|
Темір жол көлігіндегі қауіпсіздік ережесін бекіту туралы Көлік және
ҚР Көлік және коммуникация министрінің 2007 жылғы 10 қазандағы № 217 бұйрығымен күші жойылды
"Темір жол көлігі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабына сәйкес бұйырамын: 1. Қоса беріліп отырған Темір жол көлігіндегі қауіпсіздік ережесі бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің Көліктік бақылау комитеті (Қ.С.Мұстафин) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге ұсынылуын қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді.
қауіпсіздік ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің 2004 жылғы 3 қыркүйектегі № 333-І бұйрығымен бекітілген Темір жол көлігіндегі қауіпсіздік ережесі 1. Жалпы ережелер 1. Осы Темір жол көлігіндегі қауіпсіздіктің ережесі (одан әрі - Ереже) "Темір жол көлігі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 2-тармағы 15) тармақшасына сәйкес жасалынды. 2. Ереже темір жол көлігіндегі қауіпсіздік талаптарын анықтайды. 3. Қауіпсіздік азаматтардың өмір мен денсаулығын сақтауға, қоршаған ортаны қорғауға, темір жол көлігі ұйымдарының апатсыз жұмыс істеуіне жағдайлар туғызуға, магистралды темір жол желісін, темір жолдың жылжымалы құрамын, құрылыстарды, жабдықтарды, механизмдер мен тетіктерді ақаусыз ұстауға, сондай-ақ болуы ықтимал қозғалыс бұзушылықтарын жоюға бағытталған ұйымдастырушылық және техникалық іс-шаралар кешенімен қамтамасыз етіледі. 4. Қазақстан Республикасының темір жол көлігіндегі қауіпсіздікті бұзу мынадай түрлерге бөлінеді: 1) апат; 2) жұмыстағы ақаудың ерекше жағдайы; 3) жұмыстағы ақау жағдайы; 4) жұмыстағы қиындықтар; 5) басқа жағдайлар. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|