Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау iсiн реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспарын бекіту туралы (2011.19.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау iсiн реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» 2004 жылғы 13 қыркүйектегі № 1438 Жарлығын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау iсiн реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын iске асыру жөніндегi іс-шаралар жоспары (бұдан әрi - Iс-шаралар жоспары) бекітілсiн. 2. Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынысты және есеп беретiн мүдделi министрлiктер, ведомстволар, сондай-ақ мемлекеттік органдар (келісiм бойынша), облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдері: 1) Iс-шаралар жоспарының тиiсiнше және уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін; 2) жарты жылда бiр рет, есептi жарты жылдан кейiнгi айдың 5-күнiнен кешiктiрмей Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне Іс-шаралар жоспарының iске асыру барысы туралы талдамалы ақпаратты ұсынсын. 3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгі жарты жылда бiр рет, есептi жарты жылдан кейiнгi айдың 25-күнiнен кешiктiрмей Қазақстан Республикасының Үкіметіне Іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы жиынтық ақпаратты ұсынсын. ҚР Үкіметінің 2005.21.10. № 1061 (бұр.ред.қара); 2007.28.03. № 234 (бұр. ред. қара) қаулыларымен 4-тармақ жаңа редакцияда 4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі А.Е. Мусинге жүктелсін. 5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
от 7 000 тг в месяц
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|