Жүйелік оператордың қызмет көрсетуі, жүйелік және қосалқы қызметтер нарығын ұйымдастыру (2009.14.12. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2013 жылғы 12 қыркүйектегі № 278 бұйрығымен күші жойылды
«Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында бұйырамын: 1. Ұсынылып отырылған Жүйелік оператордың қызмет көрсетуі, жүйелік және қосалқы қызметтер нарығын ұйымдастыру және жұмыс істеу ережесі (бұдан әрі - Ереже) бекітілсін. 2. Электр энергетикасы және қатты отын департаменті (Н.Б.Бертісбаев) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде заңнамамен белгіленген тәртіппен тіркелуін қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуына бақылау жасау энергетика және минералды ресурстар вице-министрі Б.Е. Оразбаевқа жүктелсін. 4. Ереженің 5-тармағының 4) тармақшасы және 18, 19, 20, 21, 22 және 23-тармақтары 2005 жылдың 31 қаңтарына дейін қолданылатын болып белгіленсін. 5. Осы бұйрық 2006 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілетін ереженің 5-тармағының 3) тармақшасын, 24, 25, 26 және 27 тармақтарын, 32-тармақтың 4) тармақшасын қоспағанда, 2005 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі. Министрдің міндеттін атқарушы Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттік төрағасының міндеттін атқарушы _______________________ "______»_______________ 2004 ж. «Жүйелік оператордың қызмет көрсетуі, жүйелік және қосалқы қызметтер нарығын ұйымдастыру және жұмыс істеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрінің 2004 жылғы 10 қыркүйектегі № 213 бұйрығымен бекітілген Жүйелік оператордың қызмет көрсетуі, жүйелік және қосалқы қызметтер нарығын ұйымдастыру және жұмыс істеу ережесі Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|