|
|
|
Қазақстан Республикасы Yкіметінiң кейбір шешiмдеріне өзгерістер енгізу туралы (2011.01.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Бұрынғы редакцияларды қара Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етеді: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы ?кіметінің кейбір шешімдерiне енгізiлетiн өзгерістер бекітілсiн. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 24 тамыздағы № 891 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерістер 1. «Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншiктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 1999 жылғы 12 сәуiрдегі № 405 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат): көрсетiлген қаулыға 2-қосымшада: реттік нөмiрлерi 21-28 («Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясы» ЖАҚ) және 111-жолдарда «ЖАҚ» деген аббревиатура «AҚ» деген аббревиатурамен ауыстырылсын; реттік нөмiрi 123-29-жол мынадай редакцияда жазылсын: «123-29 «Мектеп» баспасы» ЖШС». 2. «Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттерi мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөнiндегі құқықтарды беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысына: көрсетілген қаулыға қосымшада: «Қазақстан Республикасының Ақпарат министрлiгіне» деген бөлiмде: реттiк нөмiрлерi 223, 224-16-жолдарда «ЖАҚ» деген аббревиатура «АҚ» деген аббревиатурамен ауыстырылсын; реттік нөмiрi 224-4-жол мынадай редакцияда жазылсын: «224-4 «Мектеп» баспасы» ЖШС». 3. ҚР Үкіметінің 2011.01.07. № 747 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара) 4. ҚР Үкіметінің 29.10.04 ж. № 1130 қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара) 5. «Қазақстан Республикасында телерадио хабарларын таратуды дамытудың 2004-2006 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметінің 2004 жылғы 9 сәуірдегі № 398 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2004 ж., № 16, 209-құжат): 3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «3. Осы Бағдарламаның iске асырылу барысын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Б.С.Әйтімоваға жүктелсiн.»; көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында телерадио хабарларын таратуды дамытудың 2004-2006 жылдарға арналған бағдарламасында: мәтіндегі «Хабар» агенттігі» ЖАҚ» деген сөздер «Хабар» агенттігі» АҚ» деген сөздермен ауыстырылсын; «Қазақстан Республикасында телерадио хабарларын таратуды дамытудың 2004-2006 жылдарға арналған бағдарламасын iске асыру жөнiндегі iс-шаралар жоспары» деген 8-бөлiмде: 7-бағанда, реттік нөмiрлерi 3.1. және 3.9-жолдарда «Қазақстан» РТРК» ЖАҚ» деген сөздер «Қазақстан» РТРК» AҚ» деген сөздермен ауыстырылсын.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |