Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетiн әлеуметтік
ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы № 1307 Қаулысымен күші жойылды
ҚР Үкіметінің 2007.30.04. № 352 өзгерістер мен толықтырулар енгізілу туралы қаулысын қара (2010 жылғы 13 тамыздан бастап енгізіледі)
"Мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 25 сәуiрдегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қоса берiлiп отырған Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетiн әлеуметтiк төлемдердiң мөлшерiн арттыру және есептеу ережесi бекітілсiн. 2. Осы қаулы 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi және жариялануға тиiс. Қазақстан Республикасының
Үкiметінің 2004 жылғы 21 шілдедегі № 780 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік әлеуметтiк сақтандыру қорынан төленетiн әлеуметтік төлемдердің мөлшерін арттыру және есептеу ережесі Осы Ереже "Мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 25 сәуірдегі Заңына (бұдан әрi - Заң) сәйкес әзiрлендi және Мемлекеттік әлеуметтiк сақтандыру қорынан төленетiн әлеуметтiк төлемдердiң мөлшерiн арттырудың және есептеудiң тәртібін айқындайды. Осы Ережеде пайдаланылатын негiзгі ұғымдар: 1) Мемлекеттік әлеуметтiк сақтандыру қоры (бұдан әрi - Қор) - әлеуметтiк аударымдарды жинауды және міндетті әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушы болған асыраушысынан айрылған жағдайда оның асырауындағы отбасы мүшелерiн қоса алғанда, оған қатысты әлеуметтiк қатер жағдайы басталған мiндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесiне қатысушыларға төлемдер төлеудi жүргізетiн заңды тұлға; 2) асыраушы - өзінiң асырауындағы отбасының еңбекке жарамсыз мүшелерiн өз табысының есебiнен ұстап отырған адам; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|