылғы 7 желтоқсанда Чикагода жасалған және Вашингтонда қол қою үшін ашылған Халықаралық азаматтық авиация туралы Конвенцияны бiлдiредi, және осы Конвенцияның 90-Бабына сай қабылданған кез келген Қосымшасын, және осы Келісімнiң Келiсушi Тараптарына осы Қосымшалар мен олардың түзетулері қолданылу дәрежесіне қарай, осы Қосымшалардың немесе Конвенцияның 90 және 94-баптарына сай қабылданған Конвенцияның кез келген түзетулерін де өзiне қосып алады; б) «авиациялық билiк орындары» атауы - Қазақстан Республикасына қатысты - Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігін, ал Белоруссия Республикасына қатысты Авиация жөнiндегі Мемлекеттік комитеттi бiлдiредi; в) «тағайындалған авиакәсіпорын» атауы - осы Келісімнiң 3-бабына сәйкес тағайындалған және рұқсат алған авиакәсіпорынды бiлдiредi; г) «аумақ», «әуе қатынасы», «халықаралық әуе қатынасы», «авиакәсіпорын» және «жүйелi әуе қатынасымен аялдама жасау» атаулары Конвенцияның 2 және 96-баптарында көрсетілген мағынаны білдiредi; д) «тариф» атауы - жолаушыларды, багаж бен жүк тасымалы үшiн белгіленетiн бағаларды және агенттiк қызметтер мен өзге де қосымша қызметтердi қоса осы бағалар қолданылатын жағдайларды білдiредi, бiрақ бұған пошта төлемi мен тасымалының жағдайлары кiрмейдi; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|