|
|
|
Каспий теңiзiнiң құқықтық мәртебесi мәселелерi жөніндегі ведомствоаралық (2005.20.10. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Үкіметінің 2006 жылғы 1 маусымдағы № 490 Қаулысымен күші жойылды
Каспий теңiзiнiң құқықтық мәртебесi мәселелерi жөніндегі жұмысты жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қосымшаға сәйкес құрамда Каспий теңiзiнiң құқықтық мәртебесi мәселелерi жөнiндегі ведомствоаралық комиссия құрылсын. 2. Қоса берiлiп отырған Каспий теңiзiнiң құқықтық мәртебесi мәселелерi жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы ереже бекітілсiн. 3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 4 маусымдағы № 620 қаулысына Қосымша ҚР Үкіметінің 2005.20.10. № 1054 Қаулысымен құрам өзгертілді (бұр.ред.қара)
Каспий теңiзiнiң құқықтық мәртебесi мәселелерi жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамы Тоқаев - Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер Қасымжомарт Кемелұлы министрi, төраға Аманжолова - Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер Зүльфия Алтайқызы министрлігі Халықаралық-құқық департаментiнiң директоры, хатшы Комиссия мүшелерi: Iзмұқамбетов - Қазақстан Республикасының Энергетика Бақтықожа Салахатдинұлы және минералдық ресурстар бiрiншi вице-министрi Поспелов - Қазақстан Республикасы Қорғаныс Николай Николаевич министрiнiң орынбасары Берқалиев - Қазақстан Республикасының Ұлттық Құсайын Иманғалиұлы қауiпсiздiк комитетi Шекара қызметi директорының бiрiншi орынбасары - Бас штаб бастығы (келісім бойынша) Жампейiсов - Қазақстан Республикасының Жер Амангелдi Cүйімбайұлы ресурстарын басқару жөніндегі агенттiгі төрағасының орынбасары Коваль - Қазақстан Республикасының Ауыл Игорь Александрович шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетi төрағасының бiрiншi орынбасары Брагин - Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны Александр Геннадьевич қорғау министрлігі Нормативтiк-құқықтық қамтамасыз ету және халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры"
Абдiлманов - Қазақстан Республикасы Қорғаныс Алмаз Кәкiмтайұлы министрлiгінiң Штабтар бастықтары комитетi Жедел жоспарлау департаментiнiң бастығы Уандықов - Қазақстан Республикасы Көлiк және Берiк Құсманұлы коммуникация министрлігі Су көлiгi департаментiнің директоры Әзiмова - Қазақстан Республикасы Әдiлет Эльвира Әбiлқасымқызы министрлігі Заңға тәуелдi кесiмдер департаментiнің директоры" Құлыбаев - "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" Тимур Асқарұлы акционерлік қоғамының бiрiншi вице-президентi Қабылдин - "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" Қайыргелдi Мақсұтұлы акционерлік қоғамы көлiктiк инфрақұрылым және сервис жобалары жөніндегі басқарушы директоры Денякин - "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" Александр Викторович акционерлік қоғамының Жаңа жобаларды дамыту департаментiнiң директоры Жошыбаев - Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер
Өтембаев - Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер Ерiк Мылтықбайұлы министрлігінiң Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшiсi, Қазақстан Республикасының Каспий теңiзiнiң құқықтық мәртебесi мәселелерi жөніндегі келiссөздердегi өкiлi, төрағаның орынбасары
Әбілғазин - Қазақстан Республикасының Көлiк және Талғат Байтемiрұлы коммуникация вице-министрi
Бекжанов - Қазақстан Республикасының Қоршаған Жамбыл Лесбекұлы ортаны қорғау вице-министрi
Хасенов - Қазақстан Республикасының Ауыл Сақташ Сатыбалдыұлы шаруашылығы вице-министрi
Ромашов - Қазақстан Республикасы Ауыл Юрий Төлегенұлы шаруашылығы министрлігінiң Балық шаруашылығы комитетi төрағасының орынбасары
Кеншiмов - Қазақстан Республикасы Ауыл Әмiрхан Қадырбекұлы шаруашылығы министрлігінiң Су ресурстары комитетi төрағасының орынбасары
