«Қазақстан Республикасында жылжымалы темір жол құрамын тіркеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің, № 1948 болып тіркелген 2002 жылғы 11 шілдедегі № 240-І бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
ҚР Көлік және коммуникация министрінің 2012 жылғы 3 сәуірдегі № 143 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 308-бабына сәйкес Бұйырамын: 1. «Қазақстан Республикасында жылжымалы темір жол құрамын тіркеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1948 болып тіркелген), Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің 2004 жылғы 20 сәуірдегі № 167-І бұйрығымен енгізілген өзгерістермен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2846 болып тіркелген) 2002 жылғы 11 шілдедегі № 240-І бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасында жылжымалы темір жол құрамын тіркеу ережесінде: 2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «2. Темір жол жылжымалы құрамын тіркеу, қайта тіркеу және кепілге қою тәртібі және шарттары»; 6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «6. Сатып алған-сатылған, сенімгерлік басқаруға немесе мүліктік жалға (жалға беру), сыйға берілген, айырбастаған жағдайларда, растайтын құжаттарды ұсынғаннан кейін, сондай-ақ тіркелген күнінен бастап үш жыл өткен соң жылжымалы темір жол құрамы тіркейтін органда қайта тіркеуге жатады. Жылжымалы темір жол құрамы шетелдік тұлғаларға сенімгерлік басқаруға немесе мүліктік жалға Қазақстан Республикасының шегінен тыс одан әрі пайдалануға берілген жағдайда қайта тіркелмейді.»; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|