Исаев - Қазақстан Республикасы Энергетика және Мұсабек минералдық ресурстар министрлігі Мұнай өнеркәсiбi департаментiнің директоры; Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 4 маусымдағы № 620 қаулысына қосымша Каспий теңiзiнiң құқықтық мәртебесiнiң мәселелерi жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы ереже 1. Жалпы ережелер 1. Каспий теңiзiнiң құқықтық мәртебесiнiң мәселелерi жөнiндегі ведомствоаралық комиссия (бұдан әрi - Комиссия) Каспий теңiзiнiң құқықтық мәртебесiнiң мәселелерi бойынша келiссөздерде Каспий теңiзiнiң құқықтық режимiн белгілеуге, Қазақстан Республикасының көзқарастарын жүйелеуге және бiрыңғай ұстанымын әзiрлеуге байланысты мәселелер жөнiндегі негізгi бағыттарды жасау үшiн Қазақстан Республикасының министрлiктерi мен ұйымдарының өкiлдерiнен қалыптастырылатын Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы консультативтiк-кеңесшi орган болып табылады. Комиссияның құрамын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтедi. 2. Комиссия өзiнiң қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінiң кесiмдерiн және өзге де нормативтiк-құқықтық кесiмдердi, сондай-ақ осы ереженi басшылыққа алады. 2. Комиссияның мақсаты мен мiндеттерi 3. Комиссияның мақсаты Каспий теңiзiнiң құқықтық мәртебесi туралы конвенция жобасын әзiрлеген кезде Каспий теңiзiнiң құқықтық мәртебесiн белгілеу жөніндегі ұсыныстар мен келісілген ұстанымды әзiрлеу болып табылады. 4. Комиссияның негiзгi мiндеттерi мыналар болып табылады: Қазақстан Республикасының экономикалық мүдделерiн, Каспий өңiрi экологиялық жүйесiнiң ахуалын негiзге ала отырып және халықаралық келісімдер шеңберiнде Қазақстан Республикасы қабылдаған халықаралық мiндеттемелердi ескере отырып, Каспий теңiзiнiң құқықтық мәртебесi туралы конвенция жобасын жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу; Каспий теңiзiнiң құқықтық режимiнiң мәселелерi жөніндегі келiссөздер процестерiнде Қазақстан Республикасының бiрыңғай ұстанымын дайындау үшiн салалық бағыттар бойынша ұсыныстар әзiрлеу. 5. Комиссия өзiнiң құзыретi шегiнде өзiне жүктелген мiндеттердi жүзеге асыру кезiнде: заңнамада белгiленген тәртiппен министрлiктер мен ұйымдардан қажеттi материалдар мен ақпарат сұратуға және алуға, сондай-ақ Комиссияға жүктелген мiндеттердi орындау үшiн тиiстi мамандарды тартуға; Қазақстан Республикасының Каспий теңiзіндегі қызметiне байланысты мәселелердi шешу жөніндегі проблемаларды талдауға және ұсыныстар әзiрлеуге ғылыми ұйымдарды, жоғары оқу орындарын тартуға; Комиссияның құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының заңнамалық және нормативтiк базасын жетiлдiру жөнiнде Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар енгiзуге құқылы. 4. Комиссияның қызметiн ұйымдастыру 6. Комиссияны төраға басқарады, төраға оның қызметiне басшылық жасайды, Комиссияның мәжілістерiнде төрағалық етедi, оның жұмысын жоспарлайды, оның шешiмдерiн iске асыруда жалпы бақылауды жүзеге асырады және Комиссия жүзеге асыратын қызмет үшiн жауапты болады. Төраға болмаған уақытта оның функциясын Комиссия төрағасының орынбасарлары атқарады. 7. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлігі Комиссияның жұмыс органы болып табылады. 8. Комиссияның хатшысы Комиссия мәжілістерiнiң күн тәртібі бойынша ұсыныстарды, қажеттi құжаттарды, материалдарды әзiрлейдi және мәжілістер өткiзiлгеннен кейiн хаттамаларды ресiмдейдi. Комиссияның хатшысы Комиссияның толық құқықты мүшесi болып табылады. 9. Комиссияның мәжілістерi қажеттілiгіне қарай өткiзiледi. 10. Комиссияның жоспардан тыс мәжілісiн Комиссияның қарауына шығарылатын, ұсынылған материалдардың негiзiнде Комиссияның төрағасы, ал ол болмаған уақытта Комиссия төрағасының орынбасарлары шақырады. 11. Комиссияның шешiмдерi ашық дауыс берумен қабылданады және егер олар үшiн мәжіліске қатысқан Комиссия мүшелерiнiң жалпы санының көпшiлiк дауысы берiлсе, қабылданды деп саналады және хаттамамен ресiмделедi. Дауыстар тең түскен жағдайда төраға дауыс берген шешiм қабылданды деп саналады. Комиссияның шешiмiне мәжіліске қатысқан Комиссия мүшелерi қол қояды және шешiмнiң ұсыныстық сипаты болады. Комиссия мүшелерiнiң ерекше пiкiр айтуға құқығы бар, ондай жағдайда пiкiр білдiру жазбаша түрде баяндалып, хаттамаға тiркелуi тиiс. 12. Мәжілістердiң күн тәртібін, сондай-ақ оларды өткізу орны мен уақытын Комиссияның төрағасы белгiлейдi және нақтылайды. Комиссия өзiнiң қызметi туралы есеп беру ақпаратын Қазақстан Республикасының Yкіметіне жарты жылда кемiнде бiр рет бередi. 13. Комиссияның қызметiн тоқтату үшiн: Комиссияға жүктелген мiндеттердiң орындалуы; Комиссияға жүктелген мiндеттердi жүзеге асыратын мемлекеттік органның немесе өзге Комиссияның құрылуы; Комиссияның мiндеттерiн орындау мүмкiн болмайтын немесе оларды орындау орынсыз болатын өзге де мән-жайлар негiз болып табылады.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